ру
Экология • 24 Шілде, 2025
Киіктерді Өзбекстанға жіберу мемлекетаралық шешімді талап етеді - Экология министрлігі
Осы жылдың 22 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми ресурсында Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатқаны туралы хабарланған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
26 мен 27 шілде аралығында елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өнім өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Бүгін Астана қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлер мен қызметтік автокөліктер табысталды. Құтқарушылардың әлеуметтік әлеуетін көтеріп, алаңсыз азаматтық міндетін атқаруға атсалысатын шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Зәулім үйі, екі көлігі бар отбасы мемлекеттен қолдау алған
Үкімет үйінде өткен бүгінгі жиында әлеуметтік саланы цифрландыру жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Осы орайда журналистер «жәрдемақыларды 6 санатқа бөлу оның қатарын қысқартуға алып келмей ме?» деген сауал қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Шілде, 2025
Елімізде алғаш рет спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілді
Бұған дейін оқыту тек мектептердегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы шеңберінде жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Ауыл шаруашылығы санағына кімдер қатысуы керек
Биыл елімізде 1 тамыз - 20 қазан аралығында арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақтың бірінші кезеңі 1 тамыздан 31 тамызға дейін, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 23 Шілде, 2025
Қарашөкеев егістік алқаптарды аралады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласындағы егістік алқаптарды аралап, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 22 Шілде, 2025
«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты
Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің қызметкерлері Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты жолсапарға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Грузия туризмнен рекордтық табыс тапты
Galt & Taggart инвестициялық компаниясының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында Грузияның халықаралық туризмнен түскен табысы 2 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Business Media-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Министр балаларға арналған фэнтези мен комикстерді көбейтуді ұсынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» басылымына берген сұхбатында еліміздегі кітап шығару ісінің жай-күйі мен кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Шілде, 2025
Грузияға мұнай экспорты артады
Энергетика министрі Ерлан Әукенжановтың мәлімдеуінше, алдағы жылы Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы экспортталатын мұнай көлемін 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квиривишвилимен кездесу барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Шілде, 2025
Тау-кен өндірісіне арналған қызметтердің 87,6%-ы онлайн форматқа көшірілді
Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тау-кен кешенін цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Шілде, 2025
Қазақстанда кен өндіру көлемі өскен
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Биыл 5,1 млн жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленді
Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына 464 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударды. Бұл жарналар 5,1 миллионнан астам жұмыскерді қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өскен
Үкіметте өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылып, 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 21 Шілде, 2025
ОПЕК бас хатшысы Астанаға келеді
ОПЕК ұйымының бас хатшысы Хайтам әл-Гайс 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында өтетін Kazakhstan Energy Week – 2025 еуразиялық форумына қатысу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы форумның ұйымдастырушылары ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Шілде, 2025
Киік еті қауіпсіз: барлық кезеңде жіті тексеріледі
Киіктердің санын реттеу жұмыстарын «Охотзоопром» РМК қызметкерлері жүзеге асырады. Киіктің сойылған ұшалары рефрижераторларға салынып, сою пункттеріне жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Шілде, 2025
Карина Магрупова әлем чемпионатының финалына шықты
11 шілде Сингапурде жүзуден әлем чемпионаты басталған еді. Бүгін жарыс жолына шыққан отандасымыз әртістік жүзуден әлем біріншілігінің финалында бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Шілде, 2025
Салаларды цифрлық трансформациялау қарқыны талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралған. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Шілде, 2025
Ауылшаруашылығы техникаларының 90 пайызын отандық өндірушілер құрастырады
Ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6% құрайды. Саладағы сан мен сапаны арттыру мәселесі 6 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер үшін 369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Шілде, 2025
Отандық колледждер интернационалдандырылып жатыр
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Шілде, 2025
Елімізде қызылша, көкжөтелмен сырқаттанушылар азайған
Осы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Шілде, 2025
Өскемен әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды
«Өскемен әуежайы» АҚ бұрынғы президенті 5 жыл бойы аса ірі көлемде қаржыны жымқырған деген күдікке ілініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.