дау
Президент • 14 Қараша, 2023
Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Қараша, 2023
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дәулет Әбірбекұлы Мәмеков «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясының бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қараша, 2023
Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 08 Қараша, 2023
Сәрсен Құранбек жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар вице-министрлер тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 06 Қараша, 2023
Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылып жатыр
Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Қостанай облысында төрт аудан, бір қалаға әкім сайланды
Қостанай облысында Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының, сондай-ақ Рудный қаласының әкімдері сайланды.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Әкімдерді сайлау: 42 аудан мен 3 қалаға жаңа әкім сайланды
5 қараша күні өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қараша, 2023
Әкімдер сайлауы: Сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр
Бүгін пилоттық тәртіпте облыстық маңызы бар үш қала және 42 аудан әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2023
Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі хаб құрылады
Президент Semmaris компаниясының бас директоры Стефан Лаянимен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды
Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 01 Қараша, 2023
Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?
Сарапшылар Қазақстанның 8 қаласында пәтерді жалға беру құны арзандағанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
«Ashyq syllabus» жобасы жұмыс тобының отырысы өтті
Бүгін Астанада Қазақстан қоғамдық даму институтында медиа саласы академиялық қауымдастығының қатысуымен «Ashyq syllabus» медиа саласындағы үздік білім беру бағдарламаларын талдау» жобасының отырысы өтті.
Тағайындау • 28 Қазан, 2023
Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Комиссияның шешімімен Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қазан, 2023
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 23 Қазан, 2023
Президент: Қазақстан туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті
Мемлекет басшысы ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 23 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Қазан, 2023
Бас прокурордың орынбасары мен комитет төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына, Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Қазан, 2023
Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің геология саласына еңбек сіңірген бір топ қайраткермен – ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеевпен, «Меридиан Петролеум» ЖШС директоры Балтабек Қуандықовпен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Герой Жолтаевпен және «Минералдық ресурстар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Үжкеновпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қоғамдық тыңдау өтті
Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алдағы жылғы жұмысқа экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізеді. 16 қазанда кезекті қоғамдық тыңдау өтті.
Президент • 17 Қазан, 2023
«Қазақстан темір жолы» мен СRRC арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады
Қазақстан Президенті CRRC Сorporation Limited компаниясының басқарма төрағасы әрі атқарушы директоры Cунь Юнцайды қабылдады. Кездесу барысында машина жасау және теміржол транспорты салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Ақтаудағы Caspi Bitum зауытының мұнай өңдеу қуатын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсиньді қабылдады. Әңгімелесу барысында энергетика, мұнай химиясы өнеркәсібі және басқа да маңызды салалардағы өзара серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президент: Қазақстан электронды коммерцияны дамытуға айрықша мән береді
Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэй Дзяоны қабылдады. Кездесу барысында электронды коммерция, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қазан, 2023
Боксшы Қанат Ислам Президенттен көмек сұрады
Кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Қазақ тілі ғылым мен техника тіліне айналуға тиіс - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қазан, 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Ұлан Сарқұлов пен Мақсат Жебегенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Ақорда баспасөз қызметі Мемлекет басшысының өкімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.