Ұлттық банк
Экономика • 19 Тамыз, 2020
Ұлттық банк алтын сатып алу жоспарлары туралы айтты
Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шамамен 60 тонна тазартылған алтын құймасын сатып ала алады. 2020 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтынвалюта резервіндегі алтын портфолиосы шамамен 382 тоннаны немесе $ 25 млрд құрады. Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің алдын-ала мәліметтері бойынша, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 16-шы орында. Бұл жаңалық емес, әлемдік қаржы жүйесі кез келген уақытта қаржы секторы мен экономикасының қуатын арттыру үшін осындай қадамға барады. Сондықтан әлемдік қаржы реттеуіштерінің ізімен Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтуды жалғастырып жатыр, - деп жазады Egemen.kz. Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламалар • 11 Тамыз, 2020
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 20 Шілде, 2020
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 9% дейін төмендетті
Сонымен бір мезгілде пайыздық дәлізді +/- 1,5 п.т. дейін төмендеді. Базалық мөлшерлеме туралы келесі шешім 2020 жылдың 7 қыркүйегінде жарияланады. "Ұлттық банк өтімділікті қамтамасыз ету үшін тұрақты қол жетімділік операциялары бойынша ставка 10,5%, ал өтімділікті алуға арналған қол жетімді операциялар бойынша ставка 7,5% құрайды деп атап өтті", - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банк таратқан деректерге сілтеме жасап.
Экономика • 14 Шілде, 2020
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемі артады
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында қаржы нарығын дамытудың қадамдарын атады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 14 Шілде, 2020
Ерболат Досаев: Ұлттық банк биылғы инфляция деңгейін 8-8,5% шегінде ұстап тұруды көздеп отыр
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясаты жүргізілетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 29 Маусым, 2020
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 26 Маусым, 2020
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 18 Маусым, 2020
Ұлттық банк капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы туралы сұрақтарға жауап берді
2019 жылы Қазақстаннан капиталдың жылыстауы 1,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері депутаттың сұрауына берген жауабында хабарлады,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Маусым, 2020
Ұлттық банк теңге неге нығайғанын түсіндірді
Бүгін Ұлттық банкте өткен онлайн жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова наурыздағы дағдарыс, сәуірдегі дүрбелең және мамыр айындағы бетбұрыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 08 Маусым, 2020
Базалық мөлшерлемені өзгертуге себеп бар ма?
Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Ішкі нарыққа соңғы айларда 9,5% пайыздық дәліз дегенін жүргізіп тұрды. Сарапшылар 9 наурыздан бастап пайыздық шешім төрт рет жарияланғанын айтады. Оның екеуі – (10 наурызда және 3 сәуір жоспардан тыс болды. Ал екі рет - кесте бойынша (16 наурыз және 27 сәуір) жарияланды.