е
Күрес • 04 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны финалдық белдесуден бас тартты
Варшава (Польша) қаласында өткен халықаралық әйелдер күресі турнирінде Қазақстан спортшысы финалға дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 04 Тамыз, 2025
Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады
Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді және жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Тамыз, 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соның аясында азаматтар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын (ЖТС) мүлде төлемейтін болады. Дегенмен, бұл жеңілдікке дейін де мемлекет әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға бірқатар жеңілдік ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді
Премьер-министр Олжас Бектенов Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Тамыз, 2025
«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярланып жатыр
Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 04 Тамыз, 2025
Қазақстанда Кинопоисктың жаңа төл сериалын түсіру жұмыстары басталды
Кинопоиск жергілікті контентті дамытуды жалғастырып жатыр, жақында онлайн-платформа елде өзінің жаңа төл сериалы — Streetхана-ның түсірілімін бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Тамыз, 2025
Мүгедектікті белгілеу бойынша 61 мыңнан астам өтінім сырттай қаралған
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жыл басынан бері еліміздің барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралған. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Тамыз, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент Алматының жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үй салуға мораторий енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
Антониу Гутерриш барлық қатысушыға ықылас танытып, аталған Орталықты ашу арқылы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңір үшін жаңа кезеңнің басталғанын айтты.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент: Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты
Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие екенін айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді. Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2025
Қарағанды маңында мотоцикл мен патруль көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды
3 тамыз күні таңертең Қарағанды облысында орын алған жол апатынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Президент пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 03 Тамыз, 2025
Павлодарлық машинист 35 жылдық тәжірибесін жастарға үйретіп жүр
Теміржол – жүйткіген пойыздар мен шойын жолдар ғана емес, сонымен бірге жүздеген маманның тынымсыз еңбегімен қамтамасыз етілетін күрделі сала. Сол еңбек иелерінің бірі – Павлодар локомотив пайдалану депосының аға машинист-нұсқаушысы Талғат Құсайынов.
Мереке • 03 Тамыз, 2025
Мамандардың кәсібилігі – көлік саласының тірегі
Бүгін - теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін машинистер, жүргізушілер, инженерлер, логистер және он мыңдаған басқа да жоғары білікті мамандар еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 03 Тамыз, 2025
Абай тойы жәрмеңкемен жалғасты
Батыс пен шығыс, көшелі мен отырықшы мәдениеттерінің түйіскен тұсы төрт қақпалы киелі Түркістан шаһары дүбірлі тойға керуен әкеліп, керемет жәрмеңке ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Тамыз, 2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 02 Тамыз, 2025
Азат Перуашев: «Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты
«Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде шектеу енгізіледі
2025 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» автокөлік өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 02 Тамыз, 2025
Павлодарда есірткі қабылдап көлік жүргізген екі адам ұсталды
Павлодар қаласында патрульдік полиция қызметкерлері есірткі қабылдап алған екі жүргізушіні ұстады. Құқық қорғаушылар олардың әрекеттерін дер кезінде тоқтатып, арнайы сараптама арқылы заңбұзушылық фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрлігінің әскери колледждеріне құжат қабылдау басталды
Қорғаныс министрлігінің қарамағына кіретін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылатын бес колледжге құжат қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Экология • 02 Тамыз, 2025
Сенбілікке 30 мыңға жуық адам қатысты
Бүгін, 2 тамызда Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Тамыз, 2025
Өңірге шетелдіктердің қызығушылығы басым
Алматы облысы шетелдік БАҚ арасында тұрақты қызығушылық тудыруда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Тамыз, 2025
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Бүгін Қазақстан кинологтар одағының мүшелері Хельсинкиде өтетін WDS 2025 Дүниежүзілік ит көрмесіне еліміздің әр аймағынан іріктелген 8 тазыны алып, жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Тамыз, 2025
Ақордада көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы көлік саласының дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлермен қатар, ел кәсіпкерлерін де марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Әлемнің рухани мұрасы: Бейбітшілік және келісім сарайында екі бірегей көрме ашылды
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында 2025 жылдың 1 тамызында Бейбітшілік және келісім сарайында«Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.