м
Медицина • 16 Маусым, 2025
Медицина мамандары марапатталды
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Ұлытау облысының медицина саласының дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Үкіметте ЖІӨ-ді өсіру мәселесі талқыланды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Мемлекеттік қызметшілер citizensec.kz платформасында киберсауаттылық бойынша оқудан өтеді
Маусым айының соңына дейін ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері citizensec.kz порталында арнайы онлайн-оқудан өтіп, цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Маусым, 2025
Қазақстанда ауыр машина жасау саласының өндірістік қуатты арттырудағы рөлі
Ауыр машина жасау саласы Қазақстанның индустриялық өсуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Маусым, 2025
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады
2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2025
Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді
Алматыдағы сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол апатынан зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Өйткені, автопарктің жауапкершілігі «Евразия» сақтандыру компаниясына жүктелген, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Маусым, 2025
Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрерменге керемет классикалық музыка кешін өткізді. Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Маусым, 2025
Адамға ең жақын, ең керекті екі мамандықтың бірі мұғалім, енді бірі дәрігер деген тәмсіл бар. Елімізде маусым айының əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні аталып өтетіні мәлім. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Өйткені әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы. Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде болып, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп, қамқорлықты сезгісі келіп, дәрігерлер қауымына сеніммен барады. Осындай сенімді үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан білікті дәрігердің бірі Нұрбек Нәдіров.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Таяу Шығыстағы шиеленіс: қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл эвакуацияланды
Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Дубайдан қазақстандық туристер мінген екі рейс Алматыға қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 15 Маусым, 2025
Алматылықтардың өтінішімен мердігерлерге бақылау күшейтілетін болды
Алматы қаласның әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап, «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Маусым, 2025
Ақыл-ес ауытқушылығын анықтау мен емдеудің Ұлттық стратегиясы қабылданды
Алматыда неврология бойынша XXVI ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Қазақстан мен көршілес елдердің жетекші ғалымдары неврологиялық ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістері мен емдеудіңжаңа тәсілдерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 14 Маусым, 2025
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Маусым, 2025
Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылатын болды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қазір салынып жатқан «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 14 Маусым, 2025
Оқырман сүйікті кітаптарын таңдауды жалғастыруда: Ұлттық құрылтайдың «100 кітап» жобасы
Отандық әдебиеттің ең танымал 100 туындысын анықтауға арналған жалпыхалықтық сауалнама аяқталуына бір айдан сәл ғана астам уақыт қалды. Бүгінде дауыс беруге 16 мыңнан астам азамат қатысқан. Сауалнама eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн форматта өтіп жатыр және 23 шілдеге дейін жалғасады. Финалдық тізім Абай күні – 10 тамызда жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Маусым, 2025
Ертіс бойының диірменшілері қиын жағдайға қалып отыр
Қазір өңір бойынша небәрі 8 диірмен жұмыс істейді. Оның өзінде нысандардың жүктемесі 30 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 14 Маусым, 2025
Өнеркәсіптік даму: Жамбыл облысында заманауи шыны өндірісі іске қосылды
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында өңірдегі алғашқы шыңдалған шыны шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер қаржыландырып, сәтті іске асырды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 14 Маусым, 2025
Атом саласының болашағы – білікті маманда
Қазақстанда Атом электр стансасын салу жобасын жүзеге асыру бойынша маңызды кезең басталды. Жоба жетекшісі ретінде консорциумның таңдалуы еліміздің бұл саладағы жоспарлардан нақты іске көшкенін білдіреді. Бұл – атом энергетикасы үшін тарихи оқиға саналады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Маусым, 2025
Қысқа мерзімді оқыту жаңа жұмыс орындарын табуға көмектеседі
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның ішінде 89 адам оқуды аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Маусым, 2025
Жыл басынан бері «Даму» қоры 6 мыңнан астам орта және шағын бизнес жобасын қолдады
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2025 жылдың алғашқы бес айында жалпы сомасы 755,9 млрд теңгеге 6 114 жобаға қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Қазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді
Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет
Шаруашылығы өркендеген Шеңгелдіге арнайы атбасын бұрған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Маусым, 2025
Түркістан облысында 6 инвесторға қатысты заңсыз шешім қабылданған
Түркістан облысы прокуратурасының тарапынан биыл «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілген. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғаны анықталып, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күші жойылды. Ал 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде биылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқы қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 13 Маусым, 2025
Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана – зерттеудің, дамудың ордасы
Білім мен ғылым ордасы, жоғары оқу орнының жүрегі – кітапхана. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы – тарих тереңінен тамыр тартатын, ұлт ұстаздары қалыптастырған рухани орта. 2024 жылы бұл орталық жаңа кейіпке еніп, күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар кітапханаға еліміздің білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сералы Қаниевтің есімі берілді.
Білім • 13 Маусым, 2025
Астанада Digital Generation IT мектеп жанындағы жазғы лагердің бірінші ауысымы қорытындыланды
Астана қаласындағы №112 мектепте (A102, 37-аудитория) Digital Generation IT мектеп жанындағы жазғы лагерінің бірінші ауысымының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жазғы демалыс кезінде ақпараттық технологиялар бағыты бойынша білім алған 7-ден 15 жасқа дейінгі оқушылар өз жетістіктерін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Маусым, 2025
Астанада елдің ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін мемлекеттік және салалық марапаттармен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Маусым, 2025
Әбиба Әбужақынова алғаш рет әлем чемпионатының финалына өтті
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК мәліметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Маусым, 2025
557 кәсіпорын Экспорттық акселерация бағдарламасы арқылы сыртқы нарықтарға шықты
Экспорттық акселерация бағдарламасы 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі алғашқы бес жылда іске асырылып, шикізаттық емес сектордағы 557 қазақстандық кәсіпорынға сыртқы нарықтарға шығуға қолдау көрсетті. 2025 жылы бағдарлама ауқымын кеңейтіп, скорингтік модель арқылы іріктеуден өткен өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсетуші сектордағы тағы 120 кәсіпорынды қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Жайық өзеніндегі жаңа құтқару станциясы адам өмірін құтқарып қалды
Жыл басында Атырау қаласында Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының жаңа заманауи кешенінің құрылысы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 13 Маусым, 2025
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, деп хабарлайды Egemen.kz.