Бек
Дін • 21 Ақпан, 2025
Атырау облысына жаңа Бас имам тағайындалды
Енді бұл қызметі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Болатбек Әбуов атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкіметте салық саясатын жетілдіру мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін күшейтеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Былтыр өңірлерде 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылған
Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Кәсіпкерлер көлік саласындағы мәселелерді талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар басшылығының қатысуымен Көлік және логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Аудан әкімдері де инвестиция тартуға міндетті - Олжас Бектенов
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді. Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Еліміздегі алты әуежайға тексеру жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
«Tasqyn» болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді
Су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының бас кезінде береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Көрнекті дипломат Биғали Тұрарбековты еске алуға арналған турнир өтті
15 ақпанда Алматыда көрнекті қазақстандық дипломат Биғали Шәріпқалиұлы Тұрарбековты еске алуға арналған бильярдтан жыл сайынғы XV турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Биыл 170,8 мың анаға мемлекеттен жәрдемақы берілген
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Ақпан, 2025
Түзеу мекемесінде отырғандар кітап оқығаны үшін жазасын қысқарта алады
Өзбекстанда сотталғандарға жаза мерзімін қысқарту үшін кітап оқу жүйесін енгізу бастамасы қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде елімізде 2 млн 445 мың мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
Еңбек нарығындағы сұраныс ескерілуі тиіс
Әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси және экономикалық жағдайларға қарамастан, заман көші алға жылжуда. Уақыт бізден нақты жоспар мен батыл шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде осыны баса айтты.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
Жеңілдетілген несие жауапкершілігі жоғары дихандарға беріледі
Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралып, Олжас Бектенов тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары дихандарды қолдауға ғана жеңілдетілген несие беруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
Күйеуі әйелін аяусыз ұрып-соғып, ауруханаға жібермей қойған
Өзбекстанның Самарқанд облысында күйеуі әйелін бірнеше күн ұрып-соғып ауруханаға жібермей қойған. Салдарынан 27 жастағы әйел алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов бірлескен инвесторларды белсенді тартуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 06 Ақпан, 2025
Қызылордалық ақсақал 2 миллионнан астам ағаш өсірген
85 жастағы қария Бектай Сүлейменов 2 миллионнан астам ағаш отырғызып, оны баптаған тәжірибелі бағбан. Ол күн сайын қолына кетпенін алып, өзі өсірген жасыл желектерді бір айналып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2025
Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін
Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 06 Ақпан, 2025
Жәнібек Әлімханұлының келе жекпе-жегі қашан өтеді
Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы француз Анауэль Нгамиссен болмақ. Жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Өрт сөндірушілердің еңбекақысы өсуі мүмкін
2025 жылдан бастап Қазақстандағы өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруге уәде берілген. Жалақының нақты қашан көтерілетінін Мәжіліс отырысынан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Биыл Өзбекстаннан 16 млрд текше метр су келеді
Аталған көлемдегі су Қазақстанға 1 қазанға дейін келмек. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан сауданы дамытуға арналған орталық құрады
Бүгін Мәжілісте екі ел арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісім ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 03 Ақпан, 2025
«Қыз Жібек» фильміндегі «Гәкку» әнін кім орындаған
Биыл «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 55 жыл толды. Жарты ғасырдан аса уақыт көрермен көңілінің төрінен орын алған «Гәкку» әнін Мунира Ижанова орындаған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 01 Ақпан, 2025
Мырзатай Жолдасбековтің жаңа кітабының тұсаукесері өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Заң мен Тәртіп • 31 Қаңтар, 2025
Судьяның кәсіби қызметін бағалау әдісі өзгерді
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев сот алқаларының төрағалары мен судьяларының қатысуымен сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2025
Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 30 миллиард долларға жетеді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.