аз
Тағайындау • 08 Қазан, 2025
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалды
АҚШ Сенаты 51 дауыспен Джули Стаффтты Қазақстандағы елші қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Cleveland басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 08 Қазан, 2025
Палестинаны қолдау шерулері өтті
Газадағы соғыс басталғанына екі жыл өтуіне байланысты әлемнің ондаған елінде Палестинаны қолдау шерулері өтті. Германия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Түркия және Латын Америкасы мемлекеттерінде мыңдаған адам көшеге шығып, бейбітшілік пен әділдік орнауын талап етті. Қатысушылардың көпшілігі Израильдің әскери әрекеттерін айыптап, бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді
Қазақстанда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдануды реттейтін ережелерге енгізілген түзетулер жақын арада күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2025
Отандастарымыз әртістік жүзуден жұптық сайыста жүлде алды
Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін әртістік жүзуден соңғы сайыс күні, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Фурманов каналының 52 шақырымы тазартылды
Жамбыл облысындағы Фурманов айналма каналында 40 жылдан кейін механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы канал арқылы Шу өзені суы Түркістан өңіріндегі Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде каналдың 52 шақырымы тазартылған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 08 Қазан, 2025
Қазақстан - Лихтенштейн матчын қайдан көруге болады
Жұма күні, 10 қазанда Астанада 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчы өтеді, онда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Айбын • 07 Қазан, 2025
«Аға сарбаздар» институтының тиімділігі неде
ІІМ Ұлттық ұланында тәрбие жұмысын жетілдіру және қызмет өткеру жағдайын жақсарту мақсатында 5573 әскери бөлімде «аға сарбаздар» институты енгізіліп жатыр. Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасындағы тәлімгерлік жүйесін дамытуға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 07 Қазан, 2025
Қазақстанда жасалған вагондар сынақтан өтті
«Штадлер Қазақстан» зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025
Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Елімізде онлайн-казино жарнамалаған блогерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Мұндай ұсынысты Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді. Биылғы суару маусымында ел көлемінде жалпы 11,01 млрд текше метр су алынған, оның 98 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы күтіледі. Алайда «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Қазан, 2025
ЭЫДҰ зерттеулері: Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалып отыр. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Елімізде жыл соңына дейін 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қазан мен желтоқсан аралығында демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, ел бойынша аптасына бір рет жалпы саны 1619 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Павлодарда 12 кәсіпорын алтын мен күмісті заңсыз өндірген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жер қойнауын рұқсат құжаттарынсыз пайдаланып келген кәсіпорындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 06 Қазан, 2025
Белгілі әнші Майгүл Қазтұрғанова дүние салды
Саңлақ әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова 74 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның отбасы мен туысқандарына, тұтас қазақ халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қазан, 2025
Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есе арттырады
Үкіметтің басты мақсаты – 2029 жылға қарай елдегі ЖІӨ-ні екі есе арттырып, $450 млрд-қа дейін жеткізу. Ұлттық экономика министрлігі жанындағы cараптамалық кеңестің отырысында Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа проактивті саясаты қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Қазан, 2025
Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы матч өткізеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазан күні 19:00-де әлем чемпионатына іріктеу аясында кезекті ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2025
Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер басталды
Мысыр астанасы Каирде Израиль мен Хамас өкілдері Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді бастады. Кездесу Мысыр тарапының арағайындығымен өтіп жатыр. Алғашқы кезеңде тараптар израильдік тұтқындар мен палестиналықтарды босату мәселесін талқылайды деп күтіледі. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 06 Қазан, 2025
Freedom Broker және ITS Қазақстанда жеке акцияларға арналған бөлшек ETF-терді іске қосты
Қазақстан қаржы нарығында жаңа құрал – Single-Stock ETF, яғни әлемдік компаниялардың жеке акцияларына арналған бөлшек қорлар іске қосылды. Енді инвесторлар Amazon, Tesla немесе Netflix сияқты компаниялардың акцияларын толық емес, олардың үлестерін сатып ала алады. Мұндай формат инвестицияның кіру шегін төмендетіп, шағын капиталмен де әртараптандырылған портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауа райы • 06 Қазан, 2025
Бүгін елімізде қатты жел, үсік және шаңды дауыл болады
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, дүйсенбі, 6 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қазан, 2025
Робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз
Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Қазан, 2025
Павлодар облысының ең қарт ұстазы – 98 жаста
Павлодар облысының білім беру басқармасы облыстың ең қарт ардагер ұстазын құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 05 Қазан, 2025
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды
5 қазан күні Алматыда ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қазан, 2025
Екі мың оқушы ел ұстаздарына арнап ән шырқады
Алматыда Ұстаздар күні қарсаңында екі мыңнан астам оқушы қатысқан ауқымды флешмоб өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Қазан, 2025
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады?
5–7 қазан аралығында еліміздің үш мегаполисінде ауа райы әртүрлі сипатта өтеді: Астана мен Алматыда түнде үсік жүрсе, Шымкент тұрғындарын жылы әрі жайлы күндер күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мәдениет • 04 Қазан, 2025
«Қазақфильм» өндірістік нысандарының мемлекет меншігінде қалатынын ресми мәлімдеді
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өзінің барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қазан, 2025
Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты
1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжанға барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.