тұрмыс
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Елордада соңғы 5 айда тұрмыстық қылмыс азайды
Нұр-Сұлтанда тұрмыстық зорлық-зомбылық төмендеп, қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарды. Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша қылмыстарды тіркеу шамамен 40%-ға төмендеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Карантин уақытында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі көбейген
Соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстардың саны екі есеге, ал балаларға қатысты қылмыстардың саны үштен бірге қысқарды. Карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы шиеленісе түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың саны 4,7% - ға өсті. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынымен алып қарайтын болсақ, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жоғары емес үлесі сақталып отыр және бар болғаны 1%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазір елімізде ана мен балаға материалдық көмек көрсетуге бағытталған 6 жәрдемақы мен 2 төлем бар. 2020 жылы шамамен 1,9 млн адамға республикалық бюджеттен, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге қолдау көрсетілген. Бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71 пайызға (372 млрд. теңге) артық.
Экология • 30 Қазан, 2020
Мағзұм Мырзағалиев румын компанияларын әріптестік орнатуға шақырды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев румын компанияларын "Waste to Energy" механизмін енгізу аясында әріптестік орнатуға шақырды. Мұндай ұсынысты ол Қазақстан-Румыния Үкіметаралық комиссиясының онлайн-режимінде өткен 15-ші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысында тұрмыстық қылмысқа қарсы акция өтті
Қостанайда тұрмыстық қылмыстың алдын алуды көздейтін "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" деп аталатын акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті
12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Ақтөбе облысында тұрмыстық жанжалдың саны азайған
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 29,6%-ға (27-ден 19-ға дейін) төмендеген, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз не істеу керек?
Үйдегі зорлық-зомбылық тақырыбына арналған кезекті тікелей эфир Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының Instagram парақшасында өтті. Оқырмандар сұрағына "Қорғау Астана" қорының төрағасы Анна Рыль жауап берді.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегушілерге көмек көрсетеді
Биылғы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жеті әйел облыстық Әйелдерді қолдау орталығынан пана тапты. Бұлар, балаларымен қосқанда, барлығы 14 адам, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Маусым, 2020
"Отбасының әлеуметтік картасы" 1500-ге жуық отбасының тұрмысын жақсартты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асыратын "Отбасының әлеуметтік картасы" жобасы аясында бір жарым жыл ішінде шамамен 1 500 отбасы күрделі және дағдарысты жағдайдан шығарылды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Елімізде төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.