ЕС
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Маусым, 2020
ИИДМ-да селекторлық кеңес өтті
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңір әкімдіктеінің өкілдерімен селекторлық режимде кеңес өткізді. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ресей Балқаштағы РЛС-ті қолданудан бас тартты
Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Балқаш радиоларын ракеталық шабуылдың ескерту жүйесіндегі қолдану туралы келісімін денонсациялау туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Температурасы бар түлектер тестке жіберілмейді
Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қатаң ұстану арқылы өткізілуде. Осылайша, күні кеше жоғары температурамен анықталған 2 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Оларға басқа күндері немесе бөлек аудиторияда жалғыз тапсыру ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, - деп жазады Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?
Кеше 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Олардың қаншасы ҰБТ-ға келмей қалды? Кей талапкерлер ҰБТ-дан неге шеттетілді? Толығырақ видеода.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Алматыда індетке тест тапсыратын зертханалардың жұмысы күшейтілді
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде Комиссия құрылды. Әкімдік жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 таралуына жол бермеу үшін қосымша шараларды қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Ресей күзде вакцина шығармақшы
СOVID -19 вирусына қарсы вакцинаның биылғы күзде шығарылу мүмкіндігі турасында Н. Гамалея атындағы Ресей Эпидемиология және микробиология Ғылыми-зерттеу институтының директоры А. Гинцбург хабарлаған, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Оралда дәрігерлерге арналған көше концерті өтті
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Метхат Қамбетов бастаған бір топ өнерпаздар Орал қаласындағы теміржолшылар ауруханасы алдында медициналық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 19 Маусым, 2020
ЮНЕСКО Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғыртуға ниетін білдірді
Түркістанның ең құнды жауһары - Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Қала әкімі Рашид Абатұлы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн бейнебайналыста ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен тілдесті, деп жазады Egemen.kz
Видео • 19 Маусым, 2020
Биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында 130 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында алты есірткі алқабы анықталды
Түркістан облысының полицейлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алты есірткі алқабы анықтады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Спорт • 19 Маусым, 2020
Роналдо футбол тарихындағы ең үздік ойыншыларды атады
Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо спорт тарихындағы ең үздік төрт ойыншының есімін атады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Теңіз кенішінде жұмысшылар ауысып жатыр
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде жұмысшылардың вахталық ауысуы басталды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Жол-пайдалану учаскесінің ұжымы дабыл қағуда. Мекеме басшылары жүзге тарта қызметкерді жұмыстан шығаруға мәжбүр екенін мәлімдеп отыр. Кәсіпорын 40 жыл бойы облыс орталығындағы көше тазалығын қамтамасыз етіп келді. Биылғы тендерді елордалық компания жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 19 Маусым, 2020
1406 байланыс орталығына хабарласушылар саны 2 есе артты
1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты. Байланыс орталығына түсетін қоңыраулардың көпшілігі коронавирус бойынша ауруханаға орналастыру мәселелеріне қатысты. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 19 Маусым, 2020
Ескекке есуден іріктеу турнирі Барнаулда өтеді
Халықаралық байдарка мен каноэ есу федерациясының ресми сайтында Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі қашан өтетіні жөнінде ақпарат жарияланды, деп жазады Egemen.kz
Білім • 18 Маусым, 2020
Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деп адамға қарап ұстазын таныған. Осыған орай, ұстаздар мәртебесін көтеру мақсатында, "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы, саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі – ұстаз екенін дәлелдейтін заң болды.
Үкімет • 18 Маусым, 2020
Мемлекеттік комиссия бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бизнесті қолдау мәселелері және жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру тәсілдері қаралды, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Маусым, 2020
Қазақстан миллионнан астам ПТР тесттерін сатып алады
Алдағы 10 күн ішінде 1 млн-нан астам ПТР тесттері сатып алынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 18 Маусым, 2020
Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен бейнеконференция арқылы тілдесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режіміндегі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 18 Маусым, 2020
Олимп тест алуды уақытша тоқтатады
Бұл туралы Олимп мекемесінің Facebook парақшасында жарияланды.
Президент • 18 Маусым, 2020
Президент Жақып Асановтың сот жүйесінің реформалануы туралы есебін тыңдады
Мемлекет басшысына сот жүйесінің қайта құрылуы жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
СҚО-да марихуана тасымалдап жүрген жүргізуші ұсталды
Соңғы уақытта алкоголь мен есірткіні бойларына алатын жүргізушілер жол үстінде артып келеді. Бұл өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Олар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Осындай жәйттердің бірі “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тәртіп сақшылары Петропавл қаласынан шығып келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде орын алды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Жамбыл облысына 5 айда 79 млрд теңгенің инвестициясы тартылды
2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 79 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар өткен жылдың деңгейінен 33% асып, 19 млрд теңгеге жетті, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Әлем • 18 Маусым, 2020
Ресейде вакцина клиникалық тәжірибеден өтуде
Ресейде COVID-19 вирусынына қарсы екі вакцина клиникалық тәжірибеден өткізіле бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Павлодарда "Бастау бизнес" жобасының 1350 қатысушысы онлайн оқиды
Еліміздегі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының мәліметінше, "Бастау бизнес" жобасы 10 маусым-30-шы қыркүйек аралығында өтеді. Ал жобаға қатысушы адамдарды тегін оқыту биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн түрде өткізіледі, - деп хабарлады Egemen.kz.