е
Елорда • 31 Шілде, 2020
Елордада айына 5 млн маска тігетін өндіріс орны іске қосылды
Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режімінде жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады
Аурухана хирургтары оны тамыздың ортасында бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Ж.Бекшин: Дезинфекция адам ағзасына қауіпсіз ерітіндіден жасалады
Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте жүргізіліп жатқан ауқымды дезинфекцияға қатысты түсініктеме беріп, оны коронавирус инфекциясының алдын алуда маңызды құралдардың бірі деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оңтүстік Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов Құрбан айтпен құттықтады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 31 Шілде, 2020
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің Президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп түсуде. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 31 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 31 Шілде, 2020
Депутаттар мен ҚМДБ өкілдері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Парламент депутаттары ҚМДБ-мен бірлесе отырып, бірқатар игі бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 31 Шілде, 2020
Демалыс күндері Іле-Алатауында жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің әкімшілігінде демалыс күндері жұмыс тәртібі қалай өткізілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 31 Шілде, 2020
Сенат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Атырау облысына 47 қандас көшіп келді
Биыл мұнайлы өңір топырағына атажұртқа жетуді аңсаған 35 отбасының 47 мүшесі табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 31 Шілде, 2020
Еліміздің бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырауда құрылыс компаниялары үлескерлікке заңсыз қаржы тартқан
Тұрғын үй құрылысын жүргізетін үш компанияның жеке және заңды тұлғаларды үлескерлікке заңсыз тартыпты. Бұл прокуратура қызметкерлері жүргізген мониторинг кезінде анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 31 Шілде, 2020
Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс 2 тамызға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырауда дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды
"Атырау" ӘКК" АҚ мен дистрибьютор компания 40 түрлі дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорына жеткізу туралы келісімге қол қойды. Тұрақтандыру қорына 4 миллион 800 мың теңгенің дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарын сатып алуды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 31 Шілде, 2020
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2020
Федералды резервтік жүйенің пайыздық кілті өзгерген жоқ
Федералды резерв федералды қорына пайыздық мөлшерлемені жылдық 0%-дан 0,25% аралығында ұстап тұрды, деп хабарлады Федералды ашық нарық комитеті (FOMC) жиналыстан кейінгі мәлімдемеде. 29 шілде FOMC шешімі экономистер мен нарық қатысушыларының болжамдарымен сәйкес келді», деп хабарлайды Egemen.kz ФРЖ сайтындағы ашық дереккөздерге сілтеме жасап.
Елорда • 31 Шілде, 2020
Елордалық еріктілер мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда
Құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады. Құрбан шалу үшін "Qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 31 Шілде, 2020
Әлсіреген рубль теңгеге қалай әсер етті?
"Өтіп бара жатқан апта Ресей рублінің әлсірей бастағанымен есте қалғалы тұр. Біздің теңгеміздің де жайы мәз емес. 30 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 418 теңгені құрады. 27 шілдеде доллар 414,20 теңгеге сатылды. Осылайша, бір апта ішінде ұлттық валюта 3,8 теңгеге арзандады. Енді сарапшыларды "құнсыздана бастаған рубль теңгеге қалай әсер етеді?" деген мәселе толғандыра бастады", деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Аида Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Шілде, 2020
Алматыда еріктілер ет таратады
Алматылық еріктілер құрбандыққа шалынған етті мұқтаждарға таратуға көмектеседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласындағы "Әбу Бәкір" мешітінің Бас имамы Әсет Аташов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Жүректің зақымдануы COVID-19-бен ауырған барлық адамда кездеседі
Ғалымдардың назары енді COVID-19-бен ауырып, жазылып шыққандардың оңалту кезіндегі жағдайына ауа бастады. "Жақында жарияланған екі зерттеуде COVID-19 инфекциясынан айыққан адамдарда ұзақ уақыт жүректің асқынуы мүмкін екендігі айтылды", деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.Ru дайындаған зерттеулерге сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Оралда 30 медбике айт мейрамына сыйлық алды
Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Орал қаласында covid-19 дертімен тікелей күрескен 30 медбикенің отбасына азық-түлік себетін таратты, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Батыс Қазақстанда есірткі егушілер көбейген
Батысқазақстандық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдікті арнайы өсірген 12 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Импорттық құрылыс материалдарын алмастыратын жаңа инвестициялық жобалар қабылдануда
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-мен бірге импорттық құрылыс материалдарының орнын басатын жаңа инвестициялық жобаларды қабылдауды бастады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Алматы облысының "Үздік ауыл әкімі" анықталды
"Үздік ауыл әкімі" республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Мал шаруашылығына берілетін несие ережесі өзгерді
Ауыл шаруашылығы министрлігі мал сатып алуға несие берудің кепілдік саясатын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2020
Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Ақтөбедегі "Бауырластар" кешенінің тұрғындары сусыз қалды
40 градус ыстықта Ақтөбедегі "Бауырластар" үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мамыр айында олар әкімдікке сумен жабдықтаудағы іркілістер және құбырлардағы төмен қысым туралы шағым түсірген, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 30 Шілде, 2020
Бүгін – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні
Бүгін, яғни 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Осы маңызды күнді атап өту үшін, USAID қаржыландырып Winrock International жүзеге асыратын "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы" Қазақстанда адам саудасы туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде кампанияны іске асырады, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 30 Шілде, 2020
Е. Оспанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.