е
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Маңғыстауда жаңа газ өңдеу зауыты бой көтеріп жатыр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев Жаңаөзен қаласына барып, салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты. Аталған жоғары технологиялық жоба – партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
СҚО соты медбикені екі баланың өліміне кінәлі деп тапты
Солтүстік Қазақстандағы сотта апелляциялық шағым қаралды. Екі баланың өліміне байланысты іс бойынша медбике Айдана Бейсембаева кінәлі деп танылып, 2 жыл колония-поселениеде жазасын өтеу туралы үкім күшінде қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті
Шымкентте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 15 Тамыз, 2025
10 тамыз күні елімізде Абай есімді 33 сәби өмірге келді
Елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ерекше акция жарияланды. Assyltas қоры 10 тамыз – Абай күні дүниеге келген және есімі Абай болып қойылған әрбір ұл балаға 180 мың теңге көлемінде сыйақы береді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Ұлыбритания Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды қатаңдатуға дайын
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хилидің айтуынша, Украина өзінің болашағын айқындайтын келіссөздерге тікелей қатысуы қажет. BBC Radio 4 арнасына берген сұхбатында ол, Трамп пен Путин арасындағы жоспарланған келіссөздерден бөлек, Киев өз тағдырына қатысты шешім қабылдауда негізгі тарап болуы тиіс екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 15 Тамыз, 2025
Қыркүйек пен қазанда қандай қосымша демалыс бар?
2025 жылдың күзі отандастарымыз үшін қос мерекелік демалыспен есте қалмақ, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Мұғалім жаңа технологияларды да қолдана білуі керек - Президент
Тамыз конференциясындағы сөйлеген сөзінде Президент мұғалімнің өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Президент жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазаламауға шақырды
Бүгін Президент Тамыз конференциясының пленарлық отырысында осы мәселені көтеріп, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс – Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Тамыз конференциясының пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 15 Тамыз, 2025
Тоқаев білім беру процесіне цифрлық технологияларды жедел енгізуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға арналған Тамыз конференциясында білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны жылдамдату – жаһандық технологиялық дәуірге бейімделудің басты шарты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: мұғалімдердің қатерлі құбылыстармен күрестегі орны бөлек
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде балалардың көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін, осы тұрғыда педагогтерге артылатын жүк қандай екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
«Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы ұстаз мамандығын таңдаған
Бұл туралы бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Жас ұрпаққа еңбексіз игілік болмайтынын түсіндіру керек - Мемлекет басшысы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық ұстаздар конференциясында білім мен тәрбие мәселелеріне тоқталып, жас ұрпақты жан-жақты қалыптастыруда отбасы, мектеп және мемлекет арасындағы үйлесімнің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Білім саласында қателікке жол беруге болмайды - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық Тамыз конференциясына қатысты. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналған жиында озық тәжірибені меңгеріп, ел болмысына бейімдеудің маңыздылығын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
«Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады - Тоқаев
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шыққанын, билікте де «отбасылық жүйе» жоқ екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өсті - Президент
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы ұстаздардың Тамыз конференциясына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық Тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 15 Тамыз, 2025
Жастар кадр резервінің үшінші кезеңіне 683 кандидат өтті
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында іріктеудің «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» атты үшінші кезеңіне жолдама алған үміткерлердің тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Тамыз, 2025
Астанада жасырын бес қоймадан 490 мыңнан астам вейп тәркіленді
Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордада электронды темекі (вейп), ароматизаторлар мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Тауар Telegram мессенджері және курьерлік жеткізу арқылы еліміздің барлық өңіріне таратылып келген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 34 астық қабылдау орны дайындалды
Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ерте пісетін бидай, арпа, сұлы, жем-шөпті жинау басталған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Тамыз, 2025
Қарулы күштерде кадрлық өзгерістер орын алды
Мемлекет басшысының өкімімен екі кадрлық өзгеріс болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін
2025 жылдың қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 14 Тамыз, 2025
Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген
Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Тамыз, 2025
Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті
Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Бүгін, 14 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.
Келешек мектептері • 14 Тамыз, 2025
БҚО әкімі «Келешек мектептер» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
12 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы аккумулятор зауытында болды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жетісу облысы, Талдықорған қаласына іссапармен келді. Сапар барысында Азат Тұрлыбекұлы жақында ашылған өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын заманауи «ASMA Industrial» зауытының өндіріс барысымен танысты. Зауыттың жұмыс барысымен, зауыттың Бас директоры Серікбай Ажмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Қапшағай жағалау аймағын дамыту жайымен танысты
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай Қапшағайдағы № 6 жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті, деп жазады Egemen.kz.