Ел
Оқиға • 15 Сәуір, 2021
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Түркістан облысының азаматынан заңсыз алып жүрген тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Еgemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 15 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Елордадағы көшпелі бригадалар қаланың түрлі кәсіпорындары мен ірі ұйымдарының қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2021
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтанның мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзғанын анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Өткен түнде шектеу шараларын сақтамаған тағы 4 мекеме жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 15 Сәуір, 2021
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның лицензиялық ашық біріншілігі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бағдарламалар • 15 Сәуір, 2021
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына арналған байқаудың І тоқсанның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Видео • 15 Сәуір, 2021
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Желіде фельдшерлер түсірген бейне пайда болды. Тарс еткен дауыстан кейін олардың қызметтік көлігінің бүйір әйнегінде оқтың ізіне ұқсас тесік қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік және ұлт менталитеті
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» деп ой түйеді.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Елордада «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясы өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу бойынша елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз квартал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясын өткізді. Бұл туралы Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
Елорданың кейбір мекемелерінде кальян әлі де ұсынылады
Нұр-Сұлтанның мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілерінде карантин режимін бұзуын анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне қарамастан кейбір мекемелер тиісті талаптарды жүйелі түрде бұзып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
iKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады
Бірыңғай байланыс орталығы 2021 жылдың басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кино • 14 Сәуір, 2021
«Ахмет Ясауи» телехикаясы эфирге шығады
Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокомпаниясы түсірген «Ахмет Ясауи» телехикаясы қазақстандық көрермендерге ұсынылмақ. 26 бөлімнен тұратын тарихи телехикая 19 сәуірден бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан эфирге шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Діни ақпараттық-түсіндіру тобы павлодарлықтармен кездесті
5-6 сәуірде Павлодар облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен іс-шаралар мен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл құрылысы ұзаққа созылған бірнеше үй қолданысқа берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
Елордада сегізінші веломаусым басталады
15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді қабылдауда
Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовпен бірге екі қалалық емханада болып, халықты жаппай вакциналау жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 13 Сәуір, 2021
Бір күнде 4,5 мыңнан астам елордалық вакцина салдырды
Елордада жаппай вакцинациялаудың бірінші күні 4 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДС) мәліметі бойынша бұл көрсеткіш МСАК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да ұйымдастырылған егу пункттеріндегі вакцинацияның нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2021
Алматы: Жедел жәрдем қызметіндегі тексерістің мән-жайы белгілі болды
Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметіндегі құқық қорғау органдарының тексеруіне қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысына 650 техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Елорда тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескергенде 600 мыңнан астам қала тұрғыны вакциналауға жатады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2021
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізу үшін дайындықты бастады. Бұл іс-шаралармен қаланың ашық аумақтары, су айдындары, саябақтар, скверлер, жеке сектор қамтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 12 Сәуір, 2021
Елордада карантинді бұзған 5 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Карантин талаптарының бұзылғанын анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тиісті ескертулер беріліп, айыппұл салынғанына қарамастан күн сайын кәсіпкерлік субъектілердің карантин талаптарын сақтамағаны анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 12 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада нөсер кәрізінің проблемасы жайлы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген әйелдерге арналған ипотека жобасын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов эпидемиялық жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Мұхтар Тілеуберді Жапония елшісін қабылдады
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 09 Сәуір, 2021
Елордадағы мембағдарламамен салынған үй шетінен үгіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған зәулім үй шетінен үгіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат кездесіп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Сәуір, 2021
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «ЖасНұр» кәсіпорынымен бірлесіп, Есіл өзенінің және оның салаларының жағалау аумағында қамыс шабу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады
Елорданың Урбанистика орталығы қала тұрғындарымен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша Бейсекбаев және Сейфуллин көшелеріндегі жаңа алаңдардың эскизі дайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.