Ұлттық ұлан
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасына қызметтік автокөліктер табысталды
Жеке құрамға 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді. Су жаңа көлік иеленген Ұлттық ұланның жүргізушілері кәсіби шеберліктерін ерекше тәсілмен көрсетті. Олар саптық алаңда автокөліктердің көмегімен күзгі вальс орындады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан қызметкері панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада 16–18 қыркүйек аралығында панкратионнан Amateur MMA бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, «BURKIT TEAM» клубының спортшысы Нұрғали Нұрғайпұлы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Қыркүйек, 2025
Үздік кинологтар Ұлттық ұланның біріншілігінде анықталады
Петропавл қаласында қызметтік иттерді үйретуші кинологтардың арасында Ұлттық Ұланның біріншілігі өтіп жатыр. Оған республикамыздың 5 өңірінен 20-ға жуық кинологтар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ұландықтар қарулы жасөспірімді құрықтады
Өскемен қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері полиция қызметкерімен бірлесіп, травматикалық тапанша алып жүрген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 07 Қыркүйек, 2025
Теміртауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік қағып кеткен 10 жастағы жасөспірімге көмектесті.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді
Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін өтей жүріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Әскер • 08 Тамыз, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары ерекше челлендж өткізді
Биыл 180 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатқан Ұлы ақын Абай мұрасын ұлықтауға Ұлттық ұланның әскери бөлімдері де белсенді түрде атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Тамыз, 2025
Ұлттық ұланның қызметтік иті жоғалған екі қызды іздеп тапты
Павлодар қаласында 14 жастағы қыз түнде үйіне оралмаған соң, анасы полицияға хабарласқан. Ол құрбысымен шаһар шетіне шығып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Тактикалық іс-қимыл аудиториясын таныстырды
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін ІІМ басқару Академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясының мүмкіндіктерімен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 19 Маусым, 2025
Ұландықтар офицерлер қатарын толықтырды
Алматыда жас лейтенанттарды қарсы алу шарасы өтіп, Ұлттық ұлан Академиясының 35 түлегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің қатарын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 15 Маусым, 2025
15 маусым – Әкелер күні. Бұл күн – ұрпаққа үлгі болған, өнегелі өмірімен жол көрсеткен әкелерге құрмет білдіретін атаулы дата. Осы орайды Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген кіші сержант Алтынбек Аманғалиев пен оның әкесі 3 сынып сержанты Рүстембек Бекмурзиннің тағылымды өмір жолы назар аудартады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Маусым, 2025
Ұлттық Ұлан жаңа офицерлермен толықты
Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұланның академиясы өзінің қабырғасынан 25-ші – мерейтойлық түлектерін ұшырды. Академияның ұстаздар ұжымы мен түлектерді Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы, Ішкі істер министрінің орынбасары Аңсаған Балтабеков құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
Қарағандылық ұлан Мәскеуде топ жарды
Мәскеуде полиция мен әскерде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған дзюдодан 19-шы халықаралық турнирден қарағандылық спортшы қола жүлде қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 01 Маусым, 2025
Балалар мен бронды техникалар: Ұлттық ұлан бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында «Бала — еліміздің болашағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Әскер • 25 Мамыр, 2025
Қарулы күштердің әскери қызметшілері армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды
Әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындарында, колледждер мен мекемелерде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 101 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Сарбаздар аналарына тосын сый жасады
Астана қаласында Екінші республикалық сарбаз аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, өзге де күштік құрылымдардың өкілдері, Парламент депутаттары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.
Әскер • 17 Мамыр, 2025
Қызылордада ұландықтар жас қыздың өмірін сақтап қалды
Кеше Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген ІІМ Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің қызметшілері қырағылық пен жанқиярлық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқаруға көмектесті
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өртеніп жатқан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялауға атсалысты. Бұл жағдай патрульдік қызмет барысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 08 Мамыр, 2025
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшысы сарбаздарды құттықтады
Генерал-майор Бекайдар Қазкеев сарбаздарды Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Фёдор Щегловты арнайы құттықтады.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астанада үлкен патриоттық акция өткізді. Мерейлі датаға орай 80 әскери қызметші ерекше қойылым ұйымдастырып, өнер мен әскери рәсімдерді біріктірді. Акцияның басты бөлігі ретінде Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері батырлық пен ерліктің символы - жұлдызды бейнелеп, оны «80» санымен алмастырып, әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Тепличное ауылындағы бөгетті нығайтуға 250 мың қап дайындалды
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгеріп, екпінді жел күшейе түсті. Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы су тасқыны салдарын жою мен бөгеттерді күшейтуге Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары да атсалысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 28 Сәуір, 2025
Ұландықтар үш баланы өрттен құтқарып қалды
Қарағанды облысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ерлік танытты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары Большая Малышка ауылына көмекке келді
Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында тұрғызылған бөгет бұзылды. Апат салдарын жою мақсатында 100-ден астам Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 24 Сәуір, 2025
Ұлттық ұланда оқу-әдістемелік жиын өтті
ІІМ-не қарасты Ұлттық ұлан әскерлерін даярлаудың 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 6654 оқу бригадасында құқықтық тәртіп әскерінің орта медициналық персоналының біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 20 Сәуір, 2025
Ұландықтар Павлодарда өртенген автокөлікті сөндірді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жанып жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлікті байқады.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Азия чемпионы Аида Әбікеева ұландықтармен кездесті
Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде сарбаздар үшін ерекше кездесулердің бірі өтті. Бұл жолы ұландық жауынгерлер Азия чемпионы, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аида Әбікеевамен жүздесіп, оның табысты жолынан мотивация алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 15 Сәуір, 2025
Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді
«Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында аталған мерейтойға орай Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің оркестрі Қарағандыда концерт өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Ұлттық ұлан жауынгерлері 5000-ға жуық құқық бұзушыны ұстады
Жылдың алғашқы үш айында ұландықтардың көмегімен заңсыз айналымдағы 82 бірлік суық және атыс қаруы, оқ-дәрілер, салмағы 322 грамм болатын есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.