ЕНТ
Жасанды интеллект • 11 Қазан, 2025
Әл-Фараби университеті Студенттер қатарына қабылдау рәсімін ЖИ арқылы өткізді
Биылғы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Студенттер қатарына қабылдау рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылып, 1-курс студенттерін оқуға қабылдау рәсімі жасанды интеллектінің қатысуымен жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 11 Қазан, 2025
Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Президент: Креативті индустрия бағытында ТМД елдерінің әлеуеті зор
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөзінде Президент ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қазан, 2025
Президент «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Қабылдаулар сарайына барды
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 08 Қазан, 2025
«Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Габала декларациясына қол қойылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға баса мән беруіміз қажет-Президент
Бұл туралы Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2025
Президент Габаладағы Конгресс-орталыққа барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС 6 қазан сағат 01: 29-да Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, деп жазды Ақорда.
Президент • 04 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады
Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президентке отандық AI жобалар таныстырылды
Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді. Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ, деп жазды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз - қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок баспасөз брифингін өткізді
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан президенттері БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Қазақ елінде қарсы алу үлкен мәртебе екенін, халқымыз Мажарстан Президентін аса көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты басшы, беделді тұлға деп қабылдайтынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы БАӘ өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тек бейбіт әрі игі мақсаттарға пайдалану керектігін атап өтіп, Қазақстанның жаһандық ынтымақтастыққа ашық екенін және «Alem.ai» халықаралық орталығы мен тұңғыш зерттеу университеті елдің цифрлық экожүйесінің өзегіне айналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін өте маңызды үш міндетті қатар орындау керек - Президент
Мемлекет басшысы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде жасанды интеллектінің орасан зор әлеуетін Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құру үшін қолдануға болатынын айтты, хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
«Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды - Президент
Мемлекет басшысы Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.