ЕС
ANTIKOR • 07 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 650 бизнес-жоба жүзеге асады
Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Business Integrity Forum аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев құны 38 млрд АҚШ долларынан артық 650 бизнес-жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
ANTIKOR • 07 Сәуір, 2021
Шпекбаев инвесторларды толғандыратын мәселелер туралы айтты
Бизнес-қоғамдастықты инвесторлық визалар, лицензиялар, салық салу, кедендік баждар, жоспардан тыс тексерулер және жер қатынастары мәселелері толғандырады. Бұл туралы Business Integrity Forum барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Үш айда 25 келі есірткі тәркіленді
СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 07 Сәуір, 2021
Асылбек Есенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Асылбек Есімқанұлы Есенбаев «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2021
Жамбыл жырлары мажар тілінде жарық көрді
Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Зейін Әліпбек журналист мәртебесі туралы заң қабылдау қажеттігін айтты
Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Шымкентте бейбіт акция өткізген журналистерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2021
Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен аты аңызға айталған ғұн әміршісі Аттила туралы «The Lord of Europe Attila» (Еуропа әміршісі Атилла) атты ғылыми еңбекті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғауды күшейтеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауына ӘҚБтК-нің кәсіпкерлік қызмет саласындағы баптары бекітілген, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында шетелдік және отандық инвесторларды қорғау тұрғысынан Антикордың әлеуетін күшейте түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Келелі кеңес шешуші кезеңге қадам басты
Өткен аптада онлайн форматта Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) бейресми саммиті өткені белгілі. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жиында түбі бір елдер басшылары түркі әлеміндегі жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылаған болатын. Осыған орай отандық сарапшылар өз ой-пікірлерін ортаға салуды жалғастыруда.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі
2021 жылы 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G-ге, 51 ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырылады, халқының саны 250 адамнан аз тағы 292 ауыл байланыс сапасын жақсартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, байланыс сапасын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Өткен жылы қазақ оқырманы хакім Абайдың 175 жылдығын атап өтті. Ал биыл жыр алыбы Жамбылдың, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, келер жылы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің мерейтойы кезекте тұр. Әдебиеттегі осындай дәстүрлі мерейтойлар кейде мақсатсыз һәм бағытсыз іс-шаралармен, қайта басылып шыққан кітаптармен ғана шектеліп жатады. Ал кейде өз уақытында ешкім елемеген талантты жазушыларды еске салады.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ғылым адамның ақылына, өнер сезіміне әсер етуі керек. Сол үшін дарынды сөз жүйесін меңгерген кез келген кәсіби қаламгерден ең алдымен сезімді селт еткізетін дүниелер күтіледі. Марқұм, жазушы Талғат Кеңесбайдың шығармашылығы дәл осы үдеден шығатын көркем туындыларға бай еді. Зерттеушілердің көзіне іліккен «Лениннің бәтеңкесі» «экспериментке құрылған шығарма» деген баға алғаны есімізде. Оның шығармашылығы бастан-аяқ эксперимент еді деуден аулақпыз, бірақ меніңше «Гауһары» да эксперименттің көркем үлгісі сияқты.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
ҰБТ-дан кейінгі бейнежазбалар 25 тамызға дейін тексеріледі
Білім және ғылым министрлігіне бағынысты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ кезінде ережені бұзу фактілері анықталса, талапкердің тест нәтижесі жойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 05 Сәуір, 2021
Тестілеу нәтижелері ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден дайын болады
Электрондық ҰБТ нәтижелерін өңдеу барысында парақтағы ішінара боялған жауаптардың есептелмей қалуы сияқты техникалық қателердің болуы мүмкін емес. Тестілеудің бұл форматында оқушылар жауап парағын толтыруға уақыт жұмсамай, бұл уақытты тест тапсырмаларын орындауға пайдалана алады. ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылатынын атап өтті. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады
Алғаш рет мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Тестілеуге бір күнде 2 рет қатысуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Енді докторанттар диссертациялық жұмыс жазбай-ақ ғылыми атақ қорғай алады
Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Сәуір, 2021
АҚШ-та бизнес жүргізудің артықшылығы мол
ILF Adilet & Alem компаниясы құқықтық қолдау көрсетумен және инвестиция тартумен айналысады. «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген 50-ден астам шетелдік компания дәл осы ILF Adilet & Alem арқылы Қазақстанға келген. Компания өкілдіктері әлемнің бірнеше қаласында жұмыс істейді. Жақында компания Қазақстанда аса ірі бизнес жобаны жүзеге асырмақ. Осы және басқа да мәселелер туралы компанияның негізін қалаған Әйгерім БЕРЕКЕШЕВАМЕН пікірлесудің сәті түсті.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Шымкентте инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс алаңдарын аралау барысында Шымкент Сити шағын ауданына барды. Әкім аталған шағын аудандағы «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен іске асырылып жатқан «Элит Строй Компани» ЖШС және «Damdes Құрылыс Инвест» мердігерлерінің салып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2021
Қазақстанда жер ресурстарын басқару агенттігі құрылады
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы комиссиясының екінші отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жұмыс тобы отырысының нәтижелері туралы сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Шымкентте инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті
Шымкент қаласының үш ауданында инвесторлардың қатысуымен «Шымкент сити» жобасымен жаңа үлкен шағын аудандар салынады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инвестициялық штабтың отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 02 Сәуір, 2021
Еркін күрестен ұлттық құрама жауапты сынға қызу дайындықты бастады
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасы құрлықтық лицензиялық турнир мен Азия чемпионатына қызу дайындықты бастады. Маңызды жарыс алдында ұлттық құрама «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында шеберлігін шыңдауда, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Парламент • 02 Сәуір, 2021
Мемлекеттік органдар сенаторларға есеп берді
Бүгін Сенатта «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаудағы ұсынымдардың орындалуы туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Сәуір, 2021
Қазақ ғалымы 60 жасында қалай ағылшынша меңгергені туралы айтып берді
Қазақстандық гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов алпысқа таяған шағында ағылшын тілін қалай үйренгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 02 Сәуір, 2021
Қазақстандық теннисшілер Ресей ашық чемпионатында бақ сынайды
2 сәуір күні Оренбург қаласында үстел теннисінен «А» Жоғарғы лигасындағы әйелдер командалары арасында Ресей ашық чемпионатының үшінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 02 Сәуір, 2021
ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Шымкентте 60 келіге жуық есірткі айналымнан алынды
Шымкент ҚПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері 2020 жылда 271 құқық бұзушылықты анықтап, 60 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2021
ЕКПА Бас хатшысы Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастық құруға ниетті
Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) Бас хатшысы Деспина Хадзивасилиу-Цовилис Қазақстан Президентінің жүргізген ішкі саяси және әлеуметтік реформалардың белгіленген бағытын қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Түркістан облысы Келес аудандағы «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ егіп, егіннің алды пісіп, жетілуде.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Анасының атына несие алып, сазға отырғызған ұл ұсталды
Петропавл қаласының әйел тұрғыны өз атына біреудің 60 мың теңгелік шағын несие ресімдеп, сазға отырғызып кеткенін айтып, полицияға шағынған. Полицияның күдігі оның 31 жастағы ұлына түседі. Есірткіге тәуелді жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған. Әйелдің телефоны тек ұлына ғана қолжетімді, сондай-ақ ол анасының банк картасының пин-кодын білген. Сондықтан бірінші кезектегі күдікке сол жігітке ілігеді.