и
Digital • 04 Қыркүйек, 2025
Жолдау-2024:Қазақстан цифрландыруды қалай ілгерілетіп жатыр
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды. Президент осы салада қол жеткізілген жетістіктерді еселей түсіп, «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын еліміздің экономикалық өсімін жеделдетудің негізгі тетігі ретінде қарастыра отырып, оларды барлық салаға енгізу жұмыстарын күшейтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Берік Нәжімиденов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Бүгін Сенат депутаттары ел президентінің ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ел боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Қыркүйек, 2025
Депутаттар күзгі сессияда қандай маңызды мәселелерді көтеретінін айтты
3 қыркүйек күні Мәжілістің VIII шақырылымы төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Астанада әлем чемпионатына іріктеу ойынына байланысты жол қозғалысы шектеледі
Бүгін сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады
4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырумен әлем біріншілігі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда автобус жүргізушісі екі қызды қағып кетті
Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде электроскутер мінген екі қызды қағып кеткен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 04 Қыркүйек, 2025
Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайына қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2 пайызға артты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 04 Қыркүйек, 2025
«Реал» Чемпиондар лигасында ойнайтын құрамын жариялады
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылдардағы маусымында Мадридтің «Реалы» мынадай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2025
«Қайрат – Реал» матчы қарсаңында полиция ескерту жасады
Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция тұрғындарды билеттерді сатып алу кезінде ерекше сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Жайық өзенінен ер адамның денесі табылды
Құтқарушылар ер адамның денесін судан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Қыркүйек, 2025
Алдағы уақытта ауа райы суып, үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер 4-6 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы: негізгі тенденциялар мен сын-қатерлер
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығы тұрақты өсуді көрсетіп отыр, бірақ отынның кейбір түрлері бойынша импортқа тәуелді болып қала береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат рас па? Министрлік мәлімдемесі
Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыда үстел теннисінен іріктеу кезеңі аяқталды
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінде алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Қатысушылар жекелей сынның іріктеу кезеңінде бақтарын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін таңертең Түркияның Шанлыурфа – Газиантеп тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Германия туризм саласындағы серіктестікті кеңейтеді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның Туристік қауымдастығы (DRV) делегациясымен және ірі неміс туроператорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда екі ел арасындағы туризм саласындағы ықпалдастықтың келешегі мен бірлескен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада тұрғындарды виза жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Елордада азаматтарды алдап, Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға виза рәсімдеуді уәде еткен күдікті ұсталды. Ол сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге жалған уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты
Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Елордада заң үстемдігі мен демократия мәселелері талқыланды
Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі» атауымен дөңгелек үстел өтті. Айтулы мереке қарсаңындағы жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуды Қазақстан халық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2025
Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады
Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Енді отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен ғана, шетелдік паспортсыз әрі визасыз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Қытай ғалымдары ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарды
Қытай зерттеушілері астронавттарға арналған шағын кір жуғыш машина ойлап тапты. Салмағы небәрі 12 келі болатын құрылғы ультраұсақ тұман мен озон технологиясын қолданып, бір циклде бар-жоғы 400 миллилитр суды пайдалана отырып киімді тазартады, деп хабарлайды Egemen.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Теннис • 03 Қыркүйек, 2025
Дэвис кубогінде кімдер өнер көрсетеді
12-13 қыркүйекте Қытайдың Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогінің Әлемдік тобының плей-офф сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарына жаңа міндеттер жүктеді
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарға арнап сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол әскери білім берудің маңыздылығына тоқталып, саланың алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат Түркістан облысындағы ауыз су және кәріз мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол Түркістан облысының бірқатар аудандарында инфрақұрылым мен сапалы ауыз су тапшылығы әлі күнге дейін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.