Сенат
Саясат • 19 Қараша, 2021
Сенат Спикері мәслихат хатшыларымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшаларымен, сондай-ақ ;ергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және «Өңір» депутаттық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қараша, 2021
Сенаторлар Елбасы кітапханасындағы көрмені тамашалады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болып, ондағы музейде бейнелеу өнері коллекцияларының «портреттер» тақырыбы бойынша жинақталған қор көрмесінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қараша, 2021
Еліміздегі сумен жабдықтау жүйелерінің жартысы тозған
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында үш жылдық республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде Палата Спикері Мәулен Әшімбаев сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2021
Қазақстан мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2026 жылға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Қараша, 2021
Сенаторлар республикалық бюджет туралы заң жобасын қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қараша, 2021
Кәсіпорындардағы апат 30%-ға артқан
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныстар» тақырыбына арналған үкімет сағаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 11 Қараша, 2021
Сенаторлар жеке сот орындаушыларының жұмысын сынады
Сенаторлар кейбір екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған саясатқа және жеке сот орындаушыларының жұмысына наразы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қараша, 2021
Сенаторлар өңірлер өкілеттігін арттыратын заң қабылдады
Үкіметтің кейбір функциялары министрліктерге, ал олардың бірқатар өкілеттіктері әкімдіктерге беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 11 Қараша, 2021
Сенат Байқоңырдағы «Бәйтерек» жобасына байланысты заң қабылдады
Парламент Сенатының жалпы отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 09 Қараша, 2021
Сенаторлар бірнеше заң жобасын қарамақшы
Парламент Сенатының Бюро мүшелері 2021 жылғы 11 қарашаға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қараша, 2021
Мәулен Әшімбаев Рим Папасы Францискпен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында Рим Папасы Францискпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 05 Қараша, 2021
Мәулен Әшімбаев Италия Парламенті Сенатының төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Италия Республикасына барды. Сапар аясында ол Италия Парламенті Сенатының төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казелаттимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 05 Қараша, 2021
Қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері қаралды
3-4 қараша күндері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ЕҚЫҰ ПА 19-шы күзгі сессиясына онлайн түрде қатысты. Онда ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Қараша, 2021
Сенатта қылмыстық жолмен алынған кірістерге қатысты заң қабылданды
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қараша, 2021
«Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы заң жобасы талқыланды
Сенатта Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Қараша, 2021
Сенаторлар терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасын қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 4 қарашада өтетін Сенат отырысында қарауға ұсынылған күн тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Қазан, 2021
Сенаторлар заңға өзгерістер жобасын қарады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Динар Нөкетаева ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қазан, 2021
Сенаторлар техникалық реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруді ұсынды
Бүгін Сенатта экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің ұйымдастыруымен «Техникалық реттеудің және стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің заңнамалық базасын жетілдіру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды. Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков шараға төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қазан, 2021
Сенаторлар Жоғарғы Сот басшылығымен кездесті
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Жоғарғы Сот басшылығымен бірге елордадағы аудандық соттарға арналған жаңа ғимаратта болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
Министрліктер құзыреті қайта бөлінеді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
Бауыржан Қаниев: Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту керек
Сенатор Бауыржан Қаниев Үкіметтің негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шараларын сынға алып, Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамдар ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды
Сенатор Нариман Төреғалиев «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту - уақыт талабы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында және Маңғыстау облысына сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр Асқар Маминнің атына өңірдегі туризмді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 25 Қазан, 2021
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасы қаралады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың Төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 28 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Қазан, 2021
Қазақстан мен Өзбекстан Сенаттары арасында келіссөздер өтті
Ташкентте Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының Бірінші орынбасары Содик Сафоевпен кездесті. Кездесуде Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың Өзбекстанға ресми сапары аясында қабылданған «2021-2022 жылдарға арналған парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасын» іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қазан, 2021
Сенатта ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 21 Қазан, 2021
Сенатта «Республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды
Бүгін Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 21 Қазан, 2021
Алакөл жағалауындағы мобильді интернет жұмысын жақсарту қажет - Сенатор
Сенатор Сұлтан Дүйсембинов еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Алматы облысының туризм саласындағы проблемаларын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қазан, 2021
Сенаторлар қару-жарақты сақтау бойынша заңнамаға түзетулер енгізді
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде екінші оқылымда талқыланды. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қазан, 2021
Сенатта Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы заң қабылданды
Парламент Сенаты «Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау хаттамасын ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Қазан, 2021
Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізіледі
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.