абай
Тағайындау • 07 Қазан, 2022
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Абай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Қазан, 2022
Абай облысы архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы лауазымына Айдар Ибраев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Қазан, 2022
Абай облысы бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысы бақылау басқармасының басшысы лауазымына Азамат Байқазақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Қазан, 2022
Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы тағайындалды
Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына Ержан Әбілқасымов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Қазан, 2022
«Абай жолы» романы әзербайжан тілінде жарық көрді
Халықаралық Түркі академиясы Алматы қаласында өтіп жатқан Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Абай жолы» роман эпопеясының әзербайжан тіліндегі жаңа басылымын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесті
Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше әрі төл шежіремізде айрықша орны бар өлке екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Тоқаев Абай облысының аумағында геологиялық зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Абай облысындағы жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Президент бизнес өкілдерін Абай облысын бірге көркейтуге шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Абай облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Абай облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керек - Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Ядролық сынақтардан зардап шеккендерді оңалтуға баса мән беріледі - Президент
Мемлекет басшысы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселесіне баса мән берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Қыркүйек, 2022
Абай облысындағы ЖОО-ларға қосымша 500 грант бөлінеді
Мемлекет басшысы Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Биыл Абай облысына 197 миллиард теңге инвестиция тартылды
Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Президент Абай облысында қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды
Мемлекет басшысы халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Абай облысында 62 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуі барысында өңірдегі білім беру сапасына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Жаңа облыс тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді - Президент
Президент жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Тоқаев: Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2022
Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2022
Елорда жәрмеңкесінде ШҚО мен Абай облысының өнімдері ұсынылады
Қазанның 1 және 2 күндері елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы елорда тұрғындары Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының тауарларын сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2022
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Марат Сандыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2022
Абай өңірінде көне қала табылды
Абай өңірінде көне қала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2022
Бурабайдағы таудың биіктігінде өрт тұтанды
Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
«Бурабай» Ұлттық паркінде 18 өрт сөндірілді
Жыл басынан бері «Бурабай» Ұлттық паркінің қызметкерлері Smart-Burabay цифрлы жүйесін қолданып, 18 өрттің орманға жайылуына жол бермей, дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2022
Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдар Садырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 15 Қыркүйек, 2022
Абай облыстық сотының төрағасы тағайындалды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов 13 қыркүйек күнгі ҚР Президентінің қаулысы бойынша тағайындалған Абай облысы сотының жаңа төрағасы - Қайрат Чақпантаевты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 15 Қыркүйек, 2022
«Бурабайдағы» құстардың популяциясын зерттеу басталды
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне неміс орнитологы Янош Теофан Жером Бекер (Janosch Théophane Jérôme Becker) келді. Ғалым осы өңірді мекендейтін құстардың санын анықтап, қанаттыларға қатысты зерттеу деректерін жаңартпақ, деп хабарлайды Egemen.kz Президент Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022
Рим Папасы Абай философиясы жайында пікір білдірді
Рим Папасы Франциск елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қазақтың ғұламасы Абайдың діндарлыққа толы туындылары жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2022
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Рамиль Досмағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.