е
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
600-ден астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды
Өткен жарты жыл ішінде байланыс операторлары шалғай ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізіп, 649 ауылды кең жолақты Интернетке қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға барын салуда
Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар (ОРВИ) пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзан-сонар кезекке тұрды. Міне осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен шұғыл топ құрылды. Әрі Шымкенттегі дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылауға көшті. Арнайы топ бірқатар дәрі дүкендерінің бағаны заңсыз көтергендігін анықтап, тиісті шара көрді. Атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тікелей эфир арқылы тұрғындарға есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алматы облысында өкпесі қабынғандардың үлесі 2,5 есеге көбейген
Осы сәтке дейінгі дерек бойынша Алматы облысында пневмония диагнозымен 2517 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 86 науқастың жағдайы алаңдатарлық, 17 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 08 Шілде, 2020
Жетісуда 2479 адам коронавирус жұқтырып, 1290 науқас дерттен айықты
Бүгінгі дерек бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2479 адамға жетті. Мұның ішінде 838 адамның бойыннан індет симптомы анықталған. Ал дерттен 1290 адам айығып, жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Меморгандар мен компанияларға көлік пен жиhаз алуға 3 жылға мораторий енгізілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентінің өкімін орындау мақсатында а.ж. барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін автомобильдерді, арнайы көліктер мен қызметтік көліктерді, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын 3 жылға сатып алуға мораторий енгізді, деп хабарлай Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов азаматтармен кезекті онлайн қабылдау өткізді
Нұр-Сұлтан әкімдігі пилоттық режимде тұрғындарды қабылдау үшін азаматтардың электронды карталар жүйесін іске қосты. Жаңа жүйе тұрғындар өтінімінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Сербия халқы ел президентінің биліктен кетуін талап етті
Сербиялық наразылық білдірушілер коменданттық сағатты енгізу туралы шешімнен кейін полиция өкілдеріне қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 08 Шілде, 2020
Өкпені КТ-дан ақысыз өткізу неге қиын?
ӘМСҚ - да өкпені КТ- дан ақысыз өткізу неге қиын екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Шілде, 2020
Таир Нұрпейісов: Аллергиясы барларға қамқорлық пандемия кезінде де жалғасады
Дүниежүзілік аллергологиялық ұйымы (WAO) жыл сайын дәстүрлі түрде 8 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік аллергия күні аясында түрлі өзекті тақырыптарды ұсынады. Биылғы атаулы күн "Аллергиямен ауыратындарға қамқорлық жасау COVID-19 кезінде де тоқтатылмайды" ұранымен өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Шілде, 2020
30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн тіркеді
II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Испанияның оңтүстігін аптап ыстық басты
Севилья провинциясындағы Эсиха қаласындағы аптап ыстықтың салдарынан ауа температурасы Цельсий бойынша 43 градус белгісінен асып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Жамбылда коронавируспен күресте тиісті жұмыстар жүргізілуде
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен ауырғандар санының өсуі Жамбыл облысында да байқалуда. Бүгінгі таңда өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1866 адамға жетіп отыр. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 5 шілдеден бастап қатаң шектеу шаралары енгізілді. Өңірде қоғамдық көліктің, жабық базарлар мен азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора табылды
Түркістан облысының полицейлері "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
Маусым айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7% көп, - деп хабарладыEgemen.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 08 Шілде, 2020
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 409,77 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Ресей Федерациясы Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Сауд Арабия қажылыққа келгендерге Қағбаны ұстауға тыйым салды
Сауд Арабия билігі пандемияға байланысты алдағы қажылық кезінде қажыларға Қағбаны ұстауға тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Ташкентте отбасы бір күнде 3 рет үйлену тойын өткізді
Ташкентте шақырылатын қонақтың лимитінен асып кетпеу үшін, отбасы бір күнде үш рет той өткізген. Жалпы тойға шақырылатын қонақтардың саны 30-дан аспауы тиіс. Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Әлішер Шодмонов хабарлайды, – деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті
Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек дүниеден өтті. Бұл туралы продюсер Нұртас Адамбай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Р. Дүйсенбаев көшесі 18 шілдеге дейін жартылай жабылады
Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 08 Шілде, 2020
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады
Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады. Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Қарағандыда дәріні удай бағаға сатқан алыпсатар ұсталды
Кеншілер астанасында Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмекті заңсыз және қымбат бағаға сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Субсидия берілетін кейбір әуе бағыттарына жарияланған қосымша байқаудың қорытындысы шықты
Бұл турады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 07 Шілде, 2020
Президент халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын жазды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туиттердегі жазбасына сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Оралдық кәсіпкер ауруханаға жабдық сыйлады
Батысқазақстандық кәсіпкер Қанат Жанғазиев облыстық көпбейінді ауруханаға жалпы құны 2 миллион теңгеден жоғары тұратын үш дана тыныс алу аппаратын – оттегі концентраторын тарту еттідеп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Шілде, 2020
Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі сүт өнімдеріне таңбалауды енгізуге қарсы
«Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссиядан Одақ аясында, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерде сүт өнімдеріне таңбалауды енгізуге жол берілмейтінін мәлімдеуді сұрады» деп жазады Egemen.kz ЕЭК-тің сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті
Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Шілде, 2020
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президент болып Ақан Сатаев тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.