Сәтбаев
Ұлттық спорт • 20 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы - 2024»: Бірінші кезең аяқталды
19 мамыр күні ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктіретін спорттық сайыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 19 команда Павлодар қаласы маңындағы «Атамекен» елді мекенінен Екібастұзға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Білім • 24 Сәуір, 2024
Қазақстанда CityU Гонконг университетінің филиалы ашылады
Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде әлемнің жетекші университеттерінің бірі - CityU Гонконг университетінің филиалы ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Сәтбаевтағы бала өліміне дәрігерлер кінәлі ме?
Сәтбаев қаласының тұрғыны Салтанат Байсалбаева осы жылдың наурыз айында 1 жасар жалғыз қызынан айырылды. Бүлдіршін Ұлытау облысындағы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде қатты ішек инфекциясы салдарынан қайтыс болды. Анасының айтуынша, дәрігерлер оны құтқару үшін тиісті шаралар қабылдамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл: Естеліктер сыр шертеді
Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер көп, барлық естеліктердің тоғысқан ортақ өзегі – әлемдік дәрежедегі ғалым әрі биік адамгершілік иесі болғандығын айтады, қайталанбайтын ғажайып тұлға болғандығынан сыр шертеді. 12 сәуір қазақ халқының ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың туған күні, 125 жылдық мерейтойы. Осы орайда шәкірті, Ұлттық ғылым академиясының академигі Досмұхамед Кішібековтің және айтулы ғалымның немере жиені Әлішер Қоғабаевтың естеліктерінен ықшамдап, тақырыпшалар қойып, ұсындық.
Тұлға • 12 Сәуір, 2024
Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.
Ән • 11 Сәуір, 2024
Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың атақты өнер зерттеушісі А.Затаевичке қазақтың 25 әнін орындап беріп, жаздырғаны мәлім. Олардың арасында «Қара жорға», «Бибігүл», «Мақпал», «Іңкәр», «Сарын» және басқа да әндер болған.
Тағзым • 05 Сәуір, 2024
Биыл Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы атап өтіледі
12 сәуір – ұлт мақтанышы, қазақ елінің қазына байлығын ашушы, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, алғашқы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні және осы датаға орайластырылған Ғылым қызметкерлері күні. Мерейтойға санаулы күн қалды. 12 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын жыл көлемінде атап өту рәсімінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы «Халықаралық Қаныш Сәтбаев» қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алу дерегі бойынша ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 11 Қыркүйек, 2023
Ғалымдар суды баяу сүзу технологиясын жаңартты
Қ.Сәтбаев атындағы университет ғалымдары су тазалаудың қолжетімді жүйесін ойлап тапты, нақтырақ айтқанда, суды баяу сүзу технологиясын қайтадан жаңартып отыр. Бұл табиғи су қоймалары бар жерде жоғары тиімді су тазарту құрылыстарын салуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Тамыз, 2023
Ислам Сәтбаев Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Әзербайжан астанасы Бакуде ISSF аясында оқ және стенд атудан 53-ші лицензияға әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Тамыз, 2023
Қазақстандық мерген Париж олимпиадасына лицензия алды
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан стенд атудан 53-ші лицензиялық әлем чемпионатында Қазақстан намысын ең мықты 50 мергеніміз қорғайды. Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Ислам Сәтбаев финалда 4-інші орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2023
12 сәуір - Ғылым саласы қызметкерлерінің күні, Қаныш Сәтбаевтың туған күні, Ғарышкерлер күні.
Білім • 29 Наурыз, 2023
Ынталы жастар ғылымды алға жылжытады
Бүгінде отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жігерлі жастардың қатары артып келеді. Олар нарықтың сұранысын нақты анықтап, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ұмтылады. Солардың бірі – Сәтбаев Университетінің «Биомедициналық инженерия» мамандығының 3-курс студенті Ақжол Нұрданәлі. Ол науқастың қызыл иегінің ауырсынуын анықтайтын жаңа құрал жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2023
Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде өткізу ұсынылды
Сенатор Алтынбек Нұхұлы қазақ халқының біртуар перзенті, әлемге әйгілі ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын жоғары идеялық және ұйымдастырушылық деңгейде атап өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 27 Қаңтар, 2023
Қаныш Сәтбаев туралы фильм көрерменге жол тартады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясының негізіндегі «Қаныш» көркем фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қазан, 2022
Сәтбаевтағы атысқа қатысы бар екі азамат ұсталды
Жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 18 және 20 жастағы екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Сәтбаев университетінде референдумның маңыздылығы талқыланды
Бүгін Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Алаяқ Сәтбаев тұрғынына жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2021
Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «Шансиман» жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қазан, 2021
Педофилдер жазаларын жеңілдетуді сұрады
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлаған қылмыскерлер сот шешімін өзгертуді сұрап, аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2021
«Қазақмыс» – ұлы ғалым Қанекеңнің перзенті
Табиғаттың Қазақстан халқына берген жер қойнауының байлығы ежелгі заманда-ақ пайдаланыла басталған. Жезқазған өңірі сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың жақсы күнкөрісінің көзі болған. Оларды мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдармен қамтамасыз еткен. Содан мың жылдар өткен соң Жезқазғанның сарқылмас байлығын халық мүддесіне орынды пайдаланудағы ерекше рөлін қазақтың ұлы перзенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бүкіл әлемге жеткізеді. Дарынды, көріпкел, данышпан Қанекең Жезқазған кен орны арқылы бүкіл Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму жолдарын айқындады. Олардың көшбасшысы, әрине «Қазақмыс корпорациясы» болып шықты.
Аймақтар • 02 Маусым, 2021
Сәтбаевта екі жасар бала терезеден құлап кетті
Сәтбаев қаласында екі жасар бала терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты
Сәтбаев қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2021
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл
Бүгін белгілі ғалым, профессор, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Шілде, 2020
Мәулен Әшімбаев Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді
"Таяуда ғана Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылында болған оқиғалар ел көңіліне қаяу түсірді. Қазіргі таңда халқымыз бұл мәселелерге байланысты үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр", дейді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Жеңіс Қасымбек: Кінәліні қатаң жаза күтіп тұр
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласында болған бес жастағы қызды ұрлау ісі Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін бейне үндеу арқылы мәлімдеді, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2020
Президент Түркістан мен Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Сәтбаевтағы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді - министр
Сәтбаев қаласындағы оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Сәтбаев қаласында бала ұрлады деген күдікті қолға түсті
Сәтбаев қаласында бала ұрлады деген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.