Ар
Спорт • 17 Желтоқсан, 2025
Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің ережелері бекітілді
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алғашқы іріктеу жүйелерін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Архив • 17 Желтоқсан, 2025
Архив қорларында Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер жеткілікті ме?
Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда республикалық, облыстық және қалалық мемлекеттік архив өкілдері Тәуелсіздік жылдарында толықтырылған архив қорлары мен Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Желтоқсан, 2025
«AQYL» депозитіне 235 920 теңгені қалай алуға болады?
Биыл Қазақстанда мемлекеттік жинақтау жүйесі – «Келешек» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама ата-аналарға балалардың біліміне қаражат жинауға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа белгіленген бағамы 514,31 теңгені құрап, 4,5 теңгеге арзандаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Арыстықтар асарлатып мұқтаж отбасыға баспана салып берді
Тәуелсіздік күніне орай Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының жастары асарлату дәстүрімен салынған жаңа баспананы Досыбаевтар әулетіне табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Президент бір топ энергетикті мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Белуардан қар кешіп мектепке қатынаған балақай Қырғыз президентінің шыршасына шақырту алды
Әлеуметтік желіде қалың қарды кешіп, мектепке бара жатқан видеосы тараған Нұрзаман Алмазбеков Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шыршасына баратын болды. Мемлекет басшысы білімге құштар төртінші сынып оқушысының талпынысына тәнті болып, оған арнайы қолдау көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі
«2025 China Grand Final» шеңберінде «BRICS Skills Competition» халықаралық чемпионаты Қытайдың Шаоян қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда, Оңтүстік Африка елдерінен 82 команда қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Хромтау қаласының әкімі пара алғаны үшін сотталды
Хромтау аудандық сотында қаланың бұрынғы әкімі Сағындық Шабықбаев пен Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрбек Қазбектің ісі қаралды. Айыпталушылар сотта кінәсін мойындап, айыппұл ретінде жаза тағайындауды сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Желтоқсан, 2025
Түркістанда жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін нығайтуға бағытталған инновациялық ғылыми-технологиялық сессия және «Еңбек» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Желтоқсан, 2025
Роботтар мен жасанды интеллект Қазақстан энергетикасына 44 млрд теңге үнем әкелді
Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының экономиканы цифрлық трансформациялау карталарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес саланы кезең-кезеңімен цифрландыру жұмысын жүргізіп келеді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа келбетке енді
Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарын сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Депутат: Құлыбаевтар бизнес-орталықты не сүріп тастауы керек, не университет балансына беруі керек
Алматыда Тимур Құлыбаевқа тиесілі компаниялар салған бизнес-орталықтың тағдыры қайтадан күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесіндегі ғимаратты сүру мәселесі көтерілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында алты адам қар құрсауынан құтқарылды
Ақмола облысында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған алты адамға құтқарушылар көмек көрсетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл қысқы уақытта Павлодарда 24 мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындарының төртеуінде келушілерге коньки тегін беріледі. Барлық алаңдарды 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 15 Желтоқсан, 2025
Google бірден құлаққап арқылы аударып беретін жүйені іске қосты
Google Translate қызметіне Gemini-дің кеңейтілген мүмкіндіктері интеграцияланып, тіл үйрену құралдары жақсартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
V Азия Пара ойындарында еліміз неше медаль еншіледі?
Жасөспірімдер арасында V Азия Пара ойындары Дубай (БАӘ) қаласында осы айдың 10-13 күндері өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 519,61 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,63 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 15 желтоқсанға арналған ресми бағамы 522,38 теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ақкенженов: Мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артты
2025 жылғы Үкімет қызметінің қорытындыларын шығару шеңберінде Astana Hub алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 15 Желтоқсан, 2025
Ежелгі парсы қолжазбаларында қазақ хандығы туралы не айтылған?
Ұлттық музейде «Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде» атты көрме ашылды. Көрмеде алғаш рет Иранның Сыртқы істер министрлігінің архивтерінен табылған 27 ежелгі парсы қолжазбасының көшірмелері қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Қарағанды полициясы баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс бастады
Қарағандыда ата-аналардың шағымынан кейін полиция 44 жастағы логопедтің жұмысын тексеруге кірісті. Оқиғаға байланысты барлық деректер әлеуметтік желілер арқылы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
БҰҰ-ның мұқтаж жандарға берілетін гуманитарлық көмегі қысқаратын болды
БҰҰ келесі жылы әлем бойынша 135 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін 33 миллиард доллар қажет екенін мәлімдеді. Ұйым донор елдерге үндеу жасап, ең осал топтарды, атап айтқанда, соғыстан, табиғи апаттан, індеттен, ашаршылықтан зардап шеккен адамдарды қолдау үшін 23 миллиард доллар бөлуге шақырды. Қаржы тапшылығына байланысты БҰҰ қызметкерлері тірі қалу шегінде тұрған адамдарға ғана басымдық беруге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» сапында ойнайды
«Қайрат» командасының қақпашысы Александр Заруцкий Қазақстанның 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» клубымен 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстан облысында боранда ауыл тұрғыны қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсан күндері болған қолайсыз ауа райы салдарынан 63 елді мекен электр жарығынсыз қалып, бірнеше адам жоғалып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада мектеп ішінен алғашқы мамандандырылған дзюдо залы ашылды
Астанада №45 мектепте дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жобаны мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт ведомствосының мәліметіне сілтеме жасап.