ас
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді
Қазақстан әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге және қорғау шаралары туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты жаһандық акциясына қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Елімізде 4 миллион бала сапалы түскі ассыз қалуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, мектеп тамағына қойылған жаңа талаптар мен бөлінетін қаржы көлемінің сәйкес келмейтінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
«Наурыз» бағдарламасына өтінім беру қашанға дейін жалғасады?
«Отбасы банк» ресми сайтында өтініш берушілер мен бағдарлама қатысушыларының толық тізімі жарияланды. Барлығы 25 260 өтініш қабылданған. Аталған ұйымның баспасөз қызметі мәлімдегендей, тізімге кірген 9 мың адамның ішінде 3 332 қатысушы (37 %) тұрғын үй кезегінде тұрғандар екен. Ал олардың жартысынан көбі әлеуметтік осал топ санатындағылар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Шымкент қандастар үшін жаңа өзгеріс жасады
Жақында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен біріктіріліп, қайта құрылды. Бұл өзгерістер елге көшіп келген қандастарды Қазақстан қоғамына бейімдеу үшін жасалынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада пенитенциарлық жүйе мәселелеріне арналған конференция өтті
Астанада «Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» атты кең көлемді халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Президент «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атом саласына қажетті мамандарды шетелде оқытуға грант бөлінеді
Қазақстан атом энергетикасы саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасады. Елдегі Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы, сондай-ақ «Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС-мен бірге, атом саласына қажет кәсіби кадрлық резерв қалыптастыруға арналған арнайы гранттар бөлу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Желтоқсан, 2025
«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды
Әсел Жанасова Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда прокуратурасында оқушыларға арналған ашық есік күні өтті
Астана қаласы прокуратурасында «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде №26 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың құқықтық сауаттылығын күшейтіп, қоғамдағы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Өскеменде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті
«Шығыс сымбаты» халықаралық турниріне еліміздің әр өңірінен және шетелден келген 500-ден аса жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
«Жас сарбаз» әншісі жаһанды мойындатты
Жасмина Түзелова – Қорғаныс министрлігінің «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшесі. Ол жуырда Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?
Елімізде жаңадан салынып жатқан пәтерлер қайтадан қымбаттады. Қарашада, яғни бір ай ішінде баға бірден 2,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жаңа баспана бағасының өсуі 7 қала бойынша байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ
Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан тағы да таныс дилеммамен бетпе-бет келді. Негізгі экспорттық магистраль істен шыққан жағдайда мұнайды қай бағытқа жөнелтуге болатыны мәселе тудырып отыр. Бұл ретте басқа бағыттар мұнай тасымалының қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада жиһаз шығаратын цех өртенді
10 желтоқсанда Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Ақсүмбе тұйық көшесінде орналасқан бір қабатты жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 09 Желтоқсан, 2025
IT FEST 2025: Алматыда стартаптар сайысы өтті
5-6 желтоқсанда «Атакент» іскерлік орталығында жастар арасында ең ірі digital-технологиялар мен креативті индустриялар фестивалі өтіп, ең үздік командалар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» байқауы өтті
Қоғамда әрбір жастың әлеуетін ашып, олардың шығармашылығын шыңдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан 42 елмен автокөлік жүк тасымалын жүзеге асырады
Автокөлік саласында жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Бұрынғы бас дәрігер аурухана қаржысына елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және жымқыру әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Ербол Мырзабосынов әйгілі боксшы Рой Джонспен кездесті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы, Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, әйгілі боксшы кіші Рой Джонспен кездесті, деп жазады Egemen.kz.