ру
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Қызылорда көшелерінің бірінде атыс болды
29 шілдеде Қызылорда қаласындағы шағынаудандардың бірінде атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
ҚМДБ COVID-19-ға қарсы салынатын екпе туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Алматы Сингапурдей «Ақылды қала» атанбақ
«Ақылды қала» бағдарламасын дамыту мақсатында Алматы қаласы мен Сингапур арасында цифрлық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2021
Әлемде 197 миллионнан астам адам вирус жұқтырған
30 шілдедегі жағдай бойынша, әлемде 197,3 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, деп жазады Egemen.kz Worldometers-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда күріш бағасы өсуі мүмкін
Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі ағымдағы агромаусымда судың аздығынан күріштің егіс алаңын төрттен бірге қысқартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар-24»-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығын өтеле ме?
Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Дәрігер «Дельта» штамының белгілері туралы айтты
Жоғары санатты білікті дәрігер, фтизиатр Анна Цепке коронавирустың жаңа түрі - «Дельта» штамының қауіпті екенін айтты. Фтизиатрдың айтуынша, бұл штамм қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады және өзіндік белгілері бар, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі инфекция ошағына айналуы мүмкін
БҰҰ COVID-19-дың таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде, ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекция ошағына айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 7778 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 7778 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Көлік ішінде қару жасырған шымкенттіктер ұсталды
Шымкенттік полицейлер көлік ішінде тапанша ұстаған екі тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда 5 321 718 адам вакцина салдырды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 30.07.2021 ж. күнгі деректер бойынша өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Коронавируспен ауырғандар мен жазылғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққандар мен одан жазылып шыққан науқастарға қандай медициналық көмек көрсетіледі? Бұл сұраққа Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Алматыда тамыздың ортасында коронавирустың төртінші толқыны басталады - Ж. Бекшин
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты - ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Telegram-да COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Қазақстанда 5 275 626 адам вакцина салдырды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 29.07.2021 ж. күнгі деректер бойынша өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Өткен тәулікте 5814 адам коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 5814 адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 7479 адам вирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 7479 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Коронавирус • 28 Шілде, 2021
Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар - Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцинациядан өтпегендер екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Ақтөбе әуежайы цифрлық құжаттар қызметін іске қосты
Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 28 Шілде, 2021
Коронавирус: 5 мыңнан астам адам жазылып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 5096 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп жазады Egemen.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 28 Шілде, 2021
Өткен тәулікте 7 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп жазады Egemen.kz coronavirus2020.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды
Қазақстанда соңғы тәулікте 81 адам коронавирус инфекциясынан, тағы 11 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Жалпақ әлемді жаман тұмаудың шеңгелі уысына қысып, босатпай тұрған шақта елдің азық-түліктен тарықпауы – маңызды мәселенің бірі. Өңір Нұр-Сұлтан қаласын қаумалай орналасқандықтан, аумақтық жағынан қолайлы болғандықтан астаналықтардың дастарқанының ырыздығы үшін құрылған азық-түлік белдеуі облысты да түгел қамтып отыр.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Алматы облысында шөп жинау науқаны өтуде
Алматы облысындағы шөп шабу науқанына 1670 адам тартылып, 295 шөп шабатын бригада, 1576 шөп шабатын машина мен 1401 пішен нығыздап жинайтын техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 27 Шілде, 2021
Елорданың жабық базарлары Ashyq жобасына қосылады
Елордадағы жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді Ashyq жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Елордада балалар коронавируспен жиі ауыра бастады
Елордада маусым айынан бастап балалар арасында коронавирус инфекциясының өсуі байқалады. Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Алматыда індеттің жаңа штамын жұқтырғандардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты тағы да вакциналауға шақырды. Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Токиода бір күнде коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны анықталды
Токио билігі Олимпиада астанасында бір күнде коронавирустық инфекцияның рекордтық санын анықтады. Бұл туралы статистикалық мәліметтерді Жапония астанасының әкімшілігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 27 Шілде, 2021
Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады - дәрігер
Елордада маусым айынан бастап балалар арасында коронавирус инфекциясының өсуі байқалады. Балалар негізінен отбасындағы КВИ жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін ауырады. Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова айтты.