ақы
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр
Бүгін Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында қамыс өрті тұтанды.
Экология • 11 Сәуір, 2024
Облыс әкімі тұрғындарды акцияны қолдауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасын Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Өткен айда көпбалалы отбасыларға 40 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,4 мың отбасы қамтылды, жәрдемақының жалпы сомасы 116,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге біржолғы төлем аударылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы хабарлама тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды
ІІМ онлайн-брифингінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы айтылды. Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Сәуір, 2024
Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
Түркістан облысында жасөспірімді ауылдастары аяусыз соққыға жыққан
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жасөспірімді құрдастары қатыгездікпен соққыға жыққан бейнежазба желіде тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Сәуір, 2024
Қазақстанда жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі өзгерді. Айлық азайып кетпей ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың 19 наурыз күні қабылданған бұйрыққа сай елімізде жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 02 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: жеңген боксшыға қанша ақша беріледі?
Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшыларды марапаттап, сыйақы үлестірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Әкімнің ұлынан таяқ жеген қыздың анасы айыппұл төлейтін болды
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
QR-код арқылы автобус жолаушыларының ақшасын сыпырып әкеткен
Ақтөбе қаласының 19 жастағы тұрғыны қоғамдық көлікке отырған жолаушылардың ақшасын қолды қылды. Бірақ жас жігіттің ұрлық тәсілі елді аң-таң қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
«Ырымдап мешітке апардым»: мәжілісмен алғашқы депутаттық жалақысын қайда жұмсағанын айтты
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба қалдырып, бір жылдық депутаттық қызметін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 28 Наурыз, 2024
Түркістан облысында 400-ге жуық жігіт әскерге аттанды
«Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, тағы 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Қазақстанда «ең бай зейнеткер» ай сайын қанша алады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Наурыз, 2024
Қызметкерлеріне жалақы төлемеген басшы айыппұл арқалады
Бас прокуратура Алматы облысында еңбек заңнамасын сақтау мәселесін тексеру барысында қаңтар айында 1043 қызметкерге жалақы төлемеген басшыны анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Көпбалалы отбасылар 39 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы қамтылды. Дәлірек айтқанда, оларға жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді
Анна есімді келіншек ұлттық шапан тігу ісімен айналысады. Бұл туралы Александра Мыскина Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 16 Наурыз, 2024
Әлеуметтік желіде түркі халықтары әйелдерінің образы бейнеленген кілемдерді көзіңіз шалған болар? Тың туындылардың авторы - Әсел Сабыржанқызы Egemen.kz сайтына сұхбат беріп, шығармашылығы туралы баяндап берді. Толық сұхбатты сайтымыздан оқи аласыздар.
Тұлға • 15 Наурыз, 2024
Конференция аясында ғалымға құрмет көрсетілді: Академик Баян Рақышев 90 жаста
Бүгін Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де «Экономиканың тұрақты дамуы жағдайында минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологиялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 14 Наурыз, 2024
«Наурыз-челлендж»: Мектептерде бір мезетте күй ойнайды
Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді. Бұндай челлендж былтыр алғаш рет өтті. Биыл да сондай шара жалғасады. Домбыра үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Наурыз, 2024
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады
Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Қаулы жобасында шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ораза-2024: Әр өңірдің уақыт кестесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі еліміздің қалалары және елді мекендеріндегі 2024 жылғы Ораза уақытының кестесін жариялады. Әр өңір бойынша ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттарында минуттар бойынша айырмашылықтар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 08 Наурыз, 2024
Белгілі ақын Күләш Ахметоваға Президенттің Құттықтау хаты табысталды
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі ақын Күләш Ахметоваға Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2024
Бұзақылық бабына ауысты. Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің ісі жеңілдетілді
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың ісі жеңілдетілген қылмыстық бапқа ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2024
8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі
Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Алайда жәрдемақы бүкіл ел аумағын қамтымайды. Тек 5 облыстың әкімдігі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақының жиынтығы өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі есептеледі, деп жазады Egemen.kz 1tvkz-ке сілтеме жасап.
ANTIKOR • 02 Наурыз, 2024
«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды
Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Наурыз, 2024
Әбиба Әбужақынованы алтынға жеткізбеді
Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде дзюдошы Әбиба Әбужақынова финалда сүрініп қалды. Басты жүлдеге бір табан қалғанда алтынды ресейлік спортшы жұлып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Уақыт белдеуі өзгерген күні 803 нәресте дүниеге келді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.