жапон
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Императорының сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Желтоқсан, 2025
Жапонияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды
Дүйсенбі күні кешке Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде болған 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісінен кемінде 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Білім • 13 Қараша, 2025
Ақтаулық ұстаздар Жапонияда өткен конференцияға қатысты
Жапонияның Хиросима қаласында өткен The World Association of Lesson Studies (WALS 2025) халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қараша, 2025
Тарихи медаль: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Президент • 21 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 21 Қазан, 2025
Жапонияда алғаш рет әйел премьер-министр болып сайланды
Жапонияның негізгі төменгі палатасының депутаттары Либерал-демократиялық партияның (ЛДП) төрайымы Санаэ Такаитиді елдің 104-премьер-министрі етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Әлем • 30 Тамыз, 2025
Жапония смартфон қолдануды шектемек
Жапонияның Тойоакэ қаласының атқарушы билігі тұрғындардың жұмыстан және мектептен тыс уақытта смартфон пайдалануын күніне екі сағатқа шектеуді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz жапониялық Japantimes сайтына сілтеме жасап.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Тамыз, 2025
Хиросимада атом апатының 80 жылдығы атап өтілді
Тамыз таңында Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық паркінде еске алу рәсімі өтті. Ел мен әлем өкілдері үнсіздікпен құрбан болғандардың рухына тағзым етті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Ұлыбританиядағы зерттеу жапон көліктерінің сенімділігін растады
Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеу нәтижесінде Жапон автокөліктерінің сенімділігі тағы да дәлелденді. «Warrantywise» сақтандыру компаниясы елдегі автокөлік модельдерінің саны мен орташа нарықтық құнына сүйене отырып арнайы сараптама жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2025
АҚШ пен Жапония арасында жаңа сауда келісімі орнады
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониямен жаңа сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады. Оның айтуынша, бұл келісім аясында жапон тауарларына 15 пайыздық баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Шілде, 2025
Премьер-министр жапон губернаторымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Шілде, 2025
Жапонияда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелді
Жапонияның Метеорологиялық басқармасының мәліметінше, 21 маусымнан бері елдің оңтүстік-батысындағы шағын аралдарда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 02 Шілде, 2025
Жапонияда екі аптада 865 жер сілкінісі тіркелді
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара аралдарында сәрсенбі күні қатарынан бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелген. Бұл өңірде соңғы екі аптаға жуық уақыт бойы қайталанатын жер асты дүмпулері жалғасып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2025
Бөгеттерді нығайтуға 2 млн доллар грант бөлінеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Жапония үкіметімен Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті, жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 11 Мамыр, 2025
Токиода жапон жігіті «Адай» күйін тартып, көпшілікті таңқалдырды
Жапонияда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Елдос Сүгірбай есімді азамат желідегі жеке парақшасына жапонның домбыра тартып отырған сәті таспаланған видеоны жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 25 Сәуір, 2025
Жапон компаниясындағы жас қазақ
Жасанды интеллект – заманауи әлемнің жаңа тынысы, жаңа тілі. Бұл салада көш бастап, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті маман атану – әркімнің қолынан келе бермейтін күрделі іс. Алайда қазақ жастарының арасында осы шыңды бағындырған, әлем мойындаған мамандар бар. Солардың бірі – Шыңғыс Ойнар. Ол Астанада туып, Кореяда оқып, Жапонияда ең ірі маркетплейсте еңбек етіп жүрген ЖИ маманы, деп жазады Egemen.kz. Limon.kg сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жапония еліміздегі зерттеу жобаларына $2 млн бөледі
Президенттің ядролық кластер құру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыдағы Ядролық физика институтында «Қазақстандағы атом саласының сын-қатерлері мен даму барысына» арналған дөңгелек үстел өтіп, ғалымдар технологияларды өндіру, кадр мәселесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2025
Отандық бірегей құрылғы Жапонияда таныстырылды
Жапонияда өткен ALEM – Expo 2025 көрмесінде донорлық органдарды сақтауға арналған отандық бірегей құрылғы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Ақпан, 2025
Ивате префектурасының Офунато қаласындағы орман өртінен 80-нен астам үй өртеніп, 2 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 25 Ақпан, 2025
Жапонияда бұрын-соңды болмаған көлемде қар жауды
Хонсю аралында ақ ұлпаның қалыңдығы 4 метрге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2025
Токио азаматтары 4 күндік жұмыс аптасына көшеді
Токио қаласында мемлекеттік орган қызметкерлеріне төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек. Жаңа ережелер сәуір айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Ақпан, 2025
Зейнеткер түрмеде «тегін» өмір сүру үшін қасақана қылмыс жасаған
Акиё есімді 81 жастағы жапондық кейуана ұрлыққа түсіп, ең үлкен әйелдер түрмесіне тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қаңтар, 2025
Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.