ақы
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Нұрлан Жақыпов Qazaq Air басшысы қызметінен кетті
Нұрлан Жақыпов тағайындалғанына 3 ай өтпестен Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2024
Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін бе?
Үкіметте өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев кейбір өңірлердің бұрынғы уақыт белдеуіне қайта оралуы мүмкін деген мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Сотталғандардың түрмедегі бейнебақылау камераларын сындыруы жиілеген - ІІМ
Бүгін, 20 мамыр күні Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов қылмыстық-атқару жүйесі бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Мамыр, 2024
Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады
Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
«6,5 миллон теңге». Қызметкерлеріне негізсіз сыйақы берген мекемелер анықталды
Жоғарғы аудиторлық палата отырысында 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында Алматы қалалық бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Бүгін сарбаздарға білім гранттары үлестіріледі
Бүгін, 16 мамыр сағат 16:00-де Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар арасында білім гранттарын үлестіреді. Адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында процесс Qazaq Army YouTube арнасынан көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Сенаторлар «Бақытты отбасы» орталығы қызметімен танысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығына барды. Орталық жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы» бірінші кезекте көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жұмыссыз, қиын жағдайға тап болған және жалғызбасты аналарға жан-жақты қолдау көрсететін платформа екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2024
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?
Ұлттық экономика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақыға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2024
Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.Байжановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздар анықталды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздардың анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Бокс • 13 Мамыр, 2024
«Елорда Кубогі» ІІІ: Жеңімпаздарға берілетін қаржы көлемі белгілі болды
13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан ересектер арасында «Елорда Кубогі» ІІІ халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz Қазақстан Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Мамыр, 2024
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот отырысында екі айыпталушы – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Мамыр, 2024
Елдегі жолдардың сапасын бақылауға арналған сервис пайда болды
Енді ел азаматтары республикалық жолдардың жағдайын онлайн бақылай алады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ осындай мүмкіндік беретін kaztoll.kz ақпараттық сервисін іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Мамыр, 2024
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады
Қазақстан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салуды алып тастауды жоспарлап отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында бұл ұсынысты жүзеге асыру тәсілдері жаңа Салық кодексінің жобасында көрініс табатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2024
Астана әуежайының қызметкерлері жалақы көтеруді талап етті
Астана халықаралық әуежайының жұмысшылары жалақы мәселесін көтеріп, басшылық құрамға талаптарын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2024
Астаналық бухгалтердің 7 жыл бойы жасырған қылмысы әшкереленді
Елорда прокуратурасы қаладағы мектептердің бірінде бюджет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген бухгалтердің қылмысын әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Қазақстанда автожол сапасын бақылайтын жоба іске қосылды
Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Аталған жоба қоғамның еліміздегі жол нысандары сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
БАҚ пен азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын – министр
Соңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақ түскенін айтқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Гуманитарлық жүк тиелген көліктер ақылы жолдарда тегін жүреді
Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тасқын судан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 24 сәуір – 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 1 966 адамға мемлекеттен жалпы сомасы 638,8 миллион теңгеге жуық әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Қазақстанда қанша зейнеткер тұрады?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
БҚО-да тасқыннан зардап шеккендер жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға апта соңына дейін өтемақы төленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген екен. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы аптаның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Сәуір, 2024
Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Үстіне ағаш құлаған алматылық өтемақы ала алмай отыр
Өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны Айдын Боранбаевтың үстіне қарағаш құлап түскен. Сол сәтте ол өз велосипедін тұраққа қойып тұрған еді. Ақыры ауыр дене жарақаттарын алған ер адам жұмысын жалғастыра алмай, қызметтен кетуге мәжбүр болған. Келеңсіз оқиғадан бері 9 ай өтті, ал кінәлілер әлі табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Сәуір, 2024
АШМ малынан айырылған шаруалардың өтемақыны қалай алатынын түсіндірді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны салдарынан малынан айырылған шаруалардың өтемақыны қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлады Egemen.kz.
Экономика • 15 Сәуір, 2024
Ел азаматтарының айлығы орташа жалақы мөлшерінен аз болып шықты
Finprom.kz қаржы агенттігі жүргізген есепке қарағанда, ел тұрғындарының 2023 жылы алған айлық мөлшері орташа жалақы көлемінен 4 есе аз екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Атырауда салынған бөгеттер 100 шақырымнан асты
Облыс орталығында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы алты күнде (бүгінгі мәлімет бойынша) жоспарланған 215,1 шақырымның 101,2 шақырымына жағалауды нығайту бөгеттері салынды. Айта кетсек, бастапқыда картографиялық деректер бойынша ұзындығы 105 шақырым бөгет құрылысы жоспарланыпты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың ТЖ жөніндегі жедел штаб мәліметіне сілтеме жасап.