м
Коронавирус • 27 Мамыр, 2021
Алексей Цой қалыпты өмірге қашан оралатынымызды айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қоғамдық орындарда маска тағу режимі қашан алып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2021
Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендердің өтініші қаралды
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 27 Мамыр, 2021
Аягөз қаласының бұрынғы әкімі сотталды
Аягөз қаласының бұрынғы әкімі 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 27 Мамыр, 2021
Алматыда бірнеше госпиталь жабылды
Алматыда COVID-19 жұқтырғандар жатқан үш аурухана қалыпты режимге ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 27 Мамыр, 2021
Елордада Батырхан Шүкеновтің муралы салынуда
Нұр-Сұлтанда танымал әнші әрі композитор Батырхан Шүкенов бейнеленген мурал салынады, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Биыл жоспарға сәйкес 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 27 Мамыр, 2021
Алматы облысында 23 медициналық нысан салынады
Алматы облысында медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90%-ға жетті. Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Амандық Баталов қашан зейнет демалысына шығатынын айтты
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов БАҚ өкілдерінің «Зейнет демалысына шығуға дайынсыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2021
Жайылымнан жылқы ұрлаған әйел ұсталды
Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2021
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Физика пәні бойынша өткен Азия Олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
ПТР анықтамасыз келген Қырғызстан азаматы депортацияланды
26 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Жамбыл облысында 3000-нан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін қалпына келтіру мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиялық ахуал әлі де күрделі
Бүгін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайын-брифингте қалалықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды. Алматыда әлі де арқаны кеңге салатын кезек емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
72 жеткіншек соңғы қоңыраудан соң полицияға жеткізілді
Аймақта құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Мамыр, 2021
Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік қаржыны тиімді жұмсау керек
Жаңа нормалар квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алудағы бірыңғай жүйесін қалыптастырады. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Шығыс Қазақстанда тағы орман өртенді
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда сағат 19.47-де Пихтовск орман шаруашылығының Кедровск орманшылығында терек мамығы өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Мамыр, 2021
Қазақстанда жұмыссыздар саны азайды
2021 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздар саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 1,7 мың адамға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
7 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант берілді
1 мамырдағы жағдай бойынша 232,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Жезқазғанда мыс қорыту зауытынан өрт шықты
Жезқазған қаласында мыс қорыту зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ сілтеме жасап.
Білім • 27 Мамыр, 2021
Ежіктеп оқитын мұғалімнің мектепке қалай қабылданғаны белгілі болды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мұғалім ежіктеп оқитынына қарамастан, оның қалай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Алматыда қара топырақты заңсыз алғандар жауапқа тартылды
Алматыда қара топырақты заңсыз алу фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2021
Алматы облысында көпқабатты үйдің төбесі опырылып түсті
Алматы облысында көпқабатты үйдің төбесі опырылып түсіп, бүтін бір отбасы бір ажалдан аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Мамыр, 2021
Майнинг саласына қауіп төніп тұр
Электр энергиясының 1 киловатт-сағатына жоспарланып отырғандай 1 теңге салықтың салынуы майнинг саласын құртуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Мамыр, 2021
Дүние дидарын домбыра үніне елітіп жүрген өнерпаздар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Ұлыбританияда ұйымдастырылған халықаралық Golden Time Talent фестивалінде топ жарды. Атап өтерлігі, бұл олардың әлемдік деңгейдегі алғашқы ірі жеңісі емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Алматы қалалық полиция департаментінде телестудия ашылды
Алматының полиция департаментінде телестудия ашылды. Бұл туралы департамент басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2021
Арман Кенжеғалиев жаңа қызметке тағайындалды
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2021
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Ақмола облысында екі бала суға батып кетті
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда болған. Қайғылы оқиға туралы Аршалы аудандық полиция бөлімшесіне сағат 17:23-те хабарлама түскен. №42 разезд станциясының жанында екі бала суға батып кеткені хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Жамбыл облысында Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес 27 мамырдан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 26 Мамыр, 2021
Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.