ат
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 19 Мамыр, 2024
Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі қашан іске қосылады?
Премьер-министрдің баспасөз қызметі Алматыда 1 маусымға дейін жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесін пилоттық режимде енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 18 Мамыр, 2024
Мәулен Әшімбаев «Run for autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Бүгін Астанада мыңдаған мейірімді жанның басын қосқан жүгіруден «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті. Спорттық іс-шараны елорда әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Марафоннан жиналған қаражат аутизм және басқа да ментальді бұзылу дертіне шалдыққан балаларды қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Ұлттық ұланның батыры Айбат Амановты еске алу рәсімі өтті
17 мамыр күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұланның батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановтың құрметіне бокстан үш күндік турнир басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Қазақстан садақшылары Оңтүстік Кореяға аттанады
Садақ атудан Қазақстан командасы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Артем Кичкин жаттықтыратын команда 18 мамырға дейін дайындықтарын жалғастырып, содан кейін әлем кубогіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Мамыр, 2024
Медициналық қызмет көрсету тетіктерін түбегейлі қайта қарау керек - Н.Жүсіп
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 17 Мамыр, 2024
Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Амангелді Толамисов Facebook әлеуметтік желісінде пікір қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Ақмола облысында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы сквер ашылады
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2024
Қостанайлық кәсіпкерлер 400 ауылды жөндеуге көмектеседі
«АМАНАТ» партиясы облыс әкімдігімен бірлесіп, «Жарқын ауыл» бағдарламасын қолға алып, ауыл-аймақты жаңғыртуда. Жоба «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «АМАНАТ» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 17 Мамыр, 2024
Елдегі компаниялардың экологиялық жауапкершілігі төмен - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Сенатта Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар бизнес-ортада Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ESG қағидалары – экологиялық, әлеуметтік және басқару тәжірибелерін енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам куәгерлердің көзінше лифт алдында әйелді соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Ақмола облысында көлік аударылып, екі адам қаза тапты
Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты, үшеуі түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Мамыр, 2024
Малайзия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Атырау облысында тасжол опырылып түсті
Атырау облысындағы «Атырау-Индер» тасжолының 27-ші шақырымында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайларды жою штабына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Жайықтың су деңгейі сәл төмендеді
Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр күнгі сағат 08:00 бойынша өзгеріcі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды (видео)
Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
«Қайықпен қатынайды». Махамбет - Сарытоғай арасындағы жол жабылды
Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі шекті мөлшерден 145 сантиметр асып кетті. Осыған байланысты Махамбет ауданындағы тасқын су жағдайы күрделенді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Мамыр, 2024
Атыраулық кәсіпкер танымал әншіні сотқа берді
Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Мамыр, 2024
Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген адам ұсталды
Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Мамыр, 2024
Орталық Азия елдері қауіпсіздіктің үш бағытында күш біріктіреді
Астанада Орталық Азия елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.