м
Бокс • 17 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионы Аида Әбікееваны қарағандылықтар қуанышпен қарсы алды
Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған жерлесіміз Аида Әбікеева туған жеріне оралды. Әлемдік аренада атой салған боксшымызды жанашырлары, жанкүйерлері Қарағандыдағы Сарыарқа әуежайынан күтіп алды. Чемпионға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Қыркүйек, 2025
Алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топ ұсталды
Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланғандарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Алматыда жол жабыны опырылып, 13 көлік зақымданды
16 қыркүйек күні Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінің жол жабыны опырылып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды
Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия», деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде белең алып жатқан жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Шымкентте әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді
Бүгін Шымкентте бокстан әлем чемпиондары құрметке бөленді. Ливерпульдегі жарыстан жеңіспен оралған спортшыларды әуежайда қала басшылығы мен жанкүйерлер қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Ақтауда бір пәтерді бірнеше адамға сатқан компания басшысы қамауға алынды
Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бір пәтерді бірнеше сатып алушыға сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Жерде тағы магниттік дауыл тұрады
16 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 02:00 бен 04:00 аралығында Жер бетінде жаңа магниттік дауыл тіркелді. Бұл G1 деңгейіндегі (әлсіз) құбылыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қыркүйек, 2025
Үсік, тұман. 17 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Синоптиктер 17 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 16 Қыркүйек, 2025
Мамонттың жілік сүйегі табылды
Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны Әсет Шайкин таңғы мезгілде балық аулауға бара жатып, жердің бетіне шығып қалған ұзындығы 1 метрлік аң сүйегін тапты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Талғат Ермегияевке мерзімінен бұрын босап шығуға тағы рұқсат берілмеді
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 16 Қыркүйек, 2025
Цифрлық дәуірдегі ұлттық медиа: қазақша контенттің әлеуеті артып келеді
Қазіргі заман – білім мен технологияның тоғысқан тұсы. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып, жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Дүниежүзінде экономиканың жаңа бағыты ретінде креативті индустрияға басымдық беріліп отырғаны тегін емес. Осындай кезеңде ұлттық цифрлық контентті дамыту – тек мәдени қажеттілік қана емес, елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ететін стратегиялық міндет.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысындағы инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды, деп жазды Ақорда.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
Қопа көлінің жағасында орналасқан ғимарат бұрын Президент резиденциясы болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған нысан балалардың игілігіне беріліп, былтыр желтоқсан айында Шахмат үйі ретінде есігін айқара ашты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президент Digital Aqmola орталығында болды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Қыркүйек, 2025
Аман Төлеевтің жұбайы қазақстандықтарға алғыс айтты
Өткен аптада Ресей астанасында Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман – «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өткені, оған 22 елдің елшіліктерінінің өкілдіктері, оның ішінде Қазақстанның Мәскеудегі «Тағдыр қиылысында елшілігінің қызметкерлері қатысқаны хабарланған болатын. Осыған дейін Аман Төлеев жайлы бірнеше мемуарлық көркем шығарма жазған автор Глеб Стафеев бұл жолы атақты жерлесіміздің өмірінің бізге белгісіз қырлары, ата-тегіне, өмір тарихы туралы қалам тартқан, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2025
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Премьер-министр орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президентке «Көк шалғын» жобасы таныстырылды
Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Көкшетау қаласындағы Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі секілді қаланың ең көрнекті жерлерін үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін бірыңғай туристік бағытқа біріктіру көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жылжымалы медициналық кешендер 119 ауылды қамтыды
Жетісу облысында өткен жарты жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдің 119 ауылын аралап, 58 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қыркүйек, 2025
Қазақстан атом энергетикасының жаңа даму кезеңін жариялады
Вена қаласында өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 69-шы Бас конференциясында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйлеп, Қазақстан бейбіт атомға, жаһандық қауіпсіздікке және тұрақты дамуға бейілділігін растады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттер нақтыланды
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңесте жиналған өнімді тиісінше сақтау маңызды міндеттің бірі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Қ.Тоқаев жұмыс сапары аясында егін жинау науқанымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызметшілер пікірсайыста бас қосты
Мемлекеттік қызметшілер пікір сайыс алаңында тартысты. Дебат «Қоғам дамуының негізі – еліміздің ұлттық құндылықтары» тақырыбында өтті. Іс-шара елордада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлерінен құралған екі команданың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын жымқырған
Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен алимент ақшасын қалтасына басып келген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті
Қ.Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.