ана
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Қостанай облысындағы Қашар кентінің әкімі бюджет қаржысын жымқырған деген күдікпен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Халық санағы келесі жылы өткізілуі мүмкін
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 29 Шілде, 2020
Мәжіліс депутаттары шалғайдағы елді мекендерде ауруханалардың жай-күйін бақылады
Мәжіліс депутаттары еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарының тұрғындарымен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін кездесулерін жалғастыруда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Атырауда ауруханалар жоспарлы емдеуді бастауға дайындалып жатыр
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда бірқатар ауруханада жоспарлы емдеу қайта жалғасады
Нұр-Сұлтанда бірқатар медицина мекемелері жоспарлы түрде емдеуге қайта кірісті. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Қостанай облысында 2 мыңға жуық дәрігер қосымша өтемақы алды
Қостанай облысында індетке қарсы күрес жүргізіп жатқан 1874 медицина қызметкері маусым айындағы жалақыларына қосымша жалпы сомасы 308 млн теңге көлемінде өтемақы алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Павлодар облысының тұрақтандыру қоры бір айлық дәрі-дәрмекпен қамтылды
Павлодарға дәрілік препараттардың тағы бір партиясы келіп түсті, бұл жексенбі күні алынған партиямен бірге аймақтың дәріханалары үшін бір айға жетерлік дәрі-дәрмектер қорын құрады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Алтын артылған автокөлік шекарада ұсталды
Қостанай облысындағы "Қайрақ" бақылау бекетінің шекарашылары Ресей асып бара жатқан жүк көлігінен 10 тонна алтын кенін тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
"Ізгілік вирусы" акциясы жалғасуда
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен қолға алынған қайырымдылық акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлер тұрмысы төмен 200-ден астам отбасыға азық-түлік себеттерін таратып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Шілде, 2020
Қостанай облысының ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Төтенше жағдай департаментінің бұрынғы басшысы Талғат Кәкенов зейнет жасына жетуіне байланысты жұмыстан босатылып, оның орнына Біржан Кәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Қостанайда шағын бизнеспен айналысатын 36 нысанға айыппұл салынды
Айыппұл арқалағандар қатарында суда дүкендері, қоғамдық тамақтану орындары, тойханалар мен компьютерлік клубтар бар, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Түркістан облысында дәріханаларға еріктілер бекітілді
Түркістан облысында дәріханалардағы дәрілердің тапшылығы мен бағасы бақылауда, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Түркиядан жеткен гуманитарлық көмек Торғайға жөнелтілді
Қостанай облысына кезекті гуманитарлық көмек келіп жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Түркиядан келген жүкті облыстың денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Қостанай облысында браконьер ұсталды
Жангелді ауданына қарасты Байтұрсын ауылынан 15 шақырым жердегі Қарасор өзенінің маңайында 38 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Күдіктіні тексеру барысында одан сойылған ақбөкен еті мен аңшы мылтығы және 12-ші калибрлі екі оқ тәркіленіп алынған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Шілде, 2020
Елордада инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды
Нұр-Сұлтан әкімдігі № 3 көпсалалы қалалық ауруханасының "Рамада Плаза" жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін заманауи талаптарға сай 500 көпфункциялы керует сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Шілде, 2020
Биылғы жартыжылдықта көпбалалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы сомасы 113,6 млрд теңгеге 389,1 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Маусым айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 398,091 мың отбасы алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бағдарламалар • 23 Шілде, 2020
Елімізде "Еңбек" бағдарламасы қалай іске асырылуда?
Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырманы жолдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Атырауда 6,6 тонна жанар майды құжатсыз тасығандар ұсталды
Облыстық полиция департаметінің қызметкерлері Мақат ауданында екі "Газель" көлігін тоқтатып, құжатсыз жанар-жағармай тиелгенін анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Қарағанды облысында жылжымалы дәріханалар жұмыс істей бастады
Коронавирус қарқын алған кезде Қарағанды облысындағы ауылдардың дәрі-дәрмексіз қалғаны туралы мәселе әлеуметтік желілерде оқтын-оқтын көтерілген болатын. Бүгінгі күнде осы айтылған сыннан қорытынды шығарған облыс басшылығы жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында тың да тиімді жобаларды қолға алды, – деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Аурухананы күн сайын 40 литр қымызбен қамтып отыр
Денсаулық күзетіндегі дәрігерлерге демеу көрсету ісі жалғасып жатыр. Игі шара Алматы облысының барлық ауданында өтуде. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданындағы 25 ауылдық округтің тұрғындары бірлесіп, медицна қызметкерлері мен ауруханада ем алып жатқан науқастарға қымыз жеткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Қостанай облысында тағы бір зертхана іске қосылды
Аймақта бұған дейін COVID-19 індетін анықтайтын 4 зертхана жұмыс істеп келген. Оның үшеуі "Ұлттық сараптама орталығына" тиесілі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Бұлақ басына сора еккендер ұсталды
19 шілде күні полицейлер Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жердегі бұлақ басына егілгген 240 түп сора, 100 түп көкнар алқабының үстінен түсті, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Шілде, 2020
АШМ зертхана ғимараттарын Денсаулық сақтау министрлігіне беруге дайын
Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық зертхана ғимаратын ауылдық жерлерде COVID-19 вирусына ПТР-зерттеу жүргізу үшін уақытша Денсаулық сақтау министрлігіне қолдануға береді
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті жиілеп кетті
Апшыны қуырған аптап ыстықтың салдарынан аймақ ормандарында өрт қаупі күшейіп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қара орманның қызыл жалынға орануына табиғи құбылыстармен қатар, орманға шығуға шектеу қойылғанына қарамастан қаланың қапырығынан қашып, табиғат аясын саялаған демалушылар да себеп болуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды
Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.
Қазақстан • 21 Шілде, 2020
Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді
Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті инвесторлық виза алуға өтініш беру мерзімін elicense.kz портал арқылы электрондық түрде құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартты. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 21 Шілде, 2020
Келесі оқу жылынан бастап "Әліппе" мен "Ана тілін" оқытылады
2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі асхат Аймағамбетов жазды,- деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Параолимпиадалық спортшы халықаралық сыйақыға үміткер
Қазақстандық параолимпиадалық спортшы Әлия Раева айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгені және қоғамның дамуына зор үлес қосқаны үшін Герман Гмайнердің халықаралық сыйақысына тағайындалып, соңғы дауыс беру кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Қостанайға мәскеулік мамандар көмекке келді
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жеке келісімімен Қостанайға Ресей астанасынан 15 дәрігер келді. Олардың ішінде пульмонолог, хирург, анестезиолог-реанимотолог, инфекционист, эпидемиолог, рентгенолог, дәрігер-зертханашылар бар, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Биылғы жарты жылда 47 мың баспана пайдалануға берілді
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл алғашқы 6 айда елімізде 47 мың баспана пайдалануға берілді. Оның 3700-і мемлекеттік инвестициялар есебінен салынған. Бұл турады ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.