арқалық
Аймақтар • 15 Наурыз, 2021
Арқалықтағы боксит кеніші жабылды
Арқалық қаласындағы ERG құрамына енетін «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы наурыздың 15-і күні Еуразиялық топтың корпоративтік коммуникациялар департаменті ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Арқалық полицейлері көп балалы отбасына көмек көрсетті
Арқалық қаласының тәртіп сақшылары 10 бала тәрбиелеп отырған Мизамхановтар отбасына азық-түлік пен балалардың оқуына қажет кеңсе құралдарын тарту етті. Бұл үйдегі балғындардың бәрі мектеп жасында, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Арқалық құс фабрикасындағы құс өлімінің себебі анықталды
Арқалық қаласындағы «Агроинтерптица» құс фабрикасында желдетудің болмауынан 256 мыңнан астам бас қырылып қалған. Бұл тауықтар үшін өтемақы қарастырылмаған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Арқалық құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатады
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын, қуаты жылына 120 млн дана жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар "Агроинтерптица" ЖШС құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған фабриканың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Арқалықта этанолдан уланып 9 адам көз жұмды
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алғаш 11 адам этил спиртінен уланып мерт болды деген мәлімет таратып еді. Араға 1-2 сағат салып, денсаулық сақтау департаменті олардың екеуінің тірі қалғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Арқалықта малшаруашылық кешені салынып жатыр
Қостанай облысының оңтүстік өңірінде ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында Арқалық қаласына қарасты Родина ауылында салынып жатқан алып кешеннің бордақылау алаңы мен асыл тұқымды мал басын көбейтетін орталығы бар.