ЕНТ
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Шымкентте інжу той иелеріне жаңа неке куәлігі берілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 30 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылардың некесі салтанатты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Президент Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдап, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Шымкенттегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапты
Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласындағы бірнеше білім беру мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты. Сапар барысында министр мектептердің қауіпсіздігі, педагогтермен қамтылуы, оқушыларды тамақтандыру жүйесі және заманауи инфрақұрылымның дамуы сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Конго Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық • 23 Тамыз, 2025
Өзгеге өмір сыйлаған еріктілер
Шымкент қаласында ел Конституциясының 30 жылдығына орай «30 мерейлі күн» акциясы жүріп жатыр. Осы акцияның аясында «Өзгеге өмір сыйла» бастамасымен еріктілер қалалық қан орталығында қан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Тамыз, 2025
Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жаңа саябақ «Тұран-2» шағынауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2,7 гектарды құрайтын саябақ демеушілер есебінен салынған. Паркте жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, субұрқақ, балалар мен спорт алаңшалары және автотұрақ қарастырылған. Сонымен қатар 1,8 гектар аумақты қамтитын көгал төселіп, түрлі қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Тоқаев Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді
Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президент «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Соңғы 5 жылда жүк тасымалы 6 есеге артты
Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТМТМ) дамыту арқылы Еуразиялық логистикада жетекші орынға ие болуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен бірлесе отырып ТМТМ әлеуетін толық пайдалану бойынша күш-жігерді біріктіруді тапсырған еді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты «Авангард» зауытының жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Шымкент қаласында «Авангард» шыны зауытында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Президент Жолдауы: 1,3 ГВт жаңа электр қуаты іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын орындау аясында Үкімет отын-энергетика кешенін жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Үкімет дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін төмендету шараларын қабылдап жатыр
Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Шымкенттегі арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қайтыс болды – адвокат
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы Жомарт Мурашимов тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы оның адвокаты Талғат Есімов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің жетекшілерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен және Азия паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашедпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады
Мемлекет басшысына қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент Халықаралық жастар фестивалі қатысушыларына құттықтау жолдады
Бүгін Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.