у
Заң • 30 Мамыр, 2025
7 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Бұл фактілер ІІМ көші-қон қызметі комитеті аумақтық полиция бөліністерімен бірлесіп өткізген ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасында анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Мамыр, 2025
Балаларға арналған жаңа ваучер жүйесі іске қосылады
Балалардың шығармашылық, спорттық және қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет ұзақ жылдан бері бұл саланы қаржыландырып келеді. Алайда соңғы тексерістер барысында салада елеулі заңбұзушылықтар анықталып, жүйенің ашықтығы мен тиімділігіне қатысты күмән туындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2025
Қостанай облысында үйірлі шегірткеге қарсы іс-шаралар жүріп жатыр
Өңірде алқаптарды зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқын алды. Мұнымен қатар, аумақтық инспекция мамандары 2 млн 339 мың гектар алқапқа мониторинг жүргізіп, үйірлі шегіртке дернәсілінің бар-жоғын анықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Семей – еліміздегі медицинасы дамыған жердің бірі. Қазір адам денсаулығын оңалтуда игі қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, Абай облыстық перинаталдық орталығында жыл сайын жеті мыңнан астам бала дүниеге келеді. Олардың шамамен 500-і шала туады, оның ішінде көру қабілеті төмен патологиялардың ұлғаю қаупі жоғары нәрестелер де бар. Егер оны уақытылы емдемесе, бала зағип болып қалуы мүмкін.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Қазақстанда дәрі өндіру көлемі артты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан-Франция инвестициялық форумында фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге көбейіп, 91,3 млн АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 46,9 млн доллар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорын қабылдады
Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Зайсан әуежайы биыл алғашқы рейсін қабылдауы мүмкін
Зайсан ауданының Сәтбай кентінде салынып жатқан әуежай 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО әкімдігі облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың құрылыс алаңына жасаған сапарынан кейін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Google компаниясының өкілін қабылдады
Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов австриялық инвесторлармен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысқан австриялық EKAZENT Management GmbH компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесуге компанияның бас операциялық директоры Габриэль Константин Кефер мен басқарушы директоры Норберт Пфундер қатысты. Тараптар Қазақстанның сауда және туристік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен жұмысты талқылады деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарламалар • 29 Мамыр, 2025
Енді жеке куәлік онлайн рәсімделеді
Елімізде жеке куәлікті eGov порталында немесе мобильді қосымшада рәсімдеуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
93 кәсіби гидке жеке бейдж табысталды
Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда гидтердің қызметін жүйелеу үшін цифрлық модуль енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Мамыр, 2025
Бүйрекке арналған препарат өндірісі іске қосылды
Алматыда «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» базасында бүйректің созылмалы ауруы (ХБА), жүрек жеткіліксіздігі және 2-типті қант диабетін емдеуге арналған «Форсига» препаратының жергілікті өндірісі жұмысын бастады. Жоба шетелдік инвестормен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында 25 туристік жоба жүзеге асады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласын өркендету туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Пан Ги Мунмен кездесті
Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Қызылордада жас туристер слеті өтті
Оған қаладағы мектептерден 100-ден астам жас қатысты. «Туризм – нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылған шарада жастар командасы велосипедпен кедергілі алаңнан өтіп, арқанды түйіндей байлап, туристке тән тәжірибені меңгере бастағандарын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Еліміз Ауғанстанда орнықтылықтың орнауына мүдделі - Тоқаев
Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Жолаушы пойызда жүкті әйелді босандырып алды
2025 жылғы 27 мамырда сағат 06.00 кезінде Жезқазған-Астана жолаушылар пойызында әйел күтпеген жерден толғақ қысып, босана бастайды. Бағына қарай, жақын жерде жедел медициналық қызметтің кәсіби фельдшері, балабақшаның мейіргері және нәрестенің аман-есен туылуына көмектескен басқа да жанашыр адамдар табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Президент Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директорын қабылдады
AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
FAO басшысы ауыл жастарының рөлін жоғары бағалады
Астана халықаралық форумында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюй Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол еліміздің агроазық-түлік жүйесін трансформациялау жолындағы жетістіктерін жоғары бағалап, әріптестікті тағы 10 жылға ұзартуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтады
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуриді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2025
Ең көлемді егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі – 3 706 мың гектар. Көлем бойынша одан кейінгі облыстар: Қостанай (3 292 мың га), Солтүстік Қазақстан (2 566 мың га), Павлодар (1 081 мың га), Қарағанды (1 032 мың га). Бүгінде егіс науқаны бойынша 72,4 пайыз жер қамтылып, 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлеріне егіс жұмыстары жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды
Ақтауда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2025
Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
ІІМ «Заң мен Тәртіп» принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Пан Ги Мун еліміздің тәжірибесін өзгелерге үлгі қылды
Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун Қазақстанның климаттық бастамалары мен тұрақты дамуға қосқан үлесіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 29 Мамыр, 2025
Бокстан Әлем кубогінің кезеңіне 33 ел тіркелді
30 маусым-6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе- жек сарайында бокстан Әлем кубогінің кезеңі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Мамыр, 2025
Медицина саласын цифрландыру ілгерілетеді
Кейінгі жылдары Денсаулық сақтау министрлігі саланы цифрландыруға көп көңіл бөлді. Нәтижесінде дәрігерге жазылу кезегі азаяды, қаржыны тиімді басқарудың мүмкіндігі артады, медициналық қызметтер бұрынғыдан қолжетімді болады деп топшылады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы қатынайды
Еліміздің теміржол желісінде жолаушылар үшін қолайлы жаңа бағыттар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
COVID-19 вирусының таралуы күрт азайды – министрлік
Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Мамыр, 2025
«Сиань – Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға шықты
Бүгін Қытайдың Сиань қаласынан Алматы бағытына қарай алғашқы халықаралық туристік пойыз сапарға шықты. Салтанатты аттандыру рәсіміне «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов бастаған қазақстандық делегация мен Қытай тарапынан мемлекеттік құрылымдар, жергілікті басқару органдары және туризм мен көлік саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Жазғы маусымда қосымша 12 теміржол бағыты іске қосылады
Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.