Су
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Ажырасқандарға салық салу – шешім бе, шектеу ме
Соңғы жылдары отбасы институтының әлсіреуі мен ажырасу көрсеткішінің өсуі еліміздегі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан отбасыларға салық салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Депутаттың бұл бастамасына қоғамның көзқарасын білу мақсатында Egemen.kz тілшісі елорда тұрғындарының арасында сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға қатысқан елордалықтардың барлығы дерлік бұл бастаманы қолдамайтындарын жеткізді.
Құқық • 08 Мамыр, 2025
Су заңнамасын бұзғандардан 2,9 млн теңге өндірілді
Биылғы жылдың басынан бастап су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілеріне қарсы жасалып жатқан шаралар нәтижесін бере бастады. Мәселен, қаңтар айынан бері су заңнамасын бұзған тұлғаларға жалпы сомасы 2,9 миллион теңгеге 18 әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ қайта жаңартылады
Жаңғырту жұмыстары әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс беткейлеріндегі, Республика алаңындағы және Ғабит Мүсірепов атындағы театр жанындағы субұрқақтарды қамтиды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1–30 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 06 Мамыр, 2025
Кейінгі үш жылда неше түп көшет отырғызылды?
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Талдықорғандағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті.
Өндіріс • 06 Мамыр, 2025
Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ны барлығы 757 бірлік техникамен жабдықтауды көздеп отыр. Бұл жұмыс бес кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2025
Қызылордада он бір жасар бала суға батып кетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша 11 жасар бала қатарларымен ойнап жүріп, каналға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы іздеуге кіріскенмен денесі тәулікке жақын уақытта табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2025
Атырауда балық аулауға шыққан жасөспірім суға батып кетті
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні кеште Атырау облысы, Еркінқала ауылында болған. Жайық өзенінен балық аулау кезінде жасөспірім моторлы қайықтан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Инфрақұрылым • 04 Мамыр, 2025
Ақмола облысының екі қаласын ауыз сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді
Заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет Ақмола облысындағы сумен жабдықтау жүйесі құрылысына осынша қаржы бөліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Су саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді
Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар әзірледі.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астанада субұрқақтар іске қосылды
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Ардақ Назаров ажырасатын отбасыларға салық салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы отбасы институтының әлсіреуіне алаңдаушылық білдіріп, ажырасудың алдын алу мақсатында нақты ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасы құндылықтары үлкен дағдарысқа ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Субсидия • 30 Сәуір, 2025
Баспанаға берілетін субсидияны қайта қарау ұсынылды
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ауыл тұрғындарына арналған баспана салу субсидиясына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Су мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-та оқып келді
Сала министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Министрлік мәліметінше барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер-бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылғандықтан, оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Жетісуда ұзақ өмір сүру орталығы ашылды
Бұл – өңірдегі екінші орталық, алғашқысы былтыр Талдықорғанда іске қосылған. Жаңа нысан «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірге орналасқан. Екі орталыққа ортақ көлік бөлінген. Мұнда зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық және спорттық шараларға қатысуына жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2025
Семсерлесуден ел чемпиондары анықталды
Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ұлттық олимпиада комитеті ел біріншілігінің жеңімпаздарын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Жетісуда ветеринарлық нысандар тапшылығы жойылады
Жетісуда ветеринария саласы дамып келеді. Облыс құрылғанға дейін 5 қана ветеринарлық пункт болса, бүгінде олардың саны 50-ге жетті (49 ветпункт, 1 ветстанция). Биыл тағы 17 ветпункт пен 3 ветстанция салу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылға жоспарланған 447 нысаннан асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 29 Сәуір, 2025
Жетісу облысы 92 пайызға газбен қамтылады
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі газдандыру және цифрландыру жұмыстары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Жетісуда ауыз су мәселесі түбегейлі шешілуде
Жетісу өңірінде бүгінде қала халқының 100 пайызы, ауыл халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 331 елді мекеннің барлығы (694,2 мың адам) таза ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде.
«Таза Қазақстан» • 28 Сәуір, 2025
Жетісуда 12 мың адам сенбілікке шықты
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылып, оған жалпы саны 12 мыңға жуық жетісулық тұрғын қатысты.
Су тасқыны • 28 Сәуір, 2025
Петропавлдың түбіндегі Заречный кентіне апаратын тасжолдың үстіне су шығып кеткенін бұрын айтқанбыз. Қазір кент аралда қалып, оған қатынас тек қайықпен ғана жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Темірлан ауылында өнер мектебі салынады
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған әлеуметтік жобалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2025
Биыл Қырғызстаннан 600 млн текше метр су келеді
Суару маусымы басталған осы айдың өзінде-ақ 45 млн текше метр су беріліпті. Ал, ай соңында Талас өзені арқылы Қырғызстаннан тағы 400 млн текше метр және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жіберіліп, Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесі салынады
Үкімет Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2025
Абай облысы Аягөз ауданының Қопа ауылының маңында Аягөз өзені көтерілуіне байланысты бөгеттің ішінара қирауы орын алды. Су деңгейінің көтерілуі салдарынан бөгет бұзылған.
Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025
Күтпеген жерден көтерілген тасқын
Петропавлдың түбіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Тепличный кентіне былтыр тасқын су кіріп кеткен. Биыл олай бола қоймас деген үміт ақталмады. Су бөгеттерден асып түсу қаупі бар. Сондықтан 25 сәуірде тұрғындар Бескөл ауылындағы 2-ші мектепке және Петропавл қаласындағы жатақханаға эвакуацияланды.
Экология • 25 Сәуір, 2025
Балқаштың су деңгейі 12 сантиметрге көтерілді
Балқаш көліндегі су деңгейі бір жылда Балтық биіктік жүйесі бойынша есептегенде 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілген. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады, деп жазады Egemen.kz.