ЕС
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.С. Есімов БАӘ-нің Mubadala Investment Company егеменді әл-ауқат қорының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастық пен ҚР экономикасының түрлі секторларына бірлесіп инвестициялау перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлес қосып келе жатқанын және кеңесте қабылданған шешімдер еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларға тың серпін бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Ақпан, 2021
Есеп комитеті жұртшылықпен өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті
Бүгін тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашу бойынша екі жақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Ақпан, 2021
Инвесторлар Қазақстанның ұлттық парктерінде экотуризмді дамытуға ниетті
Келесі аптада әлеуетті инвесторлардан жекелеген ұлттық парктер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат алуға және оларда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер салуға арналған тендерлерге қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2021
Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Ақпан, 2021
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Елімізде бизнес бастауға ынталандыратын көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар бар екені белгілі. Адамдар осы жайлы естіп, айтып жүргенімен, шынайы іске келгенде күмәнданып та жатады. Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, мемлекет грантын алып, жеке кәсіп бастауға мүмкіндік мол.
Президент • 25 Ақпан, 2021
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 25 Ақпан, 2021
Арыста ресми іс-шара кезінде жаппай төбелес болды
Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жайтын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 25 Ақпан, 2021
Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді
Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Nur Otan азаматтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер өткізуде
«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінде «Сервистік әкімдіктің» ашылуы өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, аудан басшысы Мамырғали Аққағазов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Бауыржан Балғабеков пен «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Алдағы үш жылда Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін табады
Шымкентте 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 13 шағын ауданда мектеп жоқ. Халық санының өсіміне орай мектеп оқушыларының саны былтыр бір жылда 20 889 балаға көбейген.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Карантин кезінде 500 мыңға жуық шымкенттік мемлекеттен көмек алған
Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесуінде айтып өтті. 2020 жыл бүкіл әлемді жайлаған індетпен күрес жағдайында өрбігенін айтқан қала басшысы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин кезінде Шымкенттегі 483 482 тұрғынға мемлекет тарапынан көмек көрсетілгенін мәлім етті.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Шымкент әкімінің есепті кездесуі тікелей эфирде өтуде
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің онлайн форматта халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Онда әкім өткен жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, осы жылға белгіленген жоспарларды баяндайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған кеңес өтті
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнеконференциялық байланыс арқылы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
SCAT Ресейге қатынайтын рейстердің біршамасын тоқтатты
2021 жылдың 21 және 24 ақпанынан бастап «Ақтау – Мәскеу» және «Шымкент – Мәскеу» бағыттары бойынша SCAT әуетасымалдаушысы орындайтын рейстер уақытша тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 23 Ақпан, 2021
Президент қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Ақтөбеде ірі көлемде есірткі тасымалдаған қырғызстандық ұсталды
Ақтөбеде полиция қызметкерлері 22 келі есірткі тасымалдаған қырғызстандықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Ақпан, 2021
Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, несиеңізді қалай өтеуге болады?
Несиелеу - алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізу үшін сенімді қаржы құралы. Алайда, несие ауыр жағдайларға, қиындыққа алып келетін кездер де бар. Мәселен, отбасындағы қайғылы оқиғалар, жұмыстан шығып қалу, экономикалық ахуалдың өзгеруі және өзімізге тәуелді емес, бірақ болуы мүмкін басқа да көптеген факторлар.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Бизнес пен инвестицияларды қорғау – басты басымдықтарының бірі
Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – елдің күн тәртібіндегі басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Жітіқара тұрғынының ішкиімінен 17 орам есірткі табылды
Жітіқара қаласының тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысып келген 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді ұстады.
Руханият • 21 Ақпан, 2021
Со жылы Арқарлының асуына қарақұс қаптап кеткен... Кенжеғазының он екі-он үшке келіп қалған кезі ғой, асудың күнгейі мен теріскейінде қызыл қуып, ақ қашқан, ақ қуып қызыл қашқан ана бір қиямет қайымда да осылай қаптаған, қарақұс.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Боранда адасып кеткен екі жасөспірім табылды
СҚО-да полицейлер қатты боранда адасып кеткен кәмелетке толмаған екі баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әдебиет • 19 Ақпан, 2021
Сапар Байжановтың «Архив-Айғақ» кітабының тұсаукесері өтті
Бүгін «Egemen Qazaqstan» редакциясында жазушы, ғалым, көсемсөз шебері Сапар Байжановтың «Архив-Айғақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Елімізде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр
Елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 18 Ақпан, 2021
Түркі кеңесінің Бас хатшысы Ташкенттегі халықаралық конференцияға қатысты
Бүгін Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев Ташкентте «Радикализм, экстремизм және терроризммен күрестегі жастардың рөлі» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Қостанай облысында есірткі сатқан екі адам ұсталды
Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында есірткі сатты деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Екеуі де 1996 жылы туған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 18 Ақпан, 2021
Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар тізімі жаңарды
Ғылыми кеңесте тағы да он екі тұлғаның Қ.А.Ясауи жанында жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданған. Бұл туралы Түркістанда өткен "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 18 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Қазақстандықтар дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар енгізе алады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.