м
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Қарағанды қаласында 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрілік препарат берілгені белгілі болды. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеп, сотқа жүгінуге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Астанада Орталық Азия мен Қытайдың зияткерлік меншік саласындағы ведомство басшылары бас қосты
Астанада Орталық Азия елдері мен Қытайдың зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті ведомстволары басшыларының екінші кездесуі өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Маусым, 2025
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң Қазақстанға қалай әсер етті?
2024 жылдың 16 маусымы – Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы маңызды қадам. Бұл күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 сәуірде қабылдаған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Маусым, 2025
Адвокат клиентін өлтіріп, денесін пешке жағып жіберген
Мәскеулік адвокат клиентін пәтер үшін өлтіріп, денесін зоокремацияға арналған пеште өртеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Шығыстың мергені бірінші орынды еншіледі
Орал қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының құрама командасынан 10 спортшы қатысып, әйелдер арасынан жерлесіміз Ажар Төлеуханова бірінші орынды еншіледі. Жарыста жалпы саны 260 спортшы бақтарын сынаған, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Маусым, 2025
Алматы облысында қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеуі тіркелді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Маусым, 2025
Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер келді
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
Көпжылдық әріптестік: «Орталық Азия – Қытай» ұзақ мерзімді стратегиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде мәдени-гуманитарлық бағыттағы серіктестіктің жоғары қарқынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын» құру бастамасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, өңірлік тұрақты дамудың негізі ретінде энергетика саласындағы ықпалдастықтың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2025
«Құрық» портында жүк терминалын бірігіп салуды ұсынамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда өңірлік көлік-логистика бағыттарын нығайтудың маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Ақмола облысындағы Далабай ауылы тентек суға тыйым салды. Бұл бір күннің шешімі емес, саналы түрде қабылданған салмақты қадам. Ауыл тұрғындары ішімдіктің зиянын таразылап, келешек ұрпаққа дені сау, рухы таза, тәртіпті орта қалдыруды мұрат тұтты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Маусым, 2025
Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады
«Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысында бір ауылдық округке қарасты екі ауыл алкогольден бас тартты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Қытаймен шекарада айналма жол салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренс ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаны талқылады. Кездесу барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты
Детройт қаласының 36 жастағы тұрғыны, режиссер Майкл Зервос Гиннес кітабының жаңа рекордшысы атанды. Ол өзінің сапарын 2024 жылғы 18 қаңтарда бастап, 2025 жылғы 30 мамырда аяқтаған. Сөйтіп әлемнің барлық 195 елін 499 күн ішінде (алдыңғы рекордтан 55 күнге озған) аралап шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстанның шынайы әлеуеті
Экономист Айбар Олжаев Қазақстанның соңғы 30 жылдағы экономикалық даму бағытын саралай келе, елдің шын мәнінде қандай салаларда табысқа жете алатынын және қандай бағыттардың әлі де арман күйінде қалғанын айтты. Тек соңғы жылдары ғана мемлекет өз мүмкіндігін нақты бағалап, өңдеу өнеркәсібін басты бағытқа айналдыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Маусым, 2025
Құлағы естімейтін балаларға имплант тегін орнатылады
«Кохлеарлы импланттау – екі құлағы бірдей естімейтін балалардың есту қабілетін қалпына келтіруді көздейтін жоғары технологиялық ота. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында мұндай қымбат әрі күрделі операциялар Алматыда тегін жасалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Садақ атудан ел чемпионаты мәресіне жетті
Шымкент қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының финалында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Қытайға 1500 киік береді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдады. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда 479 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қолға алынған ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 479 алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) нысанының құрылысы аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды
Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
БҚО-да жаңа мектептер бой көтеріп жатыр
Қазақстандағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында Батыс Қазақстан облысында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба шеңберінде бірнеше жаңа білім ошақтары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 17 Маусым, 2025
Елімізде электр және жылу желілері жаңғыртылады
Энергетика министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Алматы облысында агроөнеркәсіптік парк ашылады
Қытайлық «Yili Chuanning Biological Co.» компаниясы Алматы облысында жүгеріні терең өңдеу саласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Маусым, 2025
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушыға пәтер берілді
Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған алматылық Айша Сатыбалдыға өзі оқыған мектептің әкімшілігі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.