ел
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Балқашта 900 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи білім ордасы есігін айқара ашты. Бүгіннен бастап «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ атауын иеленген бұл оқу орны жаңа оқу жылында алғашқы оқушыларын сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Жамбыл облысындағы зауыттың ашылуына онлайн қатысты
Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев: Alatau City – өңірлік технологиялық орталыққа айналады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Жасанды ителлект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады — Президент
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Технология • 31 Тамыз, 2025
Цифрлық өнімдердің жаңа сатысы
Бүгінгі цифрлы дәуірде ақпарат алмасу жылдамдығы мен ақпарат қауіпсіздігі аса маңызды. Шетелдік мессенджерлерге тәуелді болмай, отандық платформалардың өрісін кеңейту уақыт талабынан туған сұраныс. Осы орайда қазақстандық IT нарығының айтулы жетістігіне айналған отандық өнім Aitu платформасын қолданушылар легі артып келеді. Күні кеше SuperApp Aitu мен «Кселл» АҚ стратегиялық серіктестігін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект пен тәрбие – оқу үдерісі қалай өзгереді?
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай дәстүрлі Әдістемелік-нұсқау хатты педагогтерге, әдіскерлерге және мектеп басшыларына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Тамыз, 2025
ERG «Хромтау» жел электр стансасының құрылысын аяқтады
Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының қосылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Мексикада Сенат отырысында төбелес болған
Мексикада сәрсенбі күні Сенат отырысынан кейін, ұлттық гимн орындалып жатқан сәтте төбелес болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Қызылорда облысында үш ауысымды оқыту мәселесі жойылды
Конституция күні қарсаңында Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қоғам өкілдері, педагогтер мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хи-ге жемқорлық және пара алу деректері бойынша ресми айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Елімізде әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтатын жаңа тетіктер енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2025
2026 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның ұлттық құрамасы 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайтыны белгілі, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 28 Тамыз, 2025
Алматы кәсіпкерлері Aitu мессенджерінің жүйесінде тіркелгенін хабарлады.
Алматыда IT және креативті экономиканың болашағына арналған кеңейтілген жиын өтті. Күн тәртібінде цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар тұрды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 28 Тамыз, 2025
Телефон сәулесі денсаулыққа қалай әсер етеді?
Кейінгі жылдары телефон мен түрлі гаджеттерсіз өмірді елестету мүмкін емес. Әр адамның қолында кем дегенде бір смартфон бар, ал кей отбасында бірнешеуінен қатар жүреді. Бұған қоса әрбір шағын аудан мен қалада сымсыз желілер орнатылған. Бірақ техника көбейген сайын оның адам ағзасына тигізетін ықпалы туралы сұрақ та жиілеп отыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті арнайы түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 28 Тамыз, 2025
Сарыкемер ауылындағы жаңа мектепте баспасөз туры ұйымдастырылды
Білім күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Корольге алғыс айтып, жыл басында Амманға жасаған сапарын ықыласпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Тамыз, 2025
Испаниядағы курортта сальмонеллез індеті тіркелді
Мурсия өңіріндегі танымал курорттық аймақта жүзден астам адам сальмонеллезбен ауырып қалып, Испанияның санитарлық қызметтері жедел шара қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 26 Тамыз, 2025
Нариман Мағауин: Жасанды интеллект бюджет шығынын бақылауға көмектесе алады
Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығының Цифрландыру, талдау жүйелері және жасанды интеллектіні дамыту департаментінің директоры Нариман Мағауиннің пікірінше, жасанды зердені адамды алмастыратын құрал ретінде емес, керісінше кез келген қызметкердің жұмысын жеңілдетіп, талдау жасауға септесетін тетік түрінде қарастырған жөн. Маманның айтуынша, жасанды интеллекті мемлекеттік қаржы жүйесін басқару тұрғысынан көп көмегін тигізе алады.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 26 Тамыз, 2025
Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2025
Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді
Турнир 29-31 тамыз аралығында «Шабыт» жазғы амфитеатр маңында арнайы дайындалған трассаларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2025
Астанада өткен әлемдік кітапхана конгресіне 114 елдің өкілі қатысты
«Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтті. Кітапхана ісіндегі ең ірі халықаралық шараны өткізу құқығы Kazakh Tourism әзірлеген өтінім негізінде, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Astana Tourism және ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Тамыз, 2025
Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді
«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының тұрғыны есірткі тасымалдау кезінде қолға түскен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады
Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22 ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.