оқ
Президент • 05 Маусым, 2025
Президент ҰҚК басшылық құрамымен жиын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Жыл басталғалы бері Солтүстік Қазақстан облысында 184 жол-көлік оқиғасы болған. 7 адам қаза тапқан. 256 адам жарақат алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Маусым, 2025
Қызылордада мектеп оқушысы өзіне қол жұмсаған
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының өліміне қатысты түрлі ақпараттар таралып жатыр. Бұл жайтқа байланысты Қызылорда қаласының білім бөлімі ресми түсініктеме беріп, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2025
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім - 100 новых лиц» айдары аясында маңғыстаулық талантты оқушыны көпшілікке таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2025
Алматы облысының оқушысы 320 млн теңге грант жеңіп алды
Алматы облысындағы №39 гимназияның 11-сынып оқушысы Сақийдулла Алмат АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды. Жалпы сомасы – шамамен 320 миллион теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2025
Болгария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыдағы мейрамханада ер адам баланы ұрып-соққан
Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде ересек адамның баланы соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Зәбір көрген баланың анасының адвокаты Жанна Уразбахованың айтуынша, бала ауыр психологиялық соққы алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 04 Маусым, 2025
Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды
Аталған облыстың Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірнеше халықаралық білім грантына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Балабақшаға қабылдау ережелері жарияланды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына балаларды қабылдау тәртібін жариялады. Балабақшаларға топтарды қабылдау жас ерекшеліктеріне қарай 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Маусым, 2025
Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды
Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
ҰБТ: Сынақтан сескенбеу үшін сенім керек
Жыл сайын мыңдаған мектеп бітіруші түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады. Болашағына уайымдайды, жақсылық күтеді, сын сағатта қобалжиды. Бұл - оқушыға ата-ана тарапынан, қоғам мен мұғалімнен де нағыз қолдау керек сәттің бірі.
Әскер • 02 Маусым, 2025
2000-нан астам сарбаз мемлекеттік грант алды
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімін абыроймен өткерген сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары салтанатты жағдайда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz .
Білім • 02 Маусым, 2025
Педагогтарға арналған цифрлық платформа іске қосылды
Елімізде білім беру саласындағы цифрландыру мен кадрлық іріктеуді жетілдіру бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Маусым, 2025
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев биылғы оқу жылын табысты аяқтаған дарынды оқушылармен кездесті. Іс-шара үздік нәтижеге қол жеткізген оқушыларды марапаттап, олардың білім мен шығармашылықтағы жетістіктерін атап өту мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысты
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келгені және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесуге бастамашы болғаны үшін Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жиынға екі ел делегациялары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Италия Министрлер кеңесінің төрағасына Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони AIF форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жаса.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Президент Францияның сыртқы сауда делегат-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Президент Астана халықаралық форумында сөз сөйледі
Бүгін елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумның Пленарлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне құрылымдық реформа қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде қазіргі әлемдік ахуалға баға беріп, жаһандық қауіптер мен халықаралық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Экономикамыз былтыр 5,1 пайызға өсті- Тоқаев
Бүгін елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Жастарды соғысуға емес, өркениетті қоғам құруға үндеуіміз қажет - Президент
Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемдегі геосаяси ахуал мен жаһандық сын-қатерлерге тереңірек тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 28 Мамыр, 2025
ЖСДП моноқалалардың мәселесін көтерді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке ресми сауал жолдап, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жүйелі және нақты шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді,деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2025
Рудныйда «Оралхан оқулары» байқауы өтті
«QC Holding» құрылыс компаниясының мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға баулитын «QC Read» жобасы аясында Рудный қаласында «Оралхан оқулары» байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Мамыр, 2025
Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин оқушымен, оның ата-анасымен және педагогикалық ұжыммен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2025
Ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккен үш жұмысшы да қаза тапты
«Азия Агро Фуд» зауыты басшылығы жұмысшылардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.