ми
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum-да жылдың үздік басшылары мен үздік компанияларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 22 Қыркүйек, 2021
Жайық таязданып, аралдар пайда бола бастады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Дүниежүзілік банк дерегі бойынша былтыр жаһандық экономика көрсеткіштері 3,5 пайызға, ал Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметінше 3,2 пайызға құлдырап кеткен. Бұл жерде қай цифр шындыққа жақын деп бас ауыртудың қажеті шамалы. Қайткенде де бұрын-соңды кездеспеген құлдырауды бастан кешірдік. Қазақстан да соңғы жиырма жылда тұңғыш рет ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішін теріс мәнге түсіріп алды (-2,6 пайыз). Содан әлі оңала алар емеспіз.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2021
Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Биыл көмір өндірісі айтарлықтай азайды
2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 62,8 млн тонна көмір алды. 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда бұл көрсеткіш 0,5%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2021
АҚШ-та COVID-19 құрбандарының саны 1918 жылғы пандемиядан асып кетті
Бұл туралы US News басылымы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Халықаралық теңіз ұйымы Қазақстанды «ақ тізімге» енгізді
Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) тәуелсіз сарапшылар комиссиясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазақстанды «ақ тізімге» енгізуге арналған жаңаша өтінімін қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021
Шешінген шымкенттік шенеуніктер шекісіп қалды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шымкенттегі өкілдері бір-бірімен шатысып қалғанға ұқсайды. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр. Экологтардың төбелесі түсірілген бейнежазбаны журналист Михаил Козачков жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Екібастұзда бірнеше зауыт салынады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Екібастұзды дамыту мақсатында қандай зауыттар салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2021
Қазақстан астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Егін жинау жұмыстарының 95%-ға жуығы орындалды - Асқар Мамин
Қазақстанда дәнді және майлы дақылдарды 18 миллион тонна деңгейіне дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бақытжан Слямов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақстанның сұрауы бойынша Польшада ресейлік азамат ұсталды
WEX криптовалюталық биржасының бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев Польшада ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Үндістан туристер үшін шекарасын ашпақ
Үндістан алдағы 10 күннің ішінде саяхатшылар үшін шекарасын ашып, туризм саласына қан жүгіртпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 20 Қыркүйек, 2021
Astana Open: Дмитрий Попко негізгі турнирге жолдама алды
Қазақстандық Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2021
Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сондай-ақ көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, АӨК жобаларының іске асырылуын тексерді, деп жазады Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021
Алматылық жасөспірім 34 мектепті «миналаған»
Алматыда кәмелетке толмаған бала 34 мектепті «миналағаны» туралы жалған ақпарат таратқан. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2021
Несие алғанда нені ескеру керек?
Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 5 триллион теңгеден асады. Кейінгі 1 жылда тұтынушылық кредиттің көлемі 18 процентке өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Бір тәулік ішінде екі мыңнан астам қылмыс ашылды
Қазақстанда бір апта ішінде 3190 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Ауғанстанда әйелдер митингке шықты
«Талибан» Ауғанстандағы Әйелдер істері министрлігін жапқаннан кейін жиырмаға жуық белсенді әйел наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2021
Қарулы Күштер елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді
2021 жылғы қыркүйектің басынан бастап өтіп жатқан кенеттен тексеру шеңберінде әскерлер Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 17 Қыркүйек, 2021
Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа қағидасы әзірленеді
«Ашық НҚА» сайтында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірыңғай жинақтық зейнетақы қорынан біржолғы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаларын өзгертуді көздейтін жаңа бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді
Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 17 Қыркүйек, 2021
Денсаулық сақтау министрлігінде бұзушылықтар анықталды - АNTIKOR
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлім еткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау кезінде 600 млн теңгенің қолданылмай жатқан планшеттері мен дәрі-дәрмектің бағасын жасанды көтеру денсаулық сақтау министрлігінің екі комитетінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қыркүйек, 2021
Асқар Мамин Алматы облысындағы экономиканың дамуын тексерді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдің АӨК, көлік-логистика, фармацевтика, туризм және басқа да экономика салаларының дамуын тексерді, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2021
Иран ШЫҰ елдеріне қосылуға шешім қабылдады
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің көшбасшылары бірлестікке Иранды қосуды ұйғарды. Олар Тәжікстандағы саммит кезінде процедураның басталуы туралы құжаттарға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті «Антарес» қаржы пирамидасының қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 17 Қыркүйек, 2021
Бокстан әйелдер құрамасының айналасындағы дау бойынша арнайы комиссия құрылды
Боксшы Ангелина Лукастың 8 қыркүйектегі үндеуінде айтылған әйелдер арасындағы ұлттық құраманың жағдайына қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Қыркүйек, 2021
Есеп комитетінің экс-мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды
Есеп комитетінің экс-мүшесі Талғат Жақан ҚР Президенті іс басқармасында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2021
Қырғызстанда экс-премьер Джоомарт Оторбаев қамауға алынды
Қырғызстанда елдің бұрынғы премьер-министрі Джоомарт Оторбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.