ат
Спорт • 24 Мамыр, 2024
ШЫҰ шеңберіндегі спорт: Тәжірибе алмасу және жаңа бастамалар
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты министрлік басшыларының кеңесі өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайтудың маңызды мәселелері талқыланған жиында сала министрі Ермек Маржықпаев спорт – ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап, Қазақстан ШЫҰ кеңістігінде спорттың дамуына үлес қосуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенатта әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесіп, тараптар еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зиянды еңбек жұмысымен айналысатын адамдарды қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды
Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Талдыкөл тұрғындары Атырауға қайықпен қатынайды
Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында жолды су басуына байланысты тұрғындарға қайық тасымалы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Парламенттік тыңдау: Өнеркәсіп секторындағы проблемалар туралы айтылды
Бүгін Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шара барысында саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар көтерілген мәселе жөнінде ұсыныстарын айтып, мүдделі тараптардың алдағы бірлескен жұмысының басымдықтарын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 24 Мамыр, 2024
Астанадағы апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі
Байқоңыр ауданы әкімдігі мен кәсіпкерлер тұрғындармен кездесті. Жиында Байқоңыр ауданында орналасқан апатты үй иелерін жаңа баспанаға көшіру, аумақты реновациялау мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Тасқын суы Соколок каналы бойындағы бөгетті бұзып кетті
Бүгін судың молдығы мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Қимыл-қозғалысы күрделі балаларды оңалту тәжірибесіне арналған семинар өтті
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» және Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу, кәсіби еңбекпен оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Ауыр мүгедектіктің алдын алу және азайту үшін мүгедектігі бар балалар мен жастарды физикалық-әлеуметтік оңалтудың заманауи тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Мамыр, 2024
Алматыда спа-салон қызметкерін ұрып-соққан шетелдік қамауға алынды
Алматыда ер адам спа-салондардың бірінде қызметкерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Алматы-Қостанай пойызында оба жұқтырған жолаушы болған
Оқу-жаттығу тапсырмасына сәйкес оба жұқтырған науқас Алматы-Қостанай бағытындағы №43 жолаушылар пойызының екінші вагонында келе жатқан. «Железнорудный» станциясынан кейін жолаушының жағдайы нашарлаған. Ол жолсеріктен бірнеше рет көмек сұраған, бірақ қызуды басатын дәрілерді қабылдағаннан кейін жағдайы жақсармаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Құтқарушылар Атырау облысы тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертті
24 мамыр күні Атырау облысы аумағында дауыл соғады. Осыған байланысты аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 24 Мамыр, 2024
Заңсыз көші-қон: Астанада бір пәтерге 937 адам тіркелгені анықталды
Прокуратураның мәліметінше, жалған мекен-жай мен "резеңке пәтер" деп аталатын баспаналарда тіркелген 22 мың шетелдік анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 23 Мамыр, 2024
Сенатор «Алтын адамды» тапқан археологты еске алуды ұсынды
Сенатор Алтынбек Нұхұлы өзінің депутаттық сауалында Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқан археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Тамара Дүйсенова ел мектептерінде дабыл батырмаларын тезірек орнатуды тапсырды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте білім беру нысандарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Президент Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді
Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Алматы облысындағы аса ірі Alatau City жобасын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 23 Мамыр, 2024
Палата отырысы: Сенаторлар қандай мәселелерді көтерді?
Өткен аптада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады. Сенаторлардың қай сауалы өтімді болды, кім қандай мәселені көтеріп, қай саланың кемшін тұсын тілге тиек етті, тарқатып көрейік.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2024
Дархан Қыдырәлі мен Әлішер Сатвалдиев ТүркПА отырысына қатысты
Сенат депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Әлішер Сатвалдиев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы Ұлттық қорғаныс комитеттері төрағаларының алғашқы отырысына қатысты. Отырысқа қатысушылар ТүркПА-ға мүше мемлекеттер арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 23 Мамыр, 2024
Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдерге арналған білім, ақпараттық-консультация беру орталықтарын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Мамыр, 2024
Төрт жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген өгей әке 20 жылға сотталды
Алматыда төрт жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген 19 жастағы өгей әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Талғар өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан балама жол шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 23 Мамыр, 2024
Қазақ боксшысының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
АҚШ-тың Плант-сити қаласында отандасымыз, кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін өткізді. Былғары қолғап шеберлерінің шайқасы уақытынан бұрын аяқталды, деп жазады Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Саясат • 23 Мамыр, 2024
Сингапур Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады
Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 22 Мамыр, 2024
Сенаторлар адам құқықтары бюросының мүшелерімен кездесті
Сенат депутаттары Евгений Больгерт, Мұрат Қадырбек және Жанна Асанова Еуропа елдерінің қауіпсіздік ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро мүшелерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Атырау - Индер трассасы жабылады
Қарқын алған өр суына байланысты бүгін, 22 мамыр сағат 21:00-ден бастап, «Атырау - Индер» трассасы уақытша жабылады. Бұл туралы облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 22 Мамыр, 2024
Сенаторлар 2023 жылғы бюджеттің атқарылу есебін тыңдады
Сенатта 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері таныстырылды. Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков пен Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Сенат депутаттарының алдында баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Әзербайжанда анықталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.