Қар
Табиғат • 29 Қыркүйек, 2025
Қостанайға қар түсіп, электр желілері істен шықты
Қостанай қаласы мен Қостанай, Меңдіқара, Федоров аудандарында таңертеңнен бері қар жауып тұр. Толассыз жауған қардың салдарынан жапырағы сарғайып үлгермеген ағаш бұтақтары сынып, электр желілерінде апаттық жағдайлар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Қыркүйек, 2025
Саран қаласында көпқабатты үйде алапат өрт болды
Қарағанды облысының Саран қаласында көпқабатты үйден шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2025
Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жайлы тың ақпарат шықты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты заңсыз шығару фактілері бойынша жинақ иелеріне жауапкершілік жүктелмейді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті
Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Қыркүйек, 2025
«Кең дала 2» бағдарламасы қазанда басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында шаруаларды алдан ала қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 2» бағдарламасы 1 қазанда басталады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында қайтарылған қаражатқа 7 медициналық нысан салынады
Ұлытау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өңірде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды
Бір топ ел спортшыларына 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі дайындалуы үшін Халықаралық Олимпиада комитеті жекелей стипендия тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпадалық комитетке сілтеме жасап.
Еңбек • 25 Қыркүйек, 2025
Асқарбек Ертаев: Еңбек адамдары елеусіз қалмайды
Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні мерекеленеді. Қайнаған тіршіліктің ортасында бел шешпей шаруаны еңсеретін азаматтар әрқашан да құрметке, марапатқа лайық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевпен шағын сұхбаттасып, кәсіби мерекенің маңызы жайлы сұрадық.
Алматы • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда Бағалы қағаздар орталығы депозитарийлерінің дүниежүзілік форумы басталды
Форумды ашқан Орталық депозитарийдің (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу геосаяси болжамсыздық пен өңірлік бөлшектенудің өсуіне жауап ретінде қазақстандық ұйым дербес инфрақұрылым құруға ұмтылып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда 82 жетім бала мен жүздеген мұқтаж жанға пәтер берілді
Қарағанды облысында прокуратураның араласуымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған 298 азамат баспаналы болды. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2025
ТМД елдері қаржылық барлау орталығын құрады
Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығын құру туралы келісімді ратификациялады. Бұл құжатқа 2023 жылғы 13 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай қаржылай көмек алады
Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Президент БҰҰ мінберінен Қазақстанның әлеуеті мен ұстанымын анық байқатты - Ерлан Қарин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында маңызды сөз айтып, жаһандық күн тәртібіне қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Тelegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионы атанғандарды қабылдап, жарқын жеңістермен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыларды қабылдап, оларға 30 миллион теңге қаржылай сертификат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2025
Көктемгі егіс жұмыстары үшін шаруалар ерте қаржыландырылады
Бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды қаржымен қамтуға 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазір бұл соманың 502 млрд теңгесі игерілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2025
Қарағанды-Қарқаралы автобусы жолға шықты
Облысішілік маршруттық желіні дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінен бастап №109 «Қарағанды-Қарқаралы» ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау қайта басталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды
Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қыркүйек, 2025
Олимпиада жеңімпаздарына 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді
Қазақстанда 2022 жылдан бері халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға қаржылай сыйақы беріліп келеді. Ережеге сәйкес, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК-ке дейін, күміс жүлдегерлер – 1000 АЕК-ке дейін, ал қола медаль иегерлері – 500 АЕК-ке дейін марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 21 Қыркүйек, 2025
Сақтандыру нарығы: Кедергілер еңсеріле бастады
Сарапшылар Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы жаңа көрсеткіштермен түйіндейтінін айтып отыр. Цифрлық сату арналарын енгізу және өнім желісін кеңейту арқасында сыйлықақылар көлемі 1 трлн теңгеден асады деген үміт бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында мобильді бекеттер қойылып жатыр
Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында мобильді бекеттер қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Заң • 21 Қыркүйек, 2025
Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2025
Бүгін халықаралық бейбітшілік күні
Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күн 1981 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тарапынан бекітіліп, бүкіл адамзатты соғыссыз, қақтығыссыз өмір сүруге, татулық пен өзара түсіністікке үндейді.
Экология • 20 Қыркүйек, 2025
Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық паркін тазалады
Дүниежүзілік тазалық күні аясында Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде экологиялық сенбілік өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2025
Абай облысында егін саласын қаржыландыру көлемі артты
Мемлекет басшысы Жолдауында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терін кезінде де байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Президент қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы күшейтті
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Каспий мен Бозжырада Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы түсіріліп жатыр
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System телекомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық жобасының түсірілімдері еліміздің ең көрікті өңірлерінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.