ыс
Спорт • 10 Қазан, 2023
Әмір Омарханов Оңтүстік Кореяда жарыс жеңімпазы атанды
Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетіп, жарыста Қазақстан теннисшісі жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2023
Ақмола облысындағы студент өлімі: Президент мәселені бақылауға алды
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қазан, 2023
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері ауылда сиыр сауып, асау үйретеді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді. Финалда қырғыз балуаны Айпері Медетқызына есе жіберді. Жәмиланың әкесі, білікті бапкер Науқаннұр Бақбергенұлымен тілдесіп, балуан қызының белдесуіне қатысты пікірін білдік.
Тағайындау • 09 Қазан, 2023
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына Дәурен Қазантаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қазан, 2023
Президент Ішкі істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Министр елімізде кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 09 Қазан, 2023
Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі аяқталды
Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңі аяқталды. Ал, екінші іріктеу кезеңі 20 қазанда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 09 Қазан, 2023
Қарағанды облысында отбасыға көмек көрсету орталығы ашылды
Қарағанды облысында пилоттық тәртіпте республикада алғаш рет отбасыға көмек көрсету орталығы ашылды. Жаңа полиция бөлімшесі өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырылды. Бір ерекшілігі – бөлім қызметкерлерінің барлығы әйел адамдар, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қазан, 2023
Қостанай облысына қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсетілді
Осы жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қостанай облысына 961 адам қоныс аударған, оның ішінде еңбек күші артық өңірлерден 680 қоныс аударушы және 281 қандас көшіп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қазан, 2023
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Палестина Израильге зымыран атты
Палестиналық Хамас содырлары Йом-кипур соғысы басталғаннан кейін 50 жыл өткен соң еврей мемлекетінің қорғанысын алып, Израильге шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2023
Өскеменде жаңа көтерме тарату және гематологиялық орталықтар салынады
Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған Премьер-министр Әлихан Смайылов Өскемендегі «Алтай» көтерме-тарату орталығының және Гематология орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2023
Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қазан, 2023
Ұлытаулық ақсақал Түркияға жаяу жетті
Қазақстан саяхатшысы жаяу Түркияға жетті. Бұл туралы оның Ulytaumen инстаграм парақшасынан мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қазан, 2023
Қайсар Алпысбай Азиаданың финалына шықты
Ханжчоудағы (Қытай) XIX Азия ойындарында Қазақстан каратэшісі финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Қазан, 2023
Ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелері талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қазан, 2023
Алдағы екі жылда Қазақстанда 100-ге жуық мектеп салынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында мектептердегі орын тапшылығын жою өте маңызды міндет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қазан, 2023
Азиада-2023: Бүгін Карина Ибрагимова «алтынға» таласады
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Азия ойындарында бүгін Қазақстан құрамасының боксшысы финалға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2023
Финал: Қоңқабаев - Жалолов жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Қазан, 2023
Азиада–2023: Бүгін Қазақстан спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Ханчжоудағы (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарында 4 қазан күні 33 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қазан, 2023
Кеңес Рақышев: Бокстың соры – төрешілер
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшылар жартылай финалдық айқасын аяқтады. Өкінішке қарай, олимпиадалық 7 салмақта сынға түскен саңлақтардың арасынан тек Қамшыбек Қоңқабаев қана финалға жетті. Оның еншісінде келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бар.
Қоғам • 03 Қазан, 2023
Қызылордада ірі мөлшерде есірткімен ұсталғандар сотталды
Жергілікті полицейлер бұл екі азаматты былтыр 9 қап марихуанамен ұстаған болатын. Самара – Шымкент тасжолының Қармақшы ауданындағы Елшібай бекеті тұсында күндізгі жарық шамдарын жақпаған Toyota Camry 40 автокөлігін тоқтатып тексереді. Тексеру кезінде көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм мөлшерінде есірткі тапқан еді.
Тағайындау • 03 Қазан, 2023
Павлодар облысының прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың биылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қазан, 2023
Оралда балалар өнер мектебінде газ баллон жарылды
Оралда балалар өнер мектебінің шатырында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Қазан, 2023
Нұрлыбек Жеңісбекұлы Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болды
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұрлыбек Жеңісбекұлы тағайындалды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов аппарат ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 02 Қазан, 2023
Тоқтар Әубәкіров: Мені ғарышқа ұшырған – ұлттық намыс
Бүгін, 2 қазан – Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні. Қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылғы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан еді. «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу барысында Тоқтар Оңғарбайұлы 32 жыл бұрынғы тарихи оқиға туралы айтып берді.
Спорт • 02 Қазан, 2023
Азиада-2023: Бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады?
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы спортшылары қандай жарыстарға қатысатыны туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2023
Милад Карими «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды
Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спорттық гимнастикадан Қазақстан спортшысы Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қазан, 2023
Екібастұзда жылу беру маусымы басталды
Екібастұзда жылу беру маусымын бастау үшін облыс әкімі жылуды іске қосу процесін өзі барып қадағалауға алған, деп хабарлайды Egemen.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Форум • 01 Қазан, 2023
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары елордада бас қосады
Қазір Астанада Съездің ХХІ хатшылығына дайындық жүріп жатыр. 11 қазанда Қазақстанның бас шаһарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері Ұлыбритания, АҚШ, Ватикан, Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан сынды 24 елден қатысады.
Спорт • 01 Қазан, 2023
«Альварес-Чарло» айқасы: Қазақстанның екі боксшысының нәтижесі
Бокс тарихында алғаш рет әлемнің екі абсолютті чемпионы арасында өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес Америка өкілі Джермелл Чарлоны жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағын үшінші рет қорғап қалды. Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасынан мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.