ек
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
12 облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
11 желтоқсан сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Желтоқсан, 2023
Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтады
Мәскеудің солтүстік-батысындағы сауда үйлерінің бірінде Өзбекстан азаматтары төбелесіп, бір-біріне пышақ жұмсаған, деп жазады Egemen.kz @videobormi телеграм арнасына сілтеме жасап.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2023
Астанадағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді
Үкімет Қаулысымен Астанадағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов – UFC Countdown аңдатпасына түскен тұңғыш қазақ спортшысы
Аралас жекпе-жекте жеңіліске ұшырамаған қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең таңдаулы промоутерлік ұйым UFC-дегі кезекті айқасын Тәуелсіздік күні өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 11 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап электр қуаты қымбаттайды
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының құны қымбаттайды. Энергетика министрлігі көмір мен газдың шекті тарифтерінің қымбаттауын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Балтабайұлы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
«Күтпеген сыйлық». Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты
10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокс кеші өтті. Осы алаңда меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына Zeekr 001 автокөлігін табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2023
Екібастұз жылу электр орталығында апат болды
10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 09 Желтоқсан, 2023
Асан қайғы: Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Асан қайғы, Бәйдібек Қарашаұлы, Қазтуған Сүйінішұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы ойларын ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
А.Шымбергенов, С.Тәшкенбай және тағы басқа боксшылар айқастарының тікелей көрсетілімі
Бокс кешінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов, Бекзат Нұрдәулетов, Дулат Бекбауов, Ерасыл Жақпеков, Асланбек Шымбергенов, Серік Теміржанов, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай жұдырықтасады. Желтоқсанның 15-і күні елорда төрінде алғаш рет өтетін «Чемпиондар түні IBА» – «Astana Arlans» турнирінде 8 қызықты жекпе-жектің әрқайсысы 6 раундтан тұратын болады, деп жазады Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақ қызы шахматтан абсолютті чемпион атанды
Шри-Ланканың Коломбо қаласында шахматтан өткен Батыс Азия чемпионатында Қазақстан шахматшысы Зейнеп Сұлтанбек қыздар арасында абсолютті чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Ақмола облысында 800 бала тегін тамақтан қағылған – прокуратура
Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектігі бар 800 баланың жеңілдіктер алу құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның екі төрешісі Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Қазақстан төрешілері Тимур Әмірбеков пен Алуа Бектұрова Париж Олимпидасына шақырту алды. Бұл туралы Zakon.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Су нысандарының жекеменшікте болуы алаңдатарлық мәселе – депутат
2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне парапар су. Яғни, таза ауыз су ретінде пайдаланылатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Бұл – әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалады деген сөз. Ал, ауыз сусыз адам үш күн ғана өмір сүретіні мәлім, сондықтан өте қауіпті. Демек, дабыл қағар уақыт жетті. Осылай деген бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023
Талғарда оқушыны жерге итеріп құлатқан мұғалім жазаланды
Талғардағы 81 оқушы білім алатын жеке меншік мектеп мұғалімі оқушыны итеріп, жерге құлатқан. Оқу-ағарту министрлігі оқиға қазан айында болғанын нақтылады. Бүгінде сабақ үстінде педагогикалық этикаға жатпайтын дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Халықаралық архивистер форумы өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылдануы мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «ASTANA ARCHIVE FEST» халықаралық архивистер форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Желтоқсан, 2023
Сенатор: Мектептегі аспаздардың көпшілігінде кәсіби білім жоқ
Еліміздегі 7 381 мектепте оқитын оқушылардың арасында 1,5 миллионнан аса бала күнделікті мектепте тамақтанады. Ал оларға ас әзірлейтін аспаздардың көпшілігінде кәсіби білім жоқ, арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген адамдар жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?
Еліміздің ең маңызды мерекесінде ел бойынша ауа райы қандай болады? Бұл туралы Egemen.kz «gismeteo.kz» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы • 07 Желтоқсан, 2023
Декларацияға қатысты ел ішінде сұрақ көп. Азаматтардың мүлкі мен табысы туралы деларация тапсыру тәсілі Еуропа елдері мен АҚШ-та әлдеқашан бірізге түскен. Декларация тапсырудағы басты мақсат – бармақ басты, көз қысты әрекеттерге тұсау салып, жемқорлықты жою, көлеңкелі экономикамен күресу.
Сенат • 07 Желтоқсан, 2023
Электр желілері тозып тұр – депутат
Сенат отырысында депутат Советбек Медебаев Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, елдегі электр желілерінің тозығы жеткенін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023
Тапсырманы атқармаса жұмыстан босатамыз – Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына (ЖБМК) қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Екі еларалық құжатқа қол қойылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архиваралық байланысты нығайту, түрлі зерттеу жұмыстары үшін өзбекстандық архивте мүмкіндік қарастыру, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша өзара келісім құжатына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 06 Желтоқсан, 2023
Астанада 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
Астанада 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. 6 қараша күні 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерді жаппай қосымша вакцинациялау басталды. Оларға желтоқсан айынан бастап, 2-4 жас аралығындағы балалар қосылды. Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинация туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
«13-жалақыны» кімдер алады: Жұмыс беруші жаңа жылға сыйақы беруге міндетті ме?
Еңбек шарты бойынша бір жыл ішінде қызметкерге басшылық 12 мәрте еңбекақы төлеуі тиіс. Жекелеген кейбір компанияларда әлі күнге дейін жылдың соңында «13-жалақы» терминімен сіңісті болған ынталандыру қаражаты да аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күнінде ел азаматтары қанша күн демалады?
Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне түсіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
2024 жылы Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады
Қазақстанда 2021 жылдан бастап азаматтар жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен өтіп жатыр. 1-кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырды. Облыс бойынша 1-кезеңде 36 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2023
Президент: Қазақстан Қытаймен ықпалдастықты жандандыруға ниетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.