ара
Әлем • 24 Маусым, 2020
Мальдив аралдары 15 шілдеден бастап туристік курорттарды ашады
Мальдив аралдары туристік курорттарды 15 шілдеден бастап ашады және халықаралық туристерді қуана қабыл алады, дейді президент Ибрахим Солих. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz жазады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
БҚО-да уақытша шектеулер енгізілді
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыс аумағында 2020 жылдың демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін қосымша уақытша шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 24 Маусым, 2020
Ресейде Жеңіс парады өтіп жатыр
Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығына арналған парад өтіп жатыр, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон өтеді
Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, марафон шарты бойынша қатысушылар 40 күнде 175 шақырым жүгіріп өтуі тиіс, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Тараз қаласында құрылыс қарқынды жүргізілуде
Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласынағы 389 жобаны қаржыландыруға 16 миллиард 965,8 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артады. Нәтижесінде, азаматтар 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орнымен қамтылады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қарағандыда 172 мемлекеттік қызметші медальмен марапатталды
Кеншілер астанасында "Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ел Президентінің атынан қарағандылық бір топ қызметкерді "Халық алғысы" медалімен марапаттады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
COVID-19: Алматыда ӨЖЖ аппараттары жеткілікті ме?
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте эпидемиологиялық жағдайға байланысты ӨЖЖ аппараттарының жүктелуі мен қажеттілігіне талдау жүргізілгені туралы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Індеттің асқынуына байланысты сақтық шаралары күшейтіледі
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
Полиция қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел іс-шарасы кезінде өзбекстандық азаматты есірткімен қолға түсірді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Бүгінде Жамбыл аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жергілікті полиция инспекторы болып қызмет атқаратын полиция аға лейтенанты Ержан Сексенбаев ішкі істер саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 22 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары қабылданды
Елордада COVID-19 таралу қаупін азайту мақсатында бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары жүйелі жүргізілмей отыр
Бүгінде Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқан жоқ. Бірқатар мердігер компаниялардың кесірінен салынуы тиіс құрылыс нысандары әлі басталмаған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сауд Арабиясы қалыпты режімге көшті
Сауд Арабиясы жалпыұлттық коменданттық сағатты алып тастады, бірақ басқа да шектеулер жалғасады деп мәлімдейді. Бұл туралы BBC News агентігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты
Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қарағандыда пульмопровизорлық госпиталь ашылады
Кеншілер астанасында, нақтырақ айтқанда Майқұдық елді мекенінде коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге арналған 250 төсек орны бар пульмопровизорлық госпиталь ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың онлайн режимінде өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды
Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Таразда бірқатар нысандар қайта жаңғыртылады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Ол әуелі "Март" сауда және ойын-сауық орталығының жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргіншілер жолының үшінші кезеңінің құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Алматыда екі күн қатарынан ауқымды дезинфекция жүріп жатыр
Бүгін, 21 маусым күні таңғы 08:00-де адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды дезинфекциялаудың екінші күні басталды. Жұмыстарды бүгін сағ. 18:00-де аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Алматыда карантиндік шаралар күшейтілді
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді, ал соңғы екі аптада қалада ауыру деңгейінің екі есе көбейгені байқалған. Соған байланысты инфекцияның одан ары таралуын болдырмау мақсатында осыған дейін жүзеге асырылып жатқан шараларға қосымша шаралар қабылданды. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қосымша шаралардың қажеттілігін түсіндіріп, қала тұрғындарының өзіндік тәртіп сақтауының маңыздылығын тағы да еске салып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
iKOMEK Нұр-Сұлтандағы карантин ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының артуына байланысты ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 20-21 маусымы – демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда коронавирус тестін өңдейтін зертханалар қуаты артады
Дүйсенбіде, 22 маусым күні қалада қосымша екі жүз төсек-орын қойылады және басқа да мекемелер стационарға қайта бейімделеді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Алматының бір ауданында 84 нысан дезинфекцияға жабылды
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев 20-21 маусым күндері аудан аумағында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, базарлардың, спорт залдарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Қазір осы нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Алматы полициясы қоғамдық орындардағы күзет қызметін күшейтті
Алматы полиция Департаменті демалыс күндері мегаполисте шектеу шаралары күшейе түсетіндігін еске салады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Алматыда ауқымды дезинфекция жүргізілуде
Бүгін таңғы 08:00-ден бастап Алматыда адам көп жиналатын қоғамдық орындарды жаппай дезинфекциялау жұмыстары басталды. 20-21 маусым күндері мұндай жұмыстар сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілетін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Бүгіннен бастап Қазақстанның кей қалаларында карантиндік шаралар күшейтілді
Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірі мен қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 16779-ға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 428 адам індет жұқтырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz