е
Заң • 29 Шілде, 2025
Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады. Әлемдегі биологиялық белсенді қоспалар нарығында көшбасшылардың бірі саналатын компания басшылығымен кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Шілде, 2025
Түркиялық компания Астанада зауыт салады
Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 29 Шілде, 2025
17-ге дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Шілде, 2025
Елімізде жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі өтеді
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар жарияланды. Қазақстан алғаш рет осы тізімнен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Президент S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Мектеп тақтасы неге жасыл түсті?
Мектеп өмірінің ажырамас бөлігі – тақта. Мұғалім мен оқушы алма-кезек пайдаланатын, білімге жол ашатын «қақпаның» неліктен жасыл түсті болатынын ойланып көрдіңіз бе, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 29 Шілде, 2025
Жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды
Елордада «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Шілденің 27-інен бері Байқоңыр ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшеде жүрген 40-қа жуық жасөспірімді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Биыл Қостанай облысында 20 мың жұмыс орны ашылады
Бүгінгі Үкімет отырысында Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі халықты жұмыспен қамту бағытында жасалған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 29 Шілде, 2025
Аймақтарды толық газдандыру жүйелі жүріп жатыр
Ел Үкіметі газ саласын дамытуға тың серпін беріп, жаңа инвестициялар тартуға ниетті. Президенттің елімізді толық газдандыру туралы тапсырмасына сай, бұл салада жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, негізгі мақсат – еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Ардагерлерге 8,5 млрд теңге жәрдемақы төленді
2025 жылы Қазақстанда 80 мыңнан астам ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Шілде, 2025
Орал қаласында интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті тұрғындарды «кепілсіз несие рәсімдеймін» деп алдап, 1,5 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Шілде, 2025
Еуропа Ресеймен соғысқа дайындала бастады
Еуропа Ресеймен болуы мүмкін соғысқа алдын ала дайындықты бастап кетті. Енді Еуроодақ ескі жолдар мен көпірлерді жаңартып, әскери техника өткізуге ыңғайлы инфрақұрылым жасауды көздеп отыр. Бұл туралы ЕО-ның көлік жөніндегі комиссары Апостолос Цицикостас Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Шілде, 2025
Аграрлық секторда 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин аграрлық секторда жұмыс орнын арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларды баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 29 Шілде, 2025
Атыраудағы өндіріске кедергі көп
Атырау облысында түрлі үлгідегі гипсокартон өндіретін зауыт электр қуаты мен логистика мәселелерінен зардап шегіп отыр. Осының салдарынан шығынға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Шілде, 2025
Елімізге 1,5 мың тонна пайдаланылған шина заңсыз әкелінген
Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына – тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) да кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Жезқазғанда жарықтандыру жұмысы жалғасып жатыр
Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жайлы орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қаладағы көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Енді аудан және қала әкімдері KPI жүйесімен бағаланады
Қазақстанда 2025 жылдан бастап аудан және қала әкімдері үшін халықты жұмыспен қамтуға бағытталған KPI жүйесі енгізіледі. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шараларын күшейту мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Шілде, 2025
Жастар арасында геология мамандығына қызығушылық артқан
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында геология мен тау-кен саласындағы мамандықтардың беделін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Шілде, 2025
Бейжіңде толассыз жауған жаңбыр 30 адамның өмірін қиды
Қайғылы оқиғалар Қытай астанасының солтүстігіндегі таулы аудандарда тіркелген. Атап айтқанда, Миюнь ауданында 28 адам, ал Яньцин ауданында 2 адам мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Шілде, 2025
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
30 тамыз күні еліміздің Ата Заңының қабылданғаны 30 жыл толады. Мемлекеттік мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтарға қосымша 1 күн демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 29 Шілде, 2025
Жұмыссыздық азайып, еңбек нарығы кеңейіп келеді
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысына сәйкес елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,6% мөлшерінде сақталып отыр. Бұл – еңбек нарығындағы тұрақтылықтың көрсеткіші. Жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 9,2 миллионға жетсе, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер 7,1 миллионды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 миллион адамды құрап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Шілде, 2025
Берлин билігі босқындарға жұмсалатын шығынды шектеді
Германия үкіметі босқындарға арналған ерекше әлеуметтік қолдауды шектеуге кірісті. Атап айтқанда, 2025 жылғы 28 шілдеден бастап Берлинде босқындардың Сирия, Ауғанстан және Ирактағы туыстарын елге шақыруға арналған жеңілдетілген бағдарлама тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 29 Шілде, 2025
Абай университеті 3500 ден астам студентке жатақханадан орын береді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылына дайындық аясында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» жұмысы 7 шілдеден басталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Шілде, 2025
Еліміздегі 245 мектеп кешенді реновациядан өтеді
Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда заманауи бірыңғай мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған кең ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Алдағы үш жыл ішінде еліміз бойынша 1231 мектеп жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Шілде, 2025
Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтып, күн салқындай бастайды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Шілде, 2025
Магистратураға тестілеу басталғалы 54 қатысушының нәтижесі жойылды
Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеп.