м
Спорт • 18 Сәуір, 2021
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
15-25 сәуір аралығында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Айтулы додада еліміздің 17 зілтеміршісі өнер көрсетеді. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметовтің айтуынша, біздің спортшылар жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік үштіктің қатарынан көріну үшін барын салады.
Руханият • 18 Сәуір, 2021
Адам мәңгі жасамайды. Мәңгі жасайтын – оның артында қалдырған өнегелі ісі мен өшпестей ізі болса керек. Осындай өлшемге сәйкес келетін халқымыздың адал ұлдарының бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көзі тірісінде аз сөйлеп, көп іс тындырып кеткен нар тұлға Мұстахим Ықсанов десек қателесе қоймаспыз. Оның арғы тегі қазақ жыраулық поэзиясының ізашары Шалкиіз Тіленшіұлынан тамыр тартса, берісі қазақ өлеңін жаңаша түр, өзгеше өрнекпен байыта білген Алаштың ойшыл ақыны Ғұмар Қарашпен түйіседі.
Спорт • 18 Сәуір, 2021
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстанның ұлттық құрамасы айтулы жарысты 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен қорытындылап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде біздің қыздар тек Үндістан мен Моңғолияның балуандарынан ғана қалып қойды.
Қоғам • 18 Сәуір, 2021
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
7 мамырға арналған мерекелік шаралар Қазақстанда да Жеңіс күніне арналған шеру болмайды. Ал Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Соңғы ақпараттарға сәйкес, Алматыда 2021 жылдың 17 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 677 жаңа жағдайы тіркелді, оның 577-і симптомдық белгілері бар және 120 симптомсыз сырқаттар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына қарсы карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімі шықты. Енді 19 сәуірден бастап жалпы білім беретін мекемелерде 1-8, 10-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысады.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2021
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 81 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Батыс Қазақстан облысындағы Дәдем ата – Жұмағазы хазірет қоғамдық қоры рамазан айында 50 отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 17 Сәуір, 2021
Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті
Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Сәуір, 2021
Қазақстан Президентін бірқатар мемлекет басшысы Рамазан айының басталуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2021
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның төртінші отырысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2021
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Электронды еңбек биржасына сараптама жүргізіліп тұрады. Әр мамандық әртүрлі уақытта сұранысқа ие болады. Мысалы, жыл басында құрылысшыларға, қызмет көрсету саласындағы мамандарға сұраныс көп болса, қазір маусымдық кезең болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласында жұмысшылар тапшылығы байқалады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, онлайн форматта жұмыс істейтін ІТ-мамандар аз. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2021
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) жоғары деңгейдегі «Баршаға арналған вакциналар» вакцинациясы проблемасына арналған кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2021
Жер комиссиясы жерді 49 жылға жалға беру мәселесін талқылап жатыр
Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мен 49 жылға дейін жалдау мерізімін сақтау талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2021
Заң күшейгенімен мал ұрлығы азаймай тұр Шығыста. Наурыз айының соңында Көкпекті ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен екі бас ірі қара ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Петропавлда «Тбилиси» мейрамханасы өртеніп, 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Бір реттік зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 5 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz қордың баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Алматыда әйелдер күресінен Азия чемпионатыөз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Алматы қаласында кісі қолынан қатігездікпен қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті туыстарына берілді. Бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
«EGMO-2021» қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Ділнәз Уәлиева өз білімін дәлелдеп, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Alstom тобының Аға вице-президенті Филипп Деллёрмен және Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша басқарушысы Эндрю Делеонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Алматыда әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін тағы бес салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
14-15 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданында болған өрт «Күрті орман шаруашылығы» КММ Тауқұм орманшылығының, «Бақанас» КММ Көктал және Ақкөл орманшылығының, сондай-ақ Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарын қамтыды, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
15 сәуір күні сағат 15:50-де «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жүргізушісі Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында велосипедпен ойнап жүрген 15 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео жариялады, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Тұңғыш Президент – Елбасының Баку саммитінде көтерген ұсыныстары Түркістанда мақұлданғаны белгілі. Енді сол бастамалар Ыстанбұл саммитінде рәсімделеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz