от
Жемқорлық • 02 Маусым, 2025
СҚО-да мемлекет қаржысын жымқырған депутат сотталды
Петропавлда бюджет қаржысын жалған келісімшарттар арқылы жымқырған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевқа және оның үш сыбайласына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Маусым, 2025
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау тәртібіне елеулі өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен жоғары сот органының кезекті жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Шерзат ісі: Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады
Жетісу облысында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Мүгедектікті белгілеу өтінімдерін сырттай қарау жалғасып жатыр
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп 20 өңірде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Маусым, 2025
Қордайда 144 отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында тұратын 144 отбасы баспаналы болды. Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімі Бегзат Болатбеков жаңа пәтер иелерін қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 30 Мамыр, 2025
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2025
Елімізде 2,1 млн отбасыға әлеуметтік төлем беріледі
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» меморандумға қол қойды
Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Құжат конституциялық бақылау органы мен медиа қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Мамыр, 2025
Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды
Бас прокуратураның хабарлауынша, борышкер әке мүмкіндігі бола тұра алимент төлеуге асықпаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Шерзаттың отбасы қомақты өтемақы талап етті
Шерзат Полаттың отбасы сотта айыпталушылардан моральдық зиянды өтеу үшін 660 миллион теңгеден астам өтемақы талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Мамыр, 2025
Үш миллион қазақстандық жинақтарын Отбасы банкке сеніп тапсырған
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Отбасы банкте үш миллионыншы депозит ашылды. Оның иесі Жанат Құлбаева Шымкентте тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Сотқа сенімсіздік туды
Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесі қызу талқылануда. Іс бойынша басты сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов бүгінгі отырыста судья Ержан Жанұзақовқа сенімсіздік білдіріп, оны істен шеттету туралы өтініш жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Айбын • 28 Мамыр, 2025
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі талқыланды
ҚР-ның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Сонымен қоса, аталған отырысқа ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволарының басшылары, Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және Біріккен штаб бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков қатысып, ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдайды, оның мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2025
Дженнифер Лопестің концертіне билеттер қаншадан сатылып жатыр
Әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне билеттер сатыла бастаған сәттен-ақ қазақстандықтар жаппай сатып алуда. 2025 жылдың 28 мамырында концертке билеттердің ресми сатылымы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 28 Мамыр, 2025
Алимент төлемеген әкелер сотталды
Бүгінде жағдайы бола тұра алимент төлеуден жалтаратындар көбейген. Алматы қаласының прокуратурасы табыс көзі бола тұра, ұзақ уақыт бойы өз балаларын бағу жөніндегі міндетін орындаудан жалтарған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Мамыр, 2025
Кәмелетке толмаған баладан ақша талап еткендер сотталды
Бас прокуратура мәліметінше, 4 сотталушы жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 27 Мамыр, 2025
Ана мен баланың өмірін сақтап қалды
Маңғыстау кардиохирургтері алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне күрделі операция жасады. Облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері екі сағатқа созылған операциядан кейін ана мен баланы аман алып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары Щучинсктегі әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Жетісайдағы жанар-жағар май бекетіндегі кісі өліміне кінәлілер сотталды
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы автогаз құю бекетінде екі адам қаза болған еді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді.
Қылмыс • 23 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: мәйітке жасалған зерттеу
Талдықорған қаласында көпшіліктің назарын аударған Шерзат Полаттың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша он бірінші сот отырысы өтті.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Елімізде 11 мыңға жуық отбасыға тұрғын үй жалға берілген
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде және биыл атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 23 Мамыр, 2025
«Келешек» жүйесінің алғашқы төлемін қашан алуға болады
235 920 теңге көлеміндегі мемлекеттік білім беру капиталын отандастарымыз осы жылдың 31 тамызына дейін алатын болады. Ол биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға есептеледі. Мемлекеттен осы материалдық қолдауды алу үшін Отбасы банкте «AQYL» білім беру жинақтау салымын ашу қажет. Бүгінгі күннің өзінде 6 624 ата-ана аталған депозиттерді ашып үлгерген екен, деп хабарлайды Egemen.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Ұлытауда отбасылық сурет көрмесі өтті
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және отбасылық құндылыққа деген құрметті қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Отбасылық сурет көрмесі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2025
Павлодарда оқушыны үшкір затпен түйреп өткен мұғалім кінәсіз деп танылды
Полиция сотқа дейінгі өндірісті тоқтатып, оқушыны арқасынан өткір затпен түйреген ұстаз дене жарақатын салмаған деген қорытынды жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 22 Мамыр, 2025
Tazaqazbot арқылы 17 мың экологиялық мәселе шешілді
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Шерзаттың сотына қатысы болуы мүмкін даулы видео тарады
Кеше әлеуметтік желілерде Шерзаттың сот процесіне қатысы болуы мүмкін белгісіз тұлғалардың екіұшты сипаттағы диалогын қамтитын бейнематериал тарады. Осы оқиғаға байланысты сот тарапынан жеке қаулы шығарылатыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қазақстан армиясының даярлығы талқыланды
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар 202 млрд теңге жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Түркістан облысында он жеті Отбасын қолдау орталығы бар
Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астам отбасы бар. Оның 127 мыңнан астамы немесе 25,1%-ы Д және Е санатында тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына, яғни 13,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.