е
Руханият • 26 Қазан, 2025
Қазақ ертегілері украин тілінде жарық көрді
Бүгін Украина астанасы - Киев қаласында Қазақстан Республикасы күніне орай украин тілінде жарық көрген «Ұлы Даланың сиқырлы аңыздары» атты қазақ ертегілері жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан Елшілігі хабарлады.
Президент • 26 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 25 Қазан, 2025
Өз иесін тапқан көлік: Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
25 қазанда Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі - асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс - екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті. Бас жүлде - жеңіл автокөлік үшін елдің барлық өңірінен келген 40 үздік ойыншы бақ сынады.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында 90 орындық жаңа ауылдық клуб ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда Мемлекет басшысының Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2025
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің 35 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапаттар ел тәуелсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді. Шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Бүгін Алматы қаласындағы №8 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы Республика күнін ерекше өткізді. 50 шақты ұжым қызметкері ел тарихының бастауы - тәуелсіздік символына саяхат жасау үшін «Есік» мұражай-қорығына жол тартты, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Сахнада жасанды интеллект: Қорғаныс министрлігі Республика күніне арналған бірегей концерт өткізді
Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның сахнасында Республика күніне орай «Жасанды интеллект және шығармашылық синергиясы» атты концерт өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тағайындау • 25 Қазан, 2025
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Алматыда мәдениет пен ақпарат саласының майталмандары марапатталды
Бүгін Алматы қаласында Республика Күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен салтанатты шарада мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, архив пен кітапхана ісінің өкілдері тоғысып, мерейлі сәттерді бастарынан өткерді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2025
Мерекеге орай Қазақстанда 200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысан ашылуда
Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 25 Қазан, 2025
«Білім, бизнес және мемлекет - тұрақты болашақ үшін» форумында ұрпақ тәрбиесі талқыланды
Тұрақты даму мақсаттары (SDG) мен ESG қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне, корпоративтік басқаруға және қалалық даму стратегиясына енгізудің жолдарын талқылауға арналған сараптамалық іс-шараға еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, жас зерттеушілер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Руханият • 25 Қазан, 2025
Ұлытауда колледж кітапханашыларын құрметтеді
Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осыдан үш жыл бұрын ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілді. Осы мерекені Ұлытау облысының кітапханашылары да салтанатты түрде атап өтуде. Жезқазған гуманитарлық колледжінде Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Кітапханашылар күніне арналған «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қазан, 2025
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде Алматы апортын қайта жандандыру мақсатында ауқымды жоба қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 24 Қазан, 2025
Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылында былтыр ашылған жаңа үлгідегі жайлы мектеп бүгінде ауыл өміріне тың серпін әкелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген бұл білім ордасы бүгінде сапалы білім мен жаңа форматтағы тәрбие беру ісінің тірегіне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Сыр өнерпаздары Швейцария сахнасында
23-24 қазан күндері «Республика күні» ұлттық мерекесі және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойына орай Швейцарияның Женева, Берн қалаларында Сыр өнерпаздарының концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Абай мұрасына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Тағылымды шара ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Поэзия • 24 Қазан, 2025
Бурабай баурайында нәзік те нұрлы поэзия әлемінің өкілі, ақын, Мәдениет қайраткері Марфуға Бектеміроваға арналған мазмұнды кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Атырау облысында қанша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді?
Атырау облысында 253 мемлекеттік орган бар. Бұл салада 3002 штат болғанымен, жұмыс істейтіндердің саны – 2743 адам, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 24 Қазан, 2025
Археологиялық ғылымның даму бағытын талқылады
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбында «Есік оқулары» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 24 Қазан, 2025
Автожолшылар күні алғаш рет аталып өтті
Көлік министрлігінде алғаш рет Жол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтіп, жол саласы ардагерлері мен жас буын және қызмет етіп жүрген ұйым өкілдері бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 24 Қазан, 2025
Астанада үстел теннисінен Президенттік кубок өтеді
Жарысты Nomad үстел теннисі академиясы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстанның үстел теннисі федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Жезқазған қаласында облыстық музейде және қолөнер шеберлерінің жеке қорында сақталған көне кимешектер көпшілік назарына ұсынылды. «Киелі кимешек» көрмесі Республика күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қазан, 2025
Жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті
Ұлттық академиялық кітапханада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.