П
Пікір • 03 Сәуір, 2025
Қазақстанға Трамптың сауда соғысы қауіпті емес - қаржыгер
Қазақстандық қаржыгер Расул Рысмамбетов елімізге АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты айтарлықтай әсер етпейтінін айтты. Оның пікірінше, сауда соғыстарының эпицентрінде болмағандықтан бұл өзгерістер ел экономикасына тікелей соққы бермейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2025
Перизат Қайраттың ісін тергеу аяқталды — ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2025
АҚШ Ресей мен Беларуське неліктен баж салығын енгізбеді
АҚШ Ресей мен Беларусьтен импортталатын тауарларға жаңа баж салығын енгізген жоқ, өйткені бұл елдерден АҚШ-қа өнім жеткізілмейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 03 Сәуір, 2025
Алматыда спорт нысанына Анатолий Храпатыйдың есімі берілді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында жаңа ауыр атлетика залын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2025
Қазақстан АҚШ-қа баж салығын төлейді
АҚШ президенті Дональд Трамп елге шетелден әкелінетін барлық тауарларға кедендік баж салығын енгізетінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында Еңбек мобильдігі орталығы және басқа да серіктестермен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 02 Сәуір, 2025
Қазақ мектебі халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті
Еліміз бойынша Алматыдағы ZAMAN мектебі халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасының бастауыш білім беру деңгейіндегі Primary Years Programme (PYP) аккредиттеуінен сәтті өтті. Сәйкесінше, қазақ балалары үшін әлемнің үздік университеттерінде білім алуға жол ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2025
Жеңіс мерекесіне орай қандай спорттық сайыстар өтеді?
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Адамзатқа орасан нәубет төндірген сұрапыл соғыстың жеңісі жыл сайын тойланады. Биылғы мерейтойға орай қандай спорттық сайыстар өтеді? Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин 200-ден астам дода өтетінін жеткізді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Сәуір, 2025
Мектеп бағдарламасына агроөнеркәсіптік білімді енгізу қажет – депутат
Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы – Қазақстанның стратегиялық басымдығы екенін Мемлекет басшысы бірнеше рет атап айтқаны мәлім. Алайда, білікті кадрларсыз агро өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) өсімін қамтамасыз ету мүмкін емес. Депутаттық сауалында Қарақат Әбден аталған саладағы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар мопед жүргізе ала ма?
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлік жүргізу құқығынан айырылған қазақстандықтар мопед немесе тағы басқа көлік техникаларын тізгіндей алмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Қостанайда фельдшерді ұрып-соққан әйелдерге сот үкімі шықты
Қылмыс жасаған айыпталушыларға бір жылға шектеу шарасы тағайындалып, шығынды өтеуге міндеттелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Арқалықтағы әуежай қайта жаңғыртылады
Қостанай облысында Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожолын салу, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Қауіпсіздік сақталмаса оқыс қазалар азаймайды - депутат
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары А.Рақымжанов, А.Сағандықова, Н.Сайлаубай және өзінің атынан Н.Әуесбаев депутаттық сауалын Премьер-Министрге жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да 16 адам қос азаматтық алған
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтардың екі елдің төлқұжатын иелену фактілерін анықтады. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Шетелдік ұйымдарға қатаң шара қолдану керек - депутат
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолдап, елдегі ұлттық құндылықтарға қарсы әрекет ететін ұйымдардың жұмысына тыйым салуды талап етті. Депутат ЛГБТ насихатының кеңінен таралып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бағытталуы Қазақстанның дәстүрлі моральдық құндылықтарына қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Сәуір, 2025
Нью-Йоркте суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтті
Нью-Йорк қаласында әлемге әйгілі қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерінің «Полигон жаңғырығы» атты көрмесі таныстырылды.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Депутат мемлекеттік тудың маркетплейстерде сатылуына қарсылық білдірді
Жақында атыраулық төрт қыздың тұмшаланып, арабша жазуы бар мемлекеттік ту ұстап түскен суреті желіде резонанс тудырған еді. Бүгін депутат Ермұрат Бапи Мәжілістің жалпы отырысында осы оқиғаны жан-жақты зерттеуді талап етіп, бас прокурор Б.Асыловтың атына сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Ішкі саясатқа сыртқы күштерді араластырмау керек - депутат
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдің ішкі саясатына сыртқы күштердің араласуына қарсы шығып, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Мегаполисте жастарға арналған мансап күндері басталды
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Осынау бастама – жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытып, әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесуді көздейді.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Депутат заңсыз бұрылған өзенге қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке Шу өзенінің заңсыз бұрылуына қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, өзен арнасы бір кәсіпкердің фазендасы үшін жасанды түрде бұрылып, салдарынан төменгі ағыстағы ауылдарға су жетпей жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2025
Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Мемлекет басшысына министрліктің былтырғы атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 02 Сәуір, 2025
Екі тараптың басшыларынан көңілім қалды - Трамп
АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың ұзаққа созылуына байланысты екі тараптың да көшбасшыларынан көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 02 Сәуір, 2025
Инновациялық технологиялар паркі мен Астана Хаб біріктіріледі
Бүгін Мәжіліс инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Пхукеттегі жол апатынан Қазақстан азаматы қаза тапты
1 сәуір күні Таиландтың Пхукет аралында жантүршігерлік жол апаты болып, Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Қызылордада жүк пойызы мен автобус соқтығысты
Қызылорда қаласында жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Сәуір, 2025
Берік Асылов: Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда – шынайылық өзгереді
Бас прокурор Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі бірқатар ауылдардың спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартып жатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Сәуір, 2025
Қозыбаев университеті жаңа оқу жылында 200 студент қабылдайды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Қозыбаев университеті 2024-2025 оқу жылында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам студентті қабылдайды. Бағдарлама еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарға білім алып, кейін солтүстік аймақтарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 02 Сәуір, 2025
World Boxing: 4 боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогінің екінші жарыс күнінде 4 отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуі келесі кезеңге өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Айдын Құлсейітов лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 01 Сәуір, 2025
Абай облысында екі жаңа мектеп ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай облысының Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп, ал Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1 200 орындық мектеп пайдаға берілді.