Грамота
Саясат • 24 Қыркүйек, 2020
Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Лама Шариф «әл-Иттихадия» президенттік сарайында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.